ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
15 ноября 2021 | 17:00

"Вахтада не істеп жүрсің?" TikTok-та шетелдік ән орындаған жұмысшы жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

TikTok-та шетелдік әндерді орындаған қызметкер Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

TikTok-та шетелдік әндерді орындаған қызметкер Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

TikTok-та тараған видеода ер адам әнші Akon-ның Smack that атты өлеңін орындап жатқаны көрсетілген. Бес күн бұрын жарияланған видеоны 2,6 миллион адам көріп, 270 мыңға жуық лайк басып, 7 222 адам пікір жазған. 

"Керемет қой!", "Талант бар, таныс жоқ қой", "Қазақстанның продюсерлері, қайдасыңдар? Осындайда таппай қаласың ғой", "Таза Эйконсың ғой, бауырым, вахтада не істеп жүрсің?" - деп жазды Желі қолданушылары. 

@eldos454

♬ оригинальный звук - eldos454

Видеодағы өнерпаз - Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы Олжас Молдабеков, жасы 30-да. Бүгінде ол "ТеңізШевройл" компаниясында жұмыс істейді. 

"Әкем өнерге жақын. Әкемнен дарыған өнер деп ойлаймын. Бала күнімде 1996 жылы "Әнші балапан" республикалық байқауына қатысқанмын. Одан кейін мектептегі түрлі шараға қатысатынмын. Мен "Әнші балапан" байқауына қатысқан жылы журналист Анна Данченко, марқұм әнші Наби Аймұратов қатысқан. Мен ол кезде кішкентаймын. Байқауда лауреат атандым, бірінші орынға жақын. Музыкалық білімім жоқ", - дейді Олжас. 

@eldos454

♬ оригинальный звук - eldos454

Арасында Олжас мектептегі кішігірім хорда мүше болған. Облыстық, аудандық байқауларда жүлделі орындар алып жүрген. Ол неліктен өнер жолын таңдамағанын түсіндірді.  

"Өнер жолын жалғастырмауыма түрлі себеп болды. Үйде жалғыз ұлмын, менің алдымда екі әпкем бар. Музыкалық бағытта оқығым келді, бірақ энергетика саласына түсіп кеттім", - дейді ол.

@eldos454

♬ оригинальный звук - eldos454

Алайда Олжас жақын арада жеке әні шығып қалуы мүмкін екенін айтып қалды. 

"Егер өнер жолына түсу туралы нақты ұсыныс болса ойланамын. Бүгінде таныс музыканттармен сөйлесіп жатырмыз. Жақын арада жеке ән шығарсақ па деген ой туып жатыр. Ауылға барғаннан кейін соны қолға аламын. Ауылда ақша табу мақсатында тойға шықпаймын. Жалпы той-томалақта өнер көрсетпеймін, тек туыс, жақындардың арасында. Оқырмандарыма айтарым тек алғыс. Жақсы жаңалықтар болады, қолдау білдірсе", - дейді өнерпаз.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети