ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 января 2021 | 12:30

Кейінгі 200 жылда алғаш рет. Америкалықтар Капитолийді неге басып алды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Кеше, 7 қаңтарда Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді. Полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті граната қолданып, тәртіпсіздіктің алдын алмақ болды. Бүгінде тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар саны 68-ге жетті. Бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ астанасында болған тәртіпсіздіктің мән-жайын анықтады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 7 қаңтарда Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді. Полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті граната қолданып, тәртіпсіздіктің алдын алмақ болды. Бүгінде тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар саны 68-ге жетті. Бірнеше адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ астанасында болған тәртіпсіздіктің мән-жайын анықтады. 

Тәртіпсіздік неден басталды?

РИА Новости мәліметінше, 2021 жылдың басында Капитолийдің басып алынуы 200 жылда алғаш рет болған екен. Ең бірінші рет Капитолийге 1814 жылы шабуыл жасалған. 

Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімінен кейін басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген. 

© Reuters

Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфордтың сөйлеп жатқан кезде оны аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылған болатын. 

Вашингтон полициясының басшысы Роберт Конти жалпы 68 адам ұсталғанын, оның 60-ы ер адам және сегіз әйел адам екенін айтты. Тәртіпсіздік кезінде 56 полицей зардап шеккен, бірнеше офицер ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

© РИА Новости

Төтенше жағдай режимі жарияланды

Артынша Вашингтон мэры Муриэл Баузер қаладағы тәртіпсіздікке байланысты коменданттық сағат жариялап, кейіннен қаладағы төтенше жағдай режимі тағы 15 күнге созылатынын мәлімдеді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп тұрғындарды бейбіт әрекет етуге шақырды. 

"Өтініш, біздің астаналық полицейлер мен тәртіп сақшыларын қолдаңыздар. Олар расында біздің жағымызда. Бейбіт әрекет етіңіздер!", - деді Ақ үй басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.

© Reuters

Кейіннен Конгресс күзеті Трамптың жақтаушысының кеудесіне оқ атып жібергені белгілі болды. Әйел адамның кеудесіне оқ тиген. Жәбірленуші шұғыл түрде ауыр жағдайда Капитолийден эвакуацияланды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ол ауруханада қайтыс болған. Әйел адамға оқ атылған кез видеоға түсіп қалған. 

Капитолийдегі құжаттар қолды болды

Орегон штатының сенатор-демократы Джефф Меркли ғимаратқа басып кірген Трамптың жақтастары оның кабинетінінің тас-талқанын шығарып, үстелдің үстінде тұрған ноутбукты ұрлап кеткенін айтты. Сенатордың сөзінше, бүлік шығарушылар есікті сындырып, кеңсеге кіріп, файлдарды шашып, Трампқа сыйлыққа берілген қолжазба мен туды бүлдіріп кеткен. 

© Reuters

Вашингтонның федерал прокурорының міндетін атқарушы Майк Шервиннің айтуынша, Капитолийдегі құжаттар ұрланған. 

"Шервиннің айтуынша, АҚШ сенаторларының кеңсесінен электрониканы ұрлап кеткенін, ол ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін", - деп хабарлады Reuters агенттігі.  

© Reuters

Байден мәлімдеме жасады

Көп ұзамай Трамптың негізгі қарсыласы Джо Байден мәлімдеме жасады. Ол бұл оқиға тәртіпсіздік емес, бүлік екенін айтты. 

"Мен Трампты қазір ұлттық теледидар арқылы шығып, антын орындауға, Конституцияны қорғауға және тәртіпсіздіктің аяқталуын талап етуге шақырамын", - деді Байден.

Артынша астана уақыты бойынша шамамен таңғы 05.00-де Капитолий ғимаратынан Трамптың жақтастарының барлығы шыққаны белгілі болды. 

"Парламент приставы Капитолий ғимараты қауіпсіз екенін айтты. Ғимараттағылар қол шапалақтады", - деп жазды Huffington Post газетінің журналисі Мэтт Фуллер Twitter-де.

Бір кезде әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы жазбалар қалдырып отырған Трампты Twitter, Facebook және Instagram желісіндегі парақшалары бұғатталды. 

Кейіннен тәртіпсіздік басылып, қайтадан талқылау жүргеннен кейін Конгресс Байденді АҚШ президенті етіп бекітті. Джо Байден Конгресс мақұлдаған 270-тен аса сайлау дауысын жинады. Талқылау Вашингтондағы тәртіпсіздік кезінде болды.

Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамп та үндеу жасап, 20 қаңтарда билікті сайланған президент Джо Байденге тапсыруға уәде берді. Бірақ Трамп үндеуінде сонда да сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтты. 

© Reuters

Дональд Трамп бүгін әлеуметтік желідегі парақшалары қалыпқа келгеннен кейін де үндеу жасады. Ол "өзге де америкалықтар" секілді зорлық, заңсыздық орнап, жағдайдың нашарлауына наразы болғанын айтты. Оның сөзінше, Трамп "Ұлттық гвардия мен федерал тәртіп сақшыларына ғимараттың қауіпсіздігі мен оның ішіне кіріп кеткендерді шығаруға" бірден бұйрық берген. 

"Заңды бұзғандар: сендер жауап бересіңдер", - деді Трамп.

Президент сайлау нәтижесімен келіспегендіктен барлық заңды мүмкіндігін қолданғанын мойындады. Трамптың сөзінше, оның мақсаты - сайлаудың шынайылығын сақтау болған. 

Айта кетейік, жаңадан сайланған президент Джо Байденді ұлықтау рәсімі 20 қаңтарда болады деп жоспарланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer