Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 апреля 2020 12:18

5 мыңнан аса адам коронавирустан қайтыс болған. АҚШ медицинасы неге ақсап тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 936 мыңнан асты. 50 мыңға жуық адам өлімі тіркелді. Қытайдан тараған індетті АҚШ-та 215 мыңнан аса адам жұқтырған. 5,1 мың адам - вирус құрбаны. Дегенмен, құрама штаттарда вирусты жұқтырған 9 мыңға жуық адам жазылып шыққан. Дамыған елдің пандемия кезінде медицинасы неліктен ақсап тұр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 936 мыңнан асты. 50 мыңға жуық адам өлімі тіркелді. Қытайдан тараған індетті АҚШ-та 215 мыңнан аса адам жұқтырған. 5,1 мың адам - вирус құрбаны. Дегенмен, құрама штаттарда вирусты жұқтырған 9 мыңға жуық адам жазылып шыққан. Дамыған елдің пандемия кезінде медицинасы неліктен ақсап тұр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

АҚШ-та алғаш коронавирус 15 ақпанда тіркелген. Бастапқыда 15 адам анықталып, артынша 20 күннен кейін бұл көрсеткіш 10 есе өскен. Сөйтіп, уақыт өте келе коронавирус жұқтырғандардың саны арта түспесе, азайған жоқ. Бүгінде АҚШ-тың көптеген қаласы мен біраз штатында COVID-19 тіркелген. Дегенмен, коронавирустан қатты зардап шеккен - Нью-Йорк. Барлығы 83 мыңнан аса адам вирус жұқтырып, 2 219 адам қайтыс болған.

Жалпы АҚШ кез келген сала бойынша дамыған мемлекет екені белгілі. Тіпті эпидемия кезінде елде медицина жағынан мәселе болмайтын шығар деген ой қалыптасады. Алайда бүгінде АҚШ-тың коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұруына елдегі медицина себеп болған көрінеді.

"Билік дер кезінде шара қабылдамаған" - сарапшылар

Америкалық сарапшылардың пікірінше, Вашингтон коронавирустың алдын алу шараларын қабылдауға 6 аптаға кешігіп қалған. Яғни, сол уақыт аралығында тест дайындап, маска, дәрігерлерге қорғаныш киімдері мен өкпені жасанды желдету құрылғыларын артығымен дайындауы керек болған.

Тіпті Нью-Цорк штатының губернаторы Эндрю Куомо "30 мың өкпені жасанды желдету құрылғысы керек" деп ескерткен кезде Трамп сенбей қойған көрінеді.

"Келтіріліп жатқан сандардың барлығы тым жоғарылатып айтылған. Сіздерге 30-40 мың құрылғы керек екеніне күмәнім бар", - деген екен АҚШ басшысы өткен аптада.

Аурухана тапшы

Жергілікті тұрғын Джейкоб Баллас РИА Новостиге берген сұхбатында АҚШ медицинасының осал тұсы - жекеменшік ауруханалардың көп болуында екенін айтқан. Яғни, ауруханалар "әркім өзі үшін" саясатымен жұмыс істейді. Емханаларда төсек орындары мен қорғаныш құралдары тапшы болған кезде барлығы осы саясатты ұстанып, жетпей жатқан құралдарды әр мекеме өзі іздей бастайды. Жалпы айтқанда, барлық мекеме өкпені жасанды желдету, маска, халат пен тестілерді алу үшін бір зауытқа хабарласып қалуы мүмкін.

Ал кейбір шағын емхана жеткізушілерге шыға алмауы да мүмкін екен. Сондықтан шағын ауруханалар жабылып, АҚШ-та емхана тапшылығы бар көрінеді.

© REUTERS

Тағы бір себеп - медициналық сақтандыру мәселесі болуы мүмкін

АҚШ медицинасының тағы бір осал тұсы - медициналық сақтандыру мәселесі. Дәрігер Маргарет Джонсонның айтуынша, көптеген америкалықтың медицинаға қолы жете бермейді.

"Жалпы америкалықтарды үш топқа бөлуге болады: біріншісі - жағдайы жақсы адамдар. Олар медициналық сақтандыру кез келген түрін сатып ала алады. Екінші топ - жағдайы төмен адамдар. Оларға көбіне мемлекет тарапынан сақтандыру бөлінеді. Сол арқылы адамдар тегін және арзан медициналық қызметке жүгіне алады. Үшінші топ - мүлде сақтандыруы жоқ адамдар. Елде 27,5 миллион адам немесе халықтың 8,5 пайызы медициналық қызметке жүгіне алмайды", - деп түсіндірді Маргарет Джонсон.


© REUTERS

Жергілікті тұрғын Джейкоб Балластың айтуынша, ауруханалар ақша үшін ғана жұмыс істейтін көрінеді. Яғни, емханаға келіп, "мен ауырып тұрмын" деп кіріп кете алмайсың.

"Ал шұғыл көмек бөлімшелерінде карантин бөлмелері де, қорғаныш құралдары да жоқ", - дейді америкалық.

"Біз коронавирустан қорықпаймыз" деп флешмоб өткізген Италия неден қателесті?

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети