ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 мая 2020 | 16:22

"Метеорит, мутация, Ухандағы зертхана" - COVID-19-дың шыққаны туралы болжамдар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухандағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді. Бүгінде вирус әлемнің 212 еліне тарап үлгерді. Бұған дейін коронавирустың шыққаны туралы түрлі дерек айтылды. Tengrinews.kz тілшісі соның ішіндегі маңыздыларына тоқталды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған болатын. Мамандар Ухандағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған еді. Бүгінде вирус әлемнің 212 еліне тарап үлгерді. Бұған дейін коронавирустың шыққаны туралы түрлі дерек айтылды. Tengrinews.kz тілшісі соның ішіндегі маңыздыларына тоқталды.

№1 нұсқа - мутация нәтижесі

Коронавирустың жаңа түрі наурыздың басында SARS-CoV-2 ресми атауын алды. Ал COVID-19 деген - бұл вирусты тудыратын жұқпалы ауру. Неліктен коронавирустың жаңа түрі үшін бірден екі ресми атау бар? Себебі бұл вирус генетика бойынша 80 пайызға SARS-қа ұқсайтын болып шыққан. Дегенмен өз бетінше ерекше вирус болып саналады екен. Вирустың SARS-пен ұқсастығы коронавирустың жаңа түрі табиғи жолмен пайда болған деген түсінік білдіреді екен. 

SARS ең алғаш 2002 жылы Оңтүстік Қытайда анықталған. Оның белгілері COVID-19 науқастарында анықталған белгілерге өте ұқсас болып шыққан. Ол кезде SARS 30 елде анықталған. Барлығы 8 мыңға жуық адам жұқтырып, 774 адам қайтыс болған. Эпидемия бір жылдан кейін, 2003 жылы аяқталған. Сондықтан кейбір ғалымдар COVID-19 бұған дейін белгілі болған вирустың мутациясы деген болжам жасаған.

№2 нұсқа - Метеорит

2019 жылдың 11 қазанында Қытайдың Цзилинь провинциясында автокөліктегі видео-тіркеуші метеориттің құлап келе жатқанын түсіріп алған. Видео түнгі уақытта түсірілген. Сондықтан тас қараңғы болып тұрған көше бір мезетте жап-жарық болып кеткен.

Осыған орай Ресей Ғылым академиясының медициналық-биологиялық мәселелер институтының бөлім меңгерушісі Вячеслав Ильин РИА Новостиге берген сұхбатында COVID-19 метеорит құлағаннан кейін пайда болды деген нұсқамен келісетінін айтқан. Яғни, Уэльстегі Кардифф университетінің экзобиологы Чандра Викрамасингх Жерде коронавирус 2019 жылдың қазанында Қытайға құлаған метеориттан пайда болған деп айтқан. Оның сөзінше, метеориттің құрамында ерекше зат болған.

"Чандра Викрамасингхпен жиі хабар алмасып тұрамыз. Оның командасы ерекше, өзі де ерекше адам. Оның болжамын Желіде оқыдым, оның фейк болуы екіталай. Демек коронавирус сырттан келген", - дейді ресейлік ғалым.

Вячеслав Ильин SARS-CoV-2 ғарыштан келді деген болжамға келісетінін айтқан. Алайда ғалымның айтуынша, бұл болжам әлі де зерттеуді қажет ететін көрінеді.

"Жарқанат сорпасы немесе жылан". Мамандар коронавирустың неден жұғатынын атады

№3 нұсқа - Уханның зертханасы

1 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус Уханның зертханасында қолдан жасалғаны туралы дәлелдері барын мәлімдеді. Артынша 3 мамырда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Трамптың айтқанымен келісіп, COVID-19 Ухан зертханасында жасалғаны жайлы бірнеше дәлелі барын мәлімдеген.

"Біз Қытайдың Коммунистік партиясы әлем не болып жатқанын уақытылы білмеуі үшін бәрін жасағанын растай аламыз. Оған бірнеше дәлеліміз бар, кейбірі көпшілікке қолжетімді", - деп мәлімдеді Помпео.

Оның айтуынша, Қытай билігі Ухан қаласындағы жағдайды айтпақ болған адамдарды "сөндіріп" тастамақ болған. Сондай-ақ Помпео Бейжіңді "жалған мәлімет бойынша классикалық коммунистік партия" құрды деп айыптаған.

"Президент Трамп бұған жауапты адамдар тиісті жаза алатынын жақсы түсіндірді және біз оны уақытында қолға аламыз", - деп түсіндірді Майк Помпео.

Алайда осыдан біраз күн бұрын, 23 сәуірде АҚШ-тың барлау және зерттеу мемдепартаменті коронавирустың жасанды жолмен жасалғанына қатысты дәлелделі жоғын айтқан.

"Бұл біздің болжам, дүние жүзіндегі ғалымдар коронавирустың генетикалық жүйесін зерттеп жатыр. Ол қандай да бір жоспар бойынша не қалай да қолдан жасалғаны туралы дәлел жоқ", - деді бюро басшысы және мемхатшының көмекшісі Эллен Маккарти.

Ал бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дональд Трамп пен Майк Помпеоның COVID-19 зертханада қолдан жасалды деген мәлімдемелеріне пікір білдірді. Денсаулық сақтау бойынша төтенше жағдай бағдарламасының директоры Майкл Райан "алып-сатар" әңгіме екенін айтты.

"Біз АҚШ билігінен вирустың тарауы туралы ешқандай мәлімет алмадық. Біздің пікірімізше, мұның барлығы алып-сатарлық", - деді Майкл Райан.

Еске салайық, дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3,6 миллионнан асты. Оның ішінде COVID-19 жұқтырған 1 200 778 адам айығып шықты. Дүние жүзі бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны - 252 444 адам. 

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 4160-қа жетті. COVID-19 жұқтырғандардың 1207-сі аурудан айығып, 29 адам қайтыс болды.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer