Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 августа 2020 13:21

"Әскер келді, ОМОН ұрды". Беларусьте қандай фейк тарады?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: BELSAT TV Көрнекі сурет: BELSAT TV

Беларусьте президент сайлауы өткеннен кейін оның нәтижесімен келіспеген наразы жұрт әлі күнге дейін шеруді жалғастырып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары митинг кезінде түрлі фейк тарағанын жазды. Tengrinews.kz тілшісі Беларусьте жазылған жалған мәліметтерді іздеп көрді.


Беларусьте президент сайлауы өткеннен кейін оның нәтижесімен келіспеген наразы жұрт әлі күнге дейін шеруді жалғастырып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары митинг кезінде түрлі фейк тарағанын жазды. Tengrinews.kz тілшісі Беларусьте жазылған жалған мәліметтерді іздеп көрді.

ОМОН қызды ұрып-соқты

22 тамызда Беларусь президенті Александр Лукашенко "Гродно қаласында наразылық шараларына шыққандар жараланды деп жарияланған фотоларының 60 пайызы - қасақана жасалған кадрлар" екенін мәлімдеді.

"Жақында гроднолық қызды ОМОН ұрып-соқты дегендей етіп көрсетті және ел 5 күн бойы омондықтар қандай оңбаған деп жылады. Ал шын мәнінде не болды? Сол қыздың әкесіне рахмет. Ол шынын айтты: "Алла жар болсын, мені ешқандай ОМОН ұрған жоқ, біз жол апатына түстік... Бұл фейктер барлық эфирде көрсетілді, интернетте жаппай тарады" деді. 60 пайызы (наразылық шараларына шыққан адамдардың) көгергенін көрсетті. 60 пайызы - әдейі жасалған кадрлар. Уақыт өткен соң бұл туралы айтамыз, көрсетеміз. Қазір айтатын уақыт емес", - деді Лукашенко.

70-тен аса ақпарат құралының сайты бұғатталды

Сондай-ақ жалған ақпарат таратып жатыр деген айыппен Беларусь Ақпарат министрлігі БАҚ-тың 70-тен аса веб-сайтын бұғаттады. Бұл туралы "Белсат ТВ" арнасы хабарлады.

Шетелден әскери техника кірді

БЕЛТА агенттігінің мәліметінше, Беларусь президенті Александр Лукашенко елде шетелдің әскері бар деген ақпаратты жоққа шығарды.  Бұл туралы ол Қауіпсіздік кеңесінің аймақ басшыларымен видео арқылы өткізген отырысында айтты.

"Тағы бір проблема - фейктер. Интернеттегі өтірік - Беларусьтегі шетелдік әскер, Ресей Федерациясының техникасы Беларусьте. Сіз бұл фейктер қалай тарайтынын көрген шығарсыздар. Әскери техника колоннасын алады - қашан, кімдікі, қандай жолда екені белгісіз, бірақ Ресей шекарасынан Оршуға келе жатыр деп айтады", - деді мемлекет басшысы. 

Сербиядан жалдамалы әскер келді

"Беларусьте митинг өтіп жатқанда наразылық шараларға шыққандарды басу үшін Сербиядан жалдамалы әскер келді" деген ақпарат тарады. Алайда Беларусь Қорғаныс министрлігі мұны фейк деді.

Халықаралық армия ойындары-2020 аясында Беларусь территориясында үш конкурс: "Темірқазық", "Снайпер шекарасы" және "Сенімді әдіс" өтетінін хабарлаған.

Ведомстводағылар Брест қаласында өтетін "Снайпер шекарасы" конкурсына Сербия Қарулы күштерінің құрамасы қатысатынын мәлімдеді. Олар Беларуське фейк ақпарат тарағанғаннан бірнеше күн бұрын - 10 тамызда келген. Сонымен қатар, жарыс өтетін жерге Армения құрамасы келген. 


Фото: © Белновости, скриншот

Лукашенконың Мәскеуде үйі бар

БАҚ бетінде "Александр Лукашенконың Мәскеуде үйі бар" деген ақпарат шықты. Бірақ президент мұның жалған екенін және ресми резиденциясынан бөлек Беларусьте мүлкі жоғын айтты.

"Мәскеуде менің үйімді тауыпты-мыс. Мен қазір жария түрде айтамын: таптыңыздар - ала қойыңыздар", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети