Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 апреля 2020 13:18

"COVID-19 жұқтырған бір де бір адам қалмаған" - коронавирусты жеңген ел туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Жалпы коронавирус инфекциясын жеңген алғашқы ел туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Мавритания дүние жүзінде коронавирусты жеңгенін хабарлаған алғашқы ел атанды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы күндері COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ, тестілеулер де коронавирус жұқтырғандарды таппаған. Жалпы коронавирус инфекциясын жеңген алғашқы ел туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Мавритания туралы не белгілі?

Елдің толық атауы Мавритания Ислам Республикасы, батыс Африкадағы мемлекет. 3 миллионнан аса халқы бар елдің негізгі тұрғындары маврлар. Одан бөлек, волоф, тукепер, зенага сонинк және тағы басқа халықтар тұрады. Астанасы - Нуакшот қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Қазіргі басшылары - Мухаммед ульд аш-Шейх аль-Газуани (2019 жылдың 1 тамызынан).

Мавритания - аграрлы ел. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы.

Елде балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады. Шеттен мұнай, машина, құрал-жабдықтар әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Италия, Испания, Бельгия, араб елдері.

Солтүстік-батысында Шығыс Сахарамен, оңтүстік- батысында Сенегалмен, солтүстік-шығысында Алжирмен, оңтүстік-шығысында Малимен шекараласып жатыр.

Елде коронавирус қалай тарады?

Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.  

РИА Новости мәліметінше, елде тіркелген алғашқы адам 9 наурызда Еуропадан келген. Артынша ол Мавританияға келгеннен кейін науқастың досынан да коронавирус анықталған. Елдегі коронавирустың өсу деңгейі өте баяу дамыған. Мәселен, алғашқы дерек 13 наурызда анықталса, 18 наурызда тағы бір адам, 26 наурызда тағы бір адам, 28 наурызда тағы екі адамнан COVID-19 расталған.

Артынша 29 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны үшке қысқарып, сәуірде вирус жұқтырғандардың саны төртке жетті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Мавританияда 19 сәуірден бастап COVID-19 жұқтырған бір де бір адам қалмаған.

Мавританияда коронавирустан қайтыс болған алғашқы науқас - 48 жастағы әйел адам. Ол 16 наурызда Франциядан келген. Ол келген рейстегі басқа жолаушылармен бірге жергілікті қонақ үйлердің біріне карантинге жатқызылған. Ол жерден 30 наурызда шығарылуы керек болған. Алайда сол түні әйел адам өзін нашар сезініп, ауруханаға бара жатқан кезінде, жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болған. Сараптама нәтижесі марқұмда коронавирус болғанын анықтаған.

Бұл - елдегі коронавирустан болған алғашқы және соңғы адам өлімі. Жалпы Мавританияда жеті адам COVID-19 жұқтырып, алты адам жазылып шыққан. Ал бүгін Мавритания Франциядан келген студент қыз, коронавирус жұқтырған қарт адам мен оның әйелі, Сенегалдан келген адам жазылып шыққаннан кейін ел коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді.

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 3 миллионға жетіп қалды. Коронавирустан 881 мыңнан аса адам жазылып шығып, 207 021 адам көз жұмды. 

Коронавирус жұқтырған адам саны бойынша бірінші орында АҚШ: 987 322 адам. Екінші орында Испания (226 629 адам) және үшінші орында Италия (197 675 адам). Ал Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 2780-ге жетті. Елде барлығы 682 адам жазылып шықса, 25 адам қайтыс болды.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети