ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 августа 2020 | 13:05

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленіп жатыр. Оның ішінде, санаулы вакцина ғана клиникалық сынақтан өткен. 11 тамызда Ресей Федерацисының басшысы Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеді. Мамандар ресейлік вакцинаның аз уақытта жасалғанына таңданып, тіпті клиникалық сынаққа жүзден аз адам қатысқанын айтады. Tengrinews.kz тілшісі ресейлік вакцинаға қатысты ғалымдардың ойы мен вакцина туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленіп жатыр. Оның ішінде, санаулы вакцина ғана клиникалық сынақтан өткен. 11 тамызда Ресей Федерацисының басшысы Владимир Путин COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина тіркеуден өткенін мәлімдеді. Мамандар ресейлік вакцинаның аз уақытта жасалғанына таңданып, тіпті клиникалық сынаққа жүзден аз адам қатысқанын айтады. Tengrinews.kz тілшісі ресейлік вакцинаға қатысты ғалымдардың ойы мен вакцина туралы баяндайды.

Ресейлік вакцина туралы не белгілі?

Ресейде отандық вакцинаны сынақтан өткізуге 38 ерікті адам қатысқан. 1 тамызда қазаннан бастап ресейліктерге жаппай вакцина салынатыны белгілі болды. Ел билігі вакцина алдымен арнайы топтағы адамдарға, яғни, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне салынатынын айтты. Ресейлік "Гам-Ковид-Вак2" векторлы вакцинасы SARS-CoV-2 гені енгізілген аденовирус ДНҚ негізінде жасалған.

Вакцина адамға екі рет салынады. Бірінші компонентте (препаратта) коронавирустың құрылымын анықтайтын ақуызды реттейтін ген - нуклеин қышқылы бар. Екінші компонентте де бірінші препараттағы ген бар, бірақ ол аденовирус ДНҚ-нан алынған құрамға кіреді. Яғни, адамға бірінші препарат салынғанда S-ақуыздарға қарсы антидене қалыптасады. Антиденелер вирусты бейтараптандырады.

Екінші компонент салынғанда антиденелердің саны өседі. Сонымен қатар, бұл антиденелердің "есте сақтау қабілеті" қалыптасады. Яғни, жарты не бір жылдан кейін адам организмінде антиденелердің саны азая бастағандықтан адам вирусты қайтадан жұқтырған жағдайда 1-3 күнде қажет антидене қалыптасады.

© Reuters

Мамандар мен ғалымдардың вакцина туралы пікірі қандай?

Мамандардың ресейлік вакцинаға әлі де күмәнмен қарайтынын аңғаруға болады. Мысалы, Клиникалық зерттеулер жөніндегі қауымдастық өкілдері Ресей ДСМ басшысы Михаил Мурашкоға жолдаған хатында вакцинаны мемлекеттік тіркеуге асықпауды ұсынған.

"Бұл - жаңа вакцина, оны тестілеуден өткізуге кемі жүз адам да қатысқан жоқ", - делінген хатта.

Үндеу авторлары препаратты асығыс тіркеуден Ресей вакцина өндіру бойынша көшбасшы бола қоймайтынын, тек адамдар оны пайдаланғаннан кейін қауіп деңгейі жоғары болуы мүмкін екенін айтқан.

DW мәліметінше, вирусолог, "Вектор" қауіпті инфекцияларды зерттеу зертханасының бұрынғы басшысы Александр Чепурнов вакцинаны қолдану әлі ерте екенін айтады.

"Мен әзірге вакцина қалай зерттелгені, ол вирустың қандай дозасынан сақтайтыны туралы, бастысы вакцинада антиденеге тәуелділік тудыратыны не тудырмайтыны туралы нақты зерттеулер мен ғылыми мақала көргенім жоқ. Вакцинаны шығару туралы айту әлі ерте", - деп мәлімдеді ғалым.

Жаңа жұқпалы ауруларға мамандандырылған Гамбургтегі Бернард Нох институтының вирусолог дәрігері Йонас Шмидт-Каназиттің ойы ресейлік әріптесімен бір жерден шыққан. Дәрігер жаңа вакцина туралы ештеңе түсінбегенін жеткізген. Оның айтуынша, препаратқа зерттеушілер лайық баға бере алмаған, себебі "ол туралы деректер жарияланбаған".

Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?

Шмидт-Каназит егер бұл препарат тиімсіз болса, оны қолдану "кері әсер етуі мүмкін" екенін айтады.

Ресей Ғылым академиясы және Ресей Медицина ғылымдарының академигі Александр Гинцбург "Россия 1" телеарнасындағы "60 минут" бағдарламасында ресейлік мамандар қалайша аз уақытта вакцина әзірлегенін түсіндірген. Оның айтуынша, оған себеп - вакцинаға арналған платформа бұған дейін де дайын болған. Платформаны бірнеше маман 20 жыл бойы әзірлеген. Бұған дейін ол өзінің тиімділігін дәлелдеген екен.

"Вакцина бес айда дайын болды. Оған қажет платформа 20 жыл әзірленген. Негізі ол платформа тек вакцина үшін дайындалмаған, көбіне ген терапиясындағы мәселелер үшін, организм зақымдалған кезде гендерді енгізу үшін қолданылады", - деді ғалым.

Еске салайық, 146 миллионнан аса халқы бар Ресей Федерациясында COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша дүние жүзінде 4-орында тұр. Елде жалпы коронавирус жұқтырған 932 мыңнан аса адам анықталған. Оның ішінде, 742 628 адам аурудан айығып шықса, 15 872 адам қайтыс болған. 

"Антидене қалыптасты". Коронавирусқа қарсы вакциналар қандай нәтиже көрсетті?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 523.96   553.21   5.04 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети