Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 августа 2020 14:51

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьтегі тәртіпсіздік © Reuters Беларусьтегі тәртіпсіздік © Reuters

9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған. Оқиға қалай болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған. Оқиға қалай болды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Сайлау қалай өтті?

Бұл жолы бес адам өзін президенттікке үміткер ретінде ұсынған. Олар: елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко, Грамада Беларусь әлеуметтік-демократиялық партиясының басшысы Сергей Черечень, VI шақырымдағы өкілдер палатасының депутаты (2016-2019) Анна Канопацкая, "Говори правду" қоғамдық бірлестігі төрағаларының бірі Андрей Дмитриев және "Страна для жизни" Youtube-арнасының авторы, Орталық сайлау комиссиясы оны кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан Сергей Тихановскийдің жары Светлана Тихановская.

Сайлау шарттары бойынша: Конституцияның 81-бабына сәйкес, президент 5 жыл мерзімге тағайындалады. 81-бап бойынша, Беларусь президентінің жасы 35-тен кем болмауы керек және ел аймағында сайлаудан бұрын 10 жыл өмір сүрген болуы керек. Сотталған азамат ел президенті бола алмайды. 64-бапқа сәйкес, президент сайлауы кезінде 18 жастан асқан азаматтар ғана дауыс бере алады, ал бас бостандығынан айырылған және мәжбүрлі түрде ем алып жатқандардың дауыс беру құқығы жоқ.

Сайлау күні сағат 20:00-ге дейін үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне тыйым салынады. 9 тамызда тұрғындар дауыс беру үшін кезекке тұрған. Олардың кейбірі өз кезегін күтіп, 9 сағаттай тұрған екен. Wikipedia мәліметінше, сайлау күні Интернет дұрыс жұмыс істемеген. Беларусьтің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина сайлауға адамдардың 50 пайызы келгенін мәлімдеген.

Лукашенконың негізгі қарсыласы Светлана Тихановская болған. ВВС мәліметінше, сайлауда Александр Лукашенко 79,7 пайыз, Тихоновская 6,8 пайыз дауыс жинаған. Алайда оппозиция өкілдері басқа мәлімет келтірген, "Голос" интернет-платформасында мүлде басқа нәтиже шыққан: тұрғындардың 80 пайызы Тихановскаяға дауыс берген.

Дене шынықтыру университетінің ғимаратында дауыс берген Александр Лукашенко Тихановскаяны қарсылас санамайтынын айтты.

"Менің басты төрт қарсыласым бар. Мен ол адамды (Тихановская - автор.) қарсылас деп есептемеймін, оны сендер, байғұстар, басты қарсылас етіп алғансыңдар. Ол қайда келгенін, не үшін келгенін, жалпы не істеу керегін түсінбейді", - деді Лукашенко. 

Оның қарсыласы Минскінің шығысындағы мектептердің бірінде дауыс берген. Сайлау учаскесіне жиналғандар оны қошеметпен қарсы алған.

Сағат таңғы 08:00-де ашылған сайлау учаскелерінде, оның ішінде, Мәскеудегі және Лондондағы елшіліктерде ұзын-сонар кезек болған. Көптеген адам сайлау учаскелері жабылғанға дейін, сағат 20:00-ге дейін дауыс беріп үлгермеген. Сондықтан олар дауыс беруге мүмкіндік беруді талап еткен екен.

Тәртіпсіздіктер

Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитпол нәтижелерді жариялай бастаған кезде Беларусьтің түрлі қаласында жаппай тәртіпсіздік орнады. Оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады.

Ел бойынша интернет пен мобильді байланыс кесілді. Тіпті, мемлекеттік БАҚ-тың сайттары ашылмады. Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік желінің жұмысы тоқтаған. Қала көшелеріндегі шамдар да әр жерден сөндірілді.

© Reuters

Telegram-каналдардың хабарлауына қарағанда, Минскіде Жеңімпаздар және Машеров даңғылдарының қиылысында орналасқан "Минск - город-герой" стеласының алдына, сондай-ақ Жеңіс алаңына мыңдаған адам жиналған. 

NEXTA Live деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. "МБХ медиа" ОМОН жиналғандарды бос оқпен атып жатқанын атап өтті. РИА Новости наразы топтың ішінде жарақат алғаны бар, денесінде қан іздері бар деген ақпарат таратты. "Минск - город-герой" стеласының алдында қарулы күштер көзді жасаурататын газ пайдаланған. Зардап шеккендерге көмек көрсетілген.

Жалпы наразылық шарасына қанша адам қатысқаны белгісіз. Бүгін наразылық шарасы кезінде 80 адам ұсталғаны белгілі болды. Оның ішінде, учаскелердегі байқаушылар, белсенділер, президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның штаб мүшелері, "Дождь" телеарнасының журналистері бар.

Сонымен қатар, сайлау алдындағы жарыс кезінде "Весна" құқық қорғаушылары 1500-ден аса ерікті ұсталғанын, 600-ден аса адам әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынғанын, бірқатар қылмыстық іс қозғалғанын, елде 23 жаңа саяси тұтқын пайда болғанын мәлімдеген.

Сайлау нәтижесі

Бүгін Беларусьтің Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Орталық мәліметінше, Лукашенка 80,23 пайыз дауыс жинаған.

"Оған 4 миллион 652 мың адам дауыс берді", - дейді Ермошина.

Светлана Тихановскаяға 574 мың адам дауыс берген, бұл сайлаушылардың - 9,90 пайызы.

Анна Канопацкая 1,68 пайыз, Андрей Дмитриев 1,04 пайыз, Сергей Черечень 1,13 пайыз дауыс жинаған.

"Бәріне қарсы" бөлігін 6,02 пайыз адам таңдаған.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы, алдын ала нәтиже өзгеруі екіталай екенін айтады. Дауыс беруге 9,4 миллион халықтың 5 миллион 790 мыңы, яғни, 84,23 пайыз адам қатысқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети