КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 мая 2020 | 16:54

171 879 адам жұқтырған. Карантинді ерте жеңілдеткен Германия қателесті ме?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Соңғы күндері Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен. Себебі ел билігі карантин талабын жеңілдеткен. Бүгінде Германияда 170 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Tengrinews.kz тілшісі Германиядағы эпидемиологиялық жағдай мен карантин режиміне шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері Германияда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен. Себебі ел билігі карантин талабын жеңілдеткен. Бүгінде Германияда 170 мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Tengrinews.kz тілшісі Германиядағы эпидемиологиялық жағдай мен карантин режиміне шолу жасады.

Коронавирусты жеңуге жақын

Германияда коронавирус 27 ақпанда Баварияда анықталған. Webasto фирмасының қызметкері Қытайдан келген әріптесімен байланысқаннан кейін одан коронавирус табылған. Бірнеше күннен соң Webasto фирмасының тағы 8 қызметкері вирус жұқтырған.

Ақпанның соңына қарай коронавирус Бавария аймағынан басқа жерге де тараған. Дәлірек айтқанда, Солтүстік Рейн-Вестфалия мен Баден-Вюртемберг тұрғындарынан COVID-19 анықталған. Сол кезде вирус табылғандардың басым бөлігі Италияға барып келгендерден анықталған екен.


© Reuters

11 мамырдағы дерекке сүйенсек, Германияда 171 879 адамнан коронавирус табылған. Оның 145 600-і вирустан толық айыққан. Ал 7 569 адам көз жұмған. Қазіргі уақытта елде 18 710 адам әлі коронавирустан емделіп жатыр.

Германияда коронавирустан тіркелген өлім саны аз. Неге?

Басқа елдермен салыстырғанда Германия вирустан жазылғандар пайызы жоғары, ал қайтыс болғандар пайызы төмен. Мамандардың айтуынша, бұл германиялық ауруханалардың жақсы жабдықталғанына байланысты. 1160 ауруханада ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдауға дайын палата бар екен. Science Media Center мәліметінше, Германия медицинасы әр 100 адамның 33-ін интенсив палатаға жатқызуға қауқарлы. Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Көп ұйымның болжамдары бойынша, Германия коронавирусты жеңген алғашқы елдердің бірі болуы ықтимал. 

"Пандемия бақылауда деп айта аламын"

Германияда 17 наурызда карантин енгізіліп, мектептер мен балабақшалар, кафелер және адам көп жиналатын басқа да орындар жабылған болатын. Спорт сайыстары, мерекелік шараларға тыйым салынған. Жалпы алғанда, Германиядағы тыйымдар мен шектеулер Қазақстанға ұқсас болды.

Сәуірдің аяғында Германия коронавирус тарауын баяулата алды. Осыған орай Германияда карантин талаптары жеңілдетіле бастады.

20 сәуірде аумағы 800 шаршы метрден аспайтын дүкендер ашылды. Кітап дүкендері, автосалондар да жұмысына кіріскен.


© Reuters 

Ал таяуда Германияда көп мекеме жұмысқа оралатыны хабарланды. Дәлірек айтқанда, мамырдың ортасында барлар мен мейрамханалар ашылады. Негізі, карантин талаптары Германияның әр аймағында әр түрлі жеңілдетіледі. Мысалы, Тюрингияда қонақүйлер 15 мамырда ашылса, Берлинде 25 мамырда іске қосылады.

"Біз қандай шектеулерді алып тастап, қайсын қалдыру керегін ұзақ талқыладық. Ең аз дегенде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек, дүкендерде, қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарда маска тағу міндетті болып қалады. Бұл кезеңде біз мақсатымызға жеттік - вирустың таралуын бәсеңдетіп, медициналық жүйемізді ауыр жүктемеден қорғай алдық. Қазіргі уақытта пандемия бақылауда деп айта аламын", - деді Германия канцлері Ангела Меркель.

Мамырдың аяғына дейін германиялық оқушылардың жартысы мектепке орала алады. Әр сынып бірнеше топқа бөлініп, парталар бір-бірінен қашық қойылады. Ал маусымның басында тұрғындардың бір-біріне қонаққа баруына рұқсат берілмек.

10 науқас вирусты 11 адамға жұқтыруы мүмкін

Бірақ соңғы уақытта карантиннің жеңілдетілуі коронавирус жұқтыру дерегінің көбеюіне әкеп соққан.

Роберт Кох институтының мәліметіне сәйкес, R базалық репродукт көрсеткіші 0,83-тен бірден 1,1-ге өсіпті. Бұл вирус жұқтырған 10 науқастың 11 адамға ауру жұқтыратынын көрсетеді. Осыған дейін аурудың таралу жылдамдығы баяу болған.


© Reuters 

9 мамырда Германияда 736 адамнан коронавирус табылған. Ал кеше тағы 357 адам коронавирус жұқтырған.

Үкімет басшысы бір аймақта 100 мың адамға шаққанда 50 адамнан коронавирус табылса, қайтадан карантин енгізетінін ескерткен. Ал әзірше ел билігі карантинді қайта енгізу туралы мәлімдеме жасамады, керісінше, Германия қазір карантиннен шығу жолына кіріскен.

Оқи отырыңыз: 

"COVID-19 жұқтырған бір де бір адам қалмаған" - коронавирусты жеңген ел туралы не белгілі?

20 мың адам COVID-19 жұқтырған Швецияда неге карантин жарияланбаған?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer