ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
02 августа 2019 | 13:49

Туристік фирмасыз шетелге шығатын қазақстандықтар не білуі керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Біреулер туристік фирмамен саяхаттауды сенімді әрі үнемді деп есептесе, басқа біреулері оның шығыны көп екенін айтып, шетелге туристік фирмалардың көмегінсіз-ақ шығуды жөн көреді. Расында бұл нұсқалардың қайсы тиімді? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты еліміздегі туристік агенттіктердің бірінің сату бөлімінің менеджері Аяулым Кенжебаеваға қойып көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Біреулер туристік фирмамен саяхаттауды сенімді әрі үнемді деп есептесе, басқа біреулері оның шығыны көп екенін айтып, шетелге туристік фирмалардың көмегінсіз-ақ шығуды жөн көреді. Расында бұл нұсқалардың қайсы тиімді? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақты еліміздегі туристік агенттіктердің бірінің сату бөлімінің менеджері Аяулым Кенжебаеваға қойып көрді.

Аяулым Кенжебаева қауіпсіздік әрдайым бірінші орында екенін айта отырып, қазақстандықтарға туристік агенттік мамандарының көмегімен шетелге шығуға кеңес береді. Осы ретте маман туристік фирмамен саяхаттаудың басты артықшылықтарына тоқталды.

"Кейбір қазақстандықтар туристік фирмалардың жолдамалардың үстінен көп ақша қосады деп ойлайды. Мүлде олай емес. Керісінше, туристік агенттіктердің көмегімен сіз біраз ақшаңызды үнемдей аласыз. Туризм саласында жұмыс істеп жүрген компаниялардың барлығы жолдамаларды өз бағасымен сатады. Сондай-ақ, олар қажет болған жағдайда дәл сол таңда қай елге бару тиімді екенін түсіндіріп, тиімді деген ұсыныстарды айтып, бюджетті жоспарлауға да көмектеседі. Себебі көп елдерде туристерге түрлі экскурсиялар таңдалатыны себебі, оның барлығын, яғни ол елдегі шығынның барлығын туристік агенттіктердің мамандары шешіп береді", - дейді Аяулым Кенжебаева.

Оның айтуынша, көбі шетелге шығу үшін тек сол елдің жолдамасы мен қонақүйдің нөмірін алу керек деп ойлайды. 

"Туристік агенттіктер жолдама  пакетінен бөлек, қонақүйді, трансферді, сол елдегі экскурсияны арзандатып, медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Барлығы турист таңдаған елге байланысты. Осы ретте мамандан тек арада қажетті құжаттарды дайындауға да көмектеседі. Мұның уақыт үнемдеуге септігі мол. Сонымен қатар, демалуға келген елде қандай да бір қиындықтар болып жатса, агентітк менеджерлеріне хабарласып, ол мәселені шешуге болады. Қазақстандықтарда көбіне қонақүйге келгенде онлайн тапсырыста бір қателер кетіп қалып жатады. Сол сәтте олар бірден бізге хабарласып, сұрақтарына жауап алады. Бұл туристік агенттіктердің әрбір туристің қауіпсіздігі үшін жауап беретінін білдіреді", - дейді турфирманың менеджері.

Ал бұл нұсқаның кемшіліктері жайлы маман кей жағдайларда туристік агенттіктердің саяхаттаушыларға белгілі бір бағдарлама бекітіп, оларды қарапайым сөзбен айтқанда сол бағдарлама бойынша демалуға мәжбүрлейтінін айтады.

"Өкінішке қарай, кейбір туристік агенттіктер шетелге шығатын туристерге экскурсия бағдарламасын бекітіп, оның шығынын есептеп те береді. Әрине, кейбіреулері бұл нұсқа ұнауы мүмкін, бірақ көбіне туристер қалаған жеріне барып, уақытын пайдалы және қызық етіп өткізгісі келеді. Бұл жағдайда туристік фирманың ұсынысы демалысқа кедергі келтіреді", - дейді Аяулым.


Суреттер pexels.com сайтынан

Туристік агенттіктердің тағы бір кемшілігі ретінде маман туристердің кей жағдайларда агенттік қызметкерлерінің көңілі толмауында екенін айтады.

"Туристердің туристік фирма қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтын жағдайлар да болады. Біреулерге мамандар таңдап берген қонақүй немесе экскурсия жоспары ұнамай қалуы мүмкін. Немесе кейде турист жолдама рәсімдеу алдында жағажайдың маңынан қонақүй сұрайды да, бірақ барғанда ол қонақүй ұнамай қалып, басқасына ауыстырып беруді талап етеді. Шарт жасасатын кезде барлық ереже көрсетіледі. Ол ережеде қандай да бір қонақүйді ауыстырып немесе жолдама күнін қысқартып, қалған күндерінің ақшасын қайтарып алуға болмайтыны нақты көрсетіледі", - дейді Кенжебаева.

Ал өзінің қалауымен, екі немесе 10 күн болсын саяхаттап, өзінің бағдарламсы бойынша саяхаттағысы келетіндерге маман туристік агенттіктердің көмегінсіз -ақ демалуға болатынын айтады. 

"Әдетте туристік фирмалар бір топ адамның құжатын рәсімдеп, барлығын бірге шетелге жібереді. Кейбіреулерге бұл ыңғайсыз болуы мүмкін немесе ұнамауы мүмкін. Сондай-ақ, турфирмасыз саяхттаудың тағы бір ерекшелігі деп қонақүйді емес, хостельді таңдауға болатынын айтар едім. Бұл шығынды әлдеқайда үнемдеуге мүмкіндік береді", - дейді менеджер. 

Бірақ маман шетелде келеңсіз жағдай болып қалса, медициналық сақтандыру болмаса, ол проблемадан өз бетінше шығуға тура келетінін ескертеді. 

"Қандай да бір жарақат алып қалса, құжаттарын немесе ақшасын ұрлап кетсе, турист өз бетінде жергілікті биліктегілермен, консульдық қызмет өкілдерімен байланысқа шығу керек болады. Сондықтан да туристік фирмасыз шетелге шығатын қазақстандықтарға бірінші кезекте сол елдің консулдық, елшілік өкілдерінің нөмірлерін жазып алуға және қажетті құжаттардың көшірмесін алып жүруге кеңес беремін", - дейді Кенжебаева.

Дегенмен маман туристік компанияның көмегінсіз демалыс ұйымдастырудың машақаты көп екенін айтады.

Оқи отырыңыз:

Демалыс маусымы: Шетелге шығу алдында нені ескеру қажет

Отандық жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізіп жатыр

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer