ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 августа 2020 | 16:57

"Асығыс шешім". Ғалымдар COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина туралы не дейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина бес айда дайындалып, тіркеуден өтті. Алайда ғалымдар вакцинаның аз уақытта сынақтан өткеніне алаңдап отыр. Себебі қысқа мерзімде дайындалған вакцина қауіпті болуы мүмкін. Салдарынан тұрғындар вакцинациялаудан сескеніп қалуы мүмкін. Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина жөнінде ғалымдар не дейді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина бес айда дайындалып, тіркеуден өтті. Алайда ғалымдар вакцинаның аз уақытта сынақтан өткеніне алаңдап отыр. Себебі қысқа мерзімде дайындалған вакцина қауіпті болуы мүмкін. Салдарынан тұрғындар вакцинациялаудан сескеніп қалуы мүмкін. Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина жөнінде ғалымдар не дейді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

"Асығыс әрі қате шешім"

UCL ұлыбританиялық генетика институтының басшысы, профессор Франсуа Баллу ресейлік вакцинаны тіркеуден өткізу туралы шешім асығыс қабылданғанын, сондықтан ол тиімсіз және қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Салдарынан дүние жүзіндегі көптеген адамның коронавирусқа қарсы басқа да вакциналарға сенімі жоғалады.

"Бұл асығыс және қате шешім. Дұрыс тексерілмеген препаратпен жаппай вакцинациялау этикаға сай келмейді. Ресейлік компания тарапынан туындайтын кез келген мәселенің салдары қиын болады - денсаулыққа да кері әсер етіп, адамдар вакцинациядан қорқып қалуы мүмкін", - дейді ұлыбританиялық сарапшы.

Ал Lenta.ru мәліметінше, еуропалық журналистер қоғам тарапынан "Ресей қандай уәде береді? Зерттеу қай кезеңде тұр? Бұл туралы ғалымдар не дейді? Бұл жайлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ойы қандай?" деген сұрақтар туындағанын айтады.

Еуропалық мамандар ресейлік вакцинаның аз уақытта тіркеуден өтуіне сенімсіздікпен қараған. Сарапшылардың сөзінше, вакцинаны тез арада дайындау үшін кейбір кезең елеусіз қалған болуы мүмкін. Олар вакцинаны дайындаудағы жарысты 1957 жылы КСРО-ның алғашқы спутнигінің ұшырылуымен салыстырған.


© РИА Новости 

Ал бұған дейін Ресей Ғылым академиясы және Ресей Медицина ғылымдарының академигі Александр Гинцбург "Россия 1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында ресейлік мамандар қалайша аз уақытта вакцина әзірлегенін түсіндіргенін айтқан едік. Оның айтуынша, оған себеп - вакцинаға арналған платформа бұған дейін де дайын болған. Платформаны бірнеше маман 20 жыл бойы әзірлеген. Бұған дейін ол өз тиімділігін дәлелдеген екен.

"Вакцина бес айда дайын болды. Оған қажет платформа 20 жыл әзірленген. Негізі ол платформа тек вакцина үшін дайындалмаған, көбіне ген терапиясындағы мәселелер үшін, организм зақымдалған кезде гендерді енгізу үшін қолданылады", - деген еді ғалым.

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

"Вакцина қауіпсіз"

Қытайдың белгілі эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға оң баға беріп, Ресейді препаратты тіркеуден өткізуімен құттықтады.

"Чжун Наньшань Н.Ф.Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиологияны зерттеудің ұлттық орталығы әзірлеген препаратты мемлекеттік тіркеудің аяқталуымен елімізді құттықтады", - делінген Ресейдің Бейжіңдегі елшілігінің хабарламасында. 

Чжун Наньшань © Xinhua 

Қытайлық сарапшы "ресейлік аденовирус вакцинасы қауіпсіз екенін және ол клиникалық сынақтан сәтті өтетініне сенімді екенін" жеткізген. Сонымен қатар, ол ресейлік және қытайлық мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге байланысты ғылыми аспекттер бойынша серіктестік орнатқанын айтты. 

"Вакцина туралы ештеңе белгісіз"

Ресейлік вакцина бар болғаны 38 адамға салынған. Оның ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің қызы бар. Путиннің айтуынша, бастапқыда қызының дене қызуы көтеріліп, тез басылған. Екінші препаратты салған кезде де дәл осындай реакция болған. Одан бөлек, вакцина егер адамда қосалқы аурулар қалай әсер ететіні белгісіз екен. АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы комиссарының бұрынғы көмекшісі Питер Питтс Euronews-ке вакцина жайлы артық ақпарат жоғын айтқан. 

"Вакцина туралы мәлімет жоқ. Бұл кем дегенде Молотов коктейлі секілді. Ол COVID-19-ға қарсы әлемдік күресте қажет емес", - дейді ол.

© РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі / РИА Новости 

Маманның сөзінше, ресейлік вакцинаның дайын екенін жариялау басқа препараттардың жұмысына кедергі келтіреді: "егер шешімі табылса, қалған вакциналарды әзірлеуге асығудың қажеті жоқ" деген түсінік пайда болуы мүмкін.

Еске салайық, Ресей Федерациясында коронавирус жұқтырғандар саны 975 576-ға жеткен, 792 561 адам аурудан айықса, 16 мыңнан аса адам қайтыс болған. Ресей дүние жүзінде COVID-19 жұқтырған адам саны бойынша төртінші орында. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer