Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 июля 2019 09:15

Отандық жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазғы демалыс деген кезде көз алдымызға бірден шетелдегі әсем табиғат пен жайлы қонақүйлерді елестетеміз. Қысы-жазы шетелде бір демалып келетін отандық жұлдыздардың ендігі таңдауы қай елдерге түскенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 


Жазғы демалыс деген кезде көз алдымызға бірден шетелдегі әсем табиғат пен жайлы қонақүйлерді елестетеміз. Қысы-жазы шетелде бір демалып келетін отандық жұлдыздардың ендігі таңдауы қай елдерге түскенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Мадина Сәдуақасова отбасымен ұшу уақыты 24 сағатқа созылған Индонезияның Бали аралын таңдаған. 

"Үнді Мұхитының жағасында түскен фото", - деп жазба қалдырған екен әнші.

Жазғы демалысын шетелде өткізіп жүрген отандық әншілердің бірі Мейрамбек Бесбаев. Соңғы кездері отбасылық суреттері, оның ішінде балаларының суреттерін жиі бөлісіп жүрген Мейрамбек жазғы демалысының көрінісі ретінде балаларының суретін жиі салыпты. 

Сәкен Майғазиевтің де таңдауы түрік елінің Белек қаласына түскен екен. 

"Мейрамбек Бесбаевты көріп қалдым. Қолтаңба сұрасам: "Автограф сәннен қалған, кел суретке түсейік" дейді", - деп әзілдеп жазба қалдырған екен әнші. 

"МузАРТ"-тың тағы бір мүшесі Кенжебек Жанәбілов әріптестерінен бөлек Турцияның Кемер қаласында отбасымен демалып жүр. Кенжебек те өзінен гөрі балаларының суреттерін жиі салып тұрады. 

Түрік елінде демалушылардың қатарын актер Саят Исембаев жалғастырды. Саяттың жазбаларына қарап, жазғы демалысын отбасымен өткізіп жүргенін көруге болады. 

Отандық танымал адамдардың ішінде демалыс орнын таңдауда ең ерекше көзге түскені - fashion-дизайнер Сәкен Жақсыбаев. Дизайнер жазғы демалыс орны ретінде Грекияны таңдаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Greek Holidays....

Публикация от ZHSAKEN (@zhsaken)

Жазғы демалыс орны ретінде журналист әрі актриса Гүлмира Дайрабаева әлемдегі ең ыстық қалалардың бірі Дубайды таңдаған.  

Жазғы демалысын өзгеше өткізіп жатқан тағы бір отандық жұлдыз - актриса Аружан Жазылбекова. Ол Канаданың Онтарио қаласында жүр. Сондай-ақ, жақында ғана Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзеніне де саяхат жасап, ерекше суреттерін бөліскен.

Еске салайық, бұған дейін Болмановтар отбасының Мысыр елінде жүргенін жазған болатынбыз. Қарақат пен Қыдырәлі әлемнің жеті кереметінің бірі Пирамида көрінісімен оқырмандарымен бөліскен екен. 

"Ассалаумағалейкүм! Бұл азамат - Қазақ! "Жәй ғана" күн ыстық...", - деп отбасымен түскен суретті әзіл жазбамен қалдырған екен.

Туған-туыстарымен Бурабайда демалып жүрген продюсер Гүлзира Айдарбекова қазақтың ұлттық киімін киіп, оқырмандарын тәнті етті. 

Отандық туризмды қолдаушылардың қатарына Алтынай Жорабаева да қосылды. Әнші Бурабайдың әсем табиғатымен және өзінің ерекше суреттерін бөліскен екен. 

Әнші Серік Ибрагимов та жергілікті демалыс орындарын көрсету мақсатында Үлкен Алматы Көлінде демалып қайтқан суреттерін бөліскен. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети