ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 марта 2020 | 10:32

"Түркістандағы Тайқазан құйылған". Қарнақ пен Кепебұлақ аулының атауы қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© dalanews.kz © dalanews.kz

Алматы облысындағы Кепебұлақ аулы мен Түркістан облысында орналасқан Қарнақ аулының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Кепебұлақ аулы мен Түркістан облысында орналасқан Қарнақ аулының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

Кепебұлақ атауы қайдан шыққан?

Кепебұлақ -  Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық округі құрамындағы шағын ауыл. Елді мекенде барлығы 500-ден аса адам ғана тұрады. 

Елді мекендегі мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сайран Асрандиннің мәліметінше, ауылда тарихи деректерге негізделген жер-су аттары көптеп кездеседі. Мәселен, қалмақ-қазақ шапқыншылығы кезінде қазақтардың шабуылына төтеп бере алмаған қалмақтар тауға қарай қашып Кепебұлақ тауының қуысына орналасқан шағын қора секілді ойпаңға келіп тығылған екен. Сол ойпаң бүгінгіде "Қалмақ қора" деп аталады екен. Ауылда Кепебұлақ өзені, Кепебұлақ тауы бар.

Кепебұлақ тауында арналар көп. Сол арнаның бірі - Секіртпе деп аталады. Сол Секіртпенің басында Кепе деген бай адам мыңғырған малымен, қора-қора қойымен жыл сайын жайлайды екен. Ол кездері бүгінгідей малды әртүрлі аурулардан сақтайтын дәрілер жоқ. Кепе бай қожайын жазда қойларын бірнеше мәрте сол суға тоғытып алады екен. Бұл өзеннің қасиеттілігі сол мал қышыма, қотыр сияқты аурулардан аман қалады деседі. Сонымен қатар, ол кезде қазақтар қолөнерімен киіз, текемет сияқты төсеніш бұйымдарын түрлендіріп өздері жасаған. Осы бұлақтың суына тоғытылған кепе, тоқты, қойлардың жүндерін жумай-ақ пайдалана беретін болған екен. Өз малын бұлақ суына ғана шомылдыратын Кепебайдың бұлағы уақыт өте келе келе "Кепебұлақ" деп аталып кеткен екен. 

Түркістандағы Тайқазан Қарнақта құйылған

Қарнақ - Түркіс­тан қаласының сол­түс­тік-батысына қарай 25 шақырым жерде, Қаратау бөктерінде орналасқан ауыл. Елді мекенде 10 мыңнан аса адам тұрады. 

Қарнақ ежелден өндірісі дамы­ған қалашық, бұл жерде шойын қорыту, қорғасын балқыту, оқ-дәрі жасау кәсібі болған. "Егемен Қазақстан" газетінің мәліметінше, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалған Тайқазан Қарнақта құйылған. Ресей патшалығының Әз Тәуке хан заманында Түркістанға келген елші­лері қазақтардың оқ-дәріге қажет қорғасынды Қаратаудан алып келіп, Қарнақ қаласында дайындайтынын атап көрсетеді.

© otyrar.kz

Ауыл атауының шығуына байланысты түрлі дерек бар. Қарнақ атауына байланысты ХІ ғасырда әйгілі ғалым Махмұд Қашқари "Диуани лұғат-ат түрік" еңбегінде "Қарнақ - оғыздар қаласының бірі" деген дерек келтіріп, "қарыны үлкен (қарнақ ер) кісі" деген мағына беретінін айтқан.

Үнді еуропа тілдерінде кар - "тас", ауғанша кар - "тау", "жартас", даргин тілінде гар - "тас" деген мағынада қолданылады екен. Ал атаудың екінші бөлігіндегі нақ сөзі қосымша деген де пікір бар. Ғалым Телғожа Жанұзақтың "Жер-су аттарының түптөркіні" еңбегінде Қарнақ атауы орта ғасырда сыртқы жаулардан қорғану үшін қала сыртына қорған салып, айнала-төңірек қоршап тастау дәстүрінің басым болғаны туралы дерек келтірілген. Ғалымның айтуынша, демек, Қарнақ атауы - "айнала-төңірек қоршалған, мықты бекіністі қала" мағынасында қойылған болуы мүмкін.   

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Қосшы мен Бадам атаулары қайдан шыққан?

Қордай мен Масанчи деген кім?

Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer