Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 августа 2020 13:40

"Қыста коронавирус қауіпті болады". Ғалымдар қандай болжам жасап отыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Коронавирус пандемиясының әлемді жайлағанына 9 айға жуық уақыт болды. Бүгінге дейін 24 миллионнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Ғалымдар вирустың нақты қашан тоқтайтынын әлі де болжай алмай отыр. Оның үстіне, коронавирустың тарау толқыдарына байланысты түрлі болжам бар. Алдағы күз және қыс мезгілінде COVID-19-ға байланысты жағдай қандай болады? Tengrinews.kz тілшісі мамандардың пікіріне шолу жасады.  


Коронавирус пандемиясының әлемді жайлағанына 9 айға жуық уақыт болды. Бүгінге дейін 24 миллионнан аса адамнан COVID-19 анықталған. Ғалымдар вирустың нақты қашан тоқтайтынын әлі де болжай алмай отыр. Оның үстіне, коронавирустың тарау толқыдарына байланысты түрлі болжам бар. Алдағы күз және қыс мезгілінде COVID-19-ға байланысты жағдай қандай болады? Tengrinews.kz тілшісі мамандардың пікіріне шолу жасады.  

"Қыс мезгілі қауіпті болады"

Женева университетінің медицина факультетінің жаһандық денсаулық сақтау институтының директоры Антуан Флао Le Figaro басылымына берген сұхбатында дүние жүзіндегі коронавирус пандемиясының динамикасына сараптама жасаған. Маманның сөзінше, эпидемияның алғашқы толқыны әлемдік деңгейде әлі аяқталмаған. Коронавирус жұқтыру дерегі мен өлім саны азаймай тұрған Латын Америкасы және Үндістанда вирустың алғашқы толқыны әлі де өршіп тұрған көрінеді.

Сарапшының сөзінше, коронавирусқа байланысты жағдай АҚШ-тың кейбір штатында, Нью-Йорк, Канада және Батыс Еуропада жақсарып келе жатыр. Израиль мен Аустралияда эпидемиологиялық жағдайдың екінші кезеңі басталды.

"Жаз мезгілінде Батыс Еуропадағы өлім жағдайы аз болды, ал Оңтүстік Африка, Аргентина, Бразилия және Чилиде қысқы толқын қатты сезілді. Бұл вирустың маусымдық әсері қатты болатынын көрсетіп отыр. Сондықтан қыста вирус өршиді деп айтуға толық негіз бар. Жаздағы жағдай бәсеңдегеннен кейін біз қыс мезгіліндегі қауіпті әрі науқастар саны көбейетін мерзімге тап боламыз", - дейді Флао.

Оның айтуынша, бұл кезең алдыңғы қыс мезгілінде қатты зардап шекпеген елдер үшін қауіпті болуы мүмкін.

"Мамандар ұжымдық иммунитет нақты қашан қалыптасатыны туралы ортақ шешімге келе алмай отыр. Біздің арамызда біраз адамда болсын иммунизацияның жүруі коронавирустың екінші толқынының әсерін азайтып, оның дамуын бәсеңдететіні сөзсіз. Бірақ, меніңше, оның өзі эпидемияны тоқтату үшін жеткіліксіз", - дейді Антуан Флао.  

© Reuters

Сарапшының сөзінше, бүкіл әлем тарихтағы ең қауіпті эпидемияның бірінің алдында тұр.

"Бұл егде жастағы адамдар көп қайтыс болатын тарихтағы қауіпті пандемияның бірі. Бұл кластерлік эпидемия, бір отбасы вирусты бүкіл елге таратып жіберген Мельбурндегідей оқиға қайталануы мүмкін. Вакцина дайын болғанға дейін алдағы қыс мезгілінен кейін мыңдаған адамда иммунитет пайда болып, вирустың тарауы азаяды деп үміттенеміз", - дейді сарапшы.

"Қалыпты өмірге 2021 жылдың жазында ораламыз"

Иммунология және молекулалық биомедицина орталығының директоры Михаил Пальцев Коронавирус пандемиясының үш толқыны болуы мүмкін, сондықтан қалыпты өмірге 2021 жылдың жазында ғана оралуымыз мүмкін екенін айтады. Пандемия биыл күзде аяқталады деген нақты болжам жоқ. Себебі ұзақ уақыт оқшауланған халықта иммунитет әлсіреген. 

"Пандемияның үш толқыны болатыны туралы мәліметтер бар. Екінші толқыны біріншісінен қиындау болады, ал пандемияның үшінші толқыны әлсіздеу болады. Коронавирустың екінші толқыны күзде басталса, үшінші толқыны 2021 жылдың көктемінде басталады", - дейді академик. 

© Reuters

Күзде науқас саны артады

Ал медицина ғылымдарының докторы Кирилл Зыковтың сөзінше, күзде коронавирус жұқтыратындардың саны артуы мүмкін. Оған қоғамдық көліктері адамдардың көп болуы және ауа райының ылғал әрі салқындауы себеп болуы мүмкін.

"Бірақ адамдар саналы түрде маска тағып (әсіресе қоғамдық көлікте ол міндетті) жүрсе, күзгі маусымдағы аурудың өсу деңгейі аз болады", - дейді Зыков "Парламентская газета" басылымына.

Санкт-Петербургтегі Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян да күз мезгілі қауіпті деген пікірде.

"Біз оған психологиялық тұрғыда дайын болуымыз керек", - дейді ол.

Маманның сөзінше, қатаң оқшаулану режимінде болғандар вирустан қалай өтетіні белгісіз. Олар бұл кезеңнен бұған дейін коронавирус жұқтырған науқастарға қарағанда ауыр өтуі мүмкін. Одан бөлек, COVID-19-дың тұмау секілді маусымдық аурулармен қатар келуі қалай әсер ететіні белгісіз.

© РИА Новости

Академик бүкіл ел бойынша қатаң оқшаулану режимін енгізудің қажеті жоғын айтады. Вирус ошақтары анықталған жағдайда жергілікті жерде шектеу шарасын енгізу жеткілікті.

Айта кетейік, бұған дейін де Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күзде вирустың екінші толқыны басталатынын, оған маусымдық тұмау мен ЖРВИ қосылатынын айтқан.

"Егер тұмау мен коронавирус қосылатын болса, қиын болады", - деген еді Бекшин.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге болжам жасаудан бас тартты. Министр мұндай сараптамалар тамыздағы статистика бойынша жасалатынын айтты. Алайда ДСМ басшысы күзде және қыста науқастардың саны өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның айтуынша, бәрі тұрғындардың өзіне байланысты. 

Коронавирустың екінші толқыны несімен қауіпті болуы мүмкін?

Профессор, биология ғылымдарының докторы Сергей Нетесов РИА Новостиге уақыт өте келе коронавирус маусымдық ауруға айналатынын және әлсірей бастайтынын айтады. Ал адамдар алдағы екі жылда маска тағу режимінде жүруі мүмкін. Алайда, профессордың сөзінше, COVID-19-дың екінші толқыны аса қауіпті болмайды. Ол үшін адамдар сақтанып, қолын жиі жуып, маска тағып жүруі керек.

"Осылайша басқа да маусымдық аурулардан құтылып кетеміз. Күз келе жатыр, табиғатта ультракүлгін сәулелердің деңгейі азая бастайды. Демек, вирус түрлі заттың бетінде және аэрозольде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін", - дейді ол.

Маман адамдарды сақ болуға және дәрігерлердің ескертуін елеусіз қалдырмауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети