ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 октября 2020 | 11:41

Бішкектегі митинг: шетел басылымдары Қырғызстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото akipress.org Фото akipress.org

Көршілес Қырғыз елінде 5 қазанда кезекті парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразы болған халық митингіге шықты. Тұрғындар "сайлау нәтижесі жойылсын" деген бір ғана талап қойды. Артынша митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталған болатын. Бішкектегі жағдай дүние жүзі елдерінің назарында. Шетел басылымдары Қырғызстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Көршілес Қырғыз елінде 5 қазанда кезекті парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразы болған халық митингіге шықты. Тұрғындар "сайлау нәтижесі жойылсын" деген бір ғана талап қойды. Артынша митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталған болатын. Бішкектегі жағдай дүние жүзі елдерінің назарында. Шетел басылымдары Қырғызстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатыр? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

The New York Times күнделікті АҚШ басылымы көршілес елдегі жағдай бойынша "Наразылық білдірушілер үкіметтік ғимараттарды басып алғаннан кейін Қырғызстанда хаос басталды" атты тақырыппен мақала дайындаған. 

"Сейсенбі оппозициялық топтар парламентті бақылауға алып, парламенттік сайлауға наразылық білдіріп, басшыларын түрмеден босатқаннан кейін Қырғызстанда саяси хаос басталды", - делінген басылым ақпаратында.

Айта кетейік, Бішкектегі митингіге шыққандар 5 қазан сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірген болатын. Артынша тұрғындар басып алған, парламент пен президент әкімшілігі отыратын Ақ үй өртене бастады. 

Ресейлік РИА Новости басылымы Бішкектегі митингіге байланысты бір айдар арнаған. Ол жерде Қырғызстандағы жағдай бойынша 68 материал жазылған. 

Порталдағы соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың 200-ге жуық жақтасы Бішкектегі "Форум" ғимаратының алдына жиналып жатыр. Жиналғандар Атамбаевтың халық алдына шыққанын күтіп тұрған көрінеді. 

Ұлыбританиялық ВВС Қырғыз елінде жаппай тәртіпсіздіктерден кейін сайлау нәтижелері жойылғанын жазған. Ақпаратты ВВС-дің Бішкектегі меншікті тілшісі Наргиза Рыскулова таратқан. 6 қазанда шыққан мақалада Қырғызстандағы жағдай толық баяндалған. 

Тағы бір ұлыбританиялық The Guardian газетінің сайты да Қырғызстандағы парламент сайлауының нәтижесі жойылғаны туралы ақпаратқа назар аударған. 

"Парламент ғимаратында тонау болып, қаланың ортасында көліктер өртке оранды. Полиция көзден жас ағызатын және гранатаны қолданды", - деп жазған газет.

Айта кетейік, кеше Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш сайлау қорытындылары жойылғаны белгілі болды. Бұл - митингіге шыққандардың басты талабы болатын. "Бірақ әзірге біз жаңа дауыс беру күнін белгілемейміз. Оған уақыт жоқ", - деген еді бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов.

Америкалық CNN басылымы да Қырғыз еліндегі жағдайға назар аударып, 6 қазанда болған маңызды оқиғаларға шолу жасаған. 

Euronews халықаралық көптілді телевизиялық жаңалықтар телеарнасы Бішкектегі митинг кезінде зардап шеккен адам саны туралы дерек келтірген. Телеарна елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Қырғызстан астанасындағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің саны 600-ге жеткенін, тағы 150 адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. 

Ал Deutsche Welle неміс толқынының соңғы мәліметтері бойынша, Алмазбек Атамбаев үйқамаққа ауыстырылған. Бішкекте митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатып алған болатын. Олар бірден экс-президентті қолдап, "Атамбаев" деп айғайлады.

Еске салайық, 23 маусымда Бішкектің Первомай аудандық сотында криминал авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске қатысты сот үкімі шығып, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 2 айға сотталған болатын. Бұл істі тергеу 2019 жылдың қаңтарында қайта басталған еді. 

"Ақ үйдің тас-талқаны шықты". Бішкектегі жаппай тәртіпсіздік қалай өрбіді?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer