ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 марта 2020 | 12:41

"Біз коронавирустан қорықпаймыз" деп флешмоб өткізген Италия неден қателесті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

COVID-19 коронавирусының әлемді жаулағанына осымен тура 3 ай болды. 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Қытайдан тараған індет Еуропа елінде тез тарап кетті. Оның ішінде қатты зардап шеккен 60 миллионнан аса тұрғыны бар Италия. Опера отаны Италияда коронавирус неліктен тез әрі қарқынды тарап кетті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 коронавирусының әлемді жаулағанына осымен тура 3 ай болды. 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Қытайдан тараған індет Еуропа елінде тез тарап кетті. Оның ішінде қатты зардап шеккен 60 миллионнан аса тұрғыны бар Италия. Опера отаны Италияда коронавирус неліктен тез әрі қарқынды тарап кетті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Италияда коронавирус індеті қашан басталды?

Италияда коронавирус дерегі алғаш ресми 15 ақпанда тіркелді. Бастапқыда 3 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Бір аптадан кейін 157 адам, ал бір айдан кейін 28 мыңға жуық адам коронавирус індетін жұқтырып үлгерді. Елде коронавирустан бірінші науқас 21 ақпанда қайтыс болып, артынша бұл көрсеткіш күн сайын өсе бастады. Мәселен, коронавирус тіркелгеннен кейін бір айдың ішінде Италияда 4 мыңнан аса адам көз жұмды. Ал 22 ақпанда коронавирус жұқтырған 1 науқас жазылып шыққан. Коронавирустан көбіне Италияның солтүстік аймағы зардап шеккен. 

Бастапқыда италиялықтар елде коронавирус дерегі тіркелген кезде аса мән бермеген деседі. Италияда 5 жылдан бері тұрып келе жатқан отандасымыз Нұрбақыт Шаймағанбетованың айтуынша, елге вирусты екі қытайлық турист алып келген көрінеді. Себебі, 2020 жылдың 31 қаңтарында Римге келген екі қытайлықтан коронавирус анықталған екен. Сонымен қатар, 6 ақпанда тағы екі Қытай азаматынан вирус анықталған. 

Тағы бір нұсқа бойынша, Қытайда болып қайтқан неміс азаматы италиялық әріптестеріне жұқтырған екен. Алайда бұл тек болжам.

© REUTERS

Елде вирустың тез тарауына не себеп болды?

Коронавирус індетін көбіне 65 жастан адамдар ауыр өткізеді екен. Италияда вирус салдарынан қайтыс болып жатқан адам санының көп болуына да сол себеп болған көрінеді. Себебі, Италия - Жапониядан кейін қарт адамдар саны көп ел. The New York Times мәліметінше, Италияның 23 пайыз тұрғыны 65 жастан үлкен адамдар болса, орта жас - 47,3.

Бұл пікірмен дәрігер-онколог Владимир Круглый да келіседі. Оның айтуынша, Италияда коронавирустан көбіне қарт адамдар көз жұмып жатыр екен. Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, италиялық билік эпидемияға қарсы шаралар қабылдауда кешігіп қалған. Бұл туралы Владимир Круглый NSN.fm-ге берген сұхбатында айтқан.

"Италияда алғаш коронавирус анықталған күндері тұрғындар мейрамхана, кафеде жиналып, "біз коронавирустан қорықпаймыз" деген ұранмен флешмоб өткізген. Сол себепті вирус тез тарап кетті. Тағы бір мәселе - Италияның денсаулық сақтау жүйесі науқастардың көп болуына дайын болмады. Яғни, тыныс алу құралдары мен мамандар жетіспеді", - дейді Владимир Круглый.

Тағы бір нұсқа бойынша, Италияда вирустың көзді ашып-жұмғанша тарап кетуіне жергілікті тұрғындардың қарым-қатынастары себеп болған. Яғни, италиялықтар жүздескенде үнемі беттерінен сүйіп амандасқанды ұнатады деседі.


© REUTERS

Соңғы деректер

Италияда коронавирусты жұқтырған 101 739 адамның 14 620-сы жазылып шыққан. Бүгінде бұл мемлекет COVID-19 жұқтыру дерегі бойынша АҚШ-тан кейін (164 253 адам) тұр. Ал қайтыс болған адам саны бойынша Италия бірінші орында - барлығы 11 591 адам.

"Көшеге шыққандарға айыппұл салып жатыр". Италияда тұратын қазақ қызы елдегі коронавирус туралы

Италияда коронавирус жұқтыру бойынша рекордтық көрсеткіш 21 наурызда тіркелген - бір тәулікте 597 адам.

Ал бүгін Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борелли елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелгенін мәлімдеді.

Соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың көрсеткіші тәулігіне 3 мың адамнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген. Яғни, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 1648 адам ғана тіркелген.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer