Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 мая 2020 10:30

"Алты науқас қана қалған" - коронавирусты 11 аптада жеңген Уханның қазіргі жағдайы қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Коронавирус инфекциясының дүние жүзінде жаппай тарағанына жарты жылға жуықтады. Ресми мәлімет бойынша, вирус ошағы - Қытайдың Хубей провинциясындағы Ухан қаласы. Коронавирус туралы ресми ақпарат та 2019 жылы 31 желтоқсанында пайда болды. Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлады. Ухандағы қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  


Коронавирус инфекциясының дүние жүзінде жаппай тарағанына жарты жылға жуықтады. Ресми мәлімет бойынша, вирус ошағы - Қытайдың Хубей провинциясындағы Ухан қаласы. Коронавирус туралы ресми ақпарат та 2019 жылы 31 желтоқсанында пайда болды. Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлады. Ухандағы қазіргі жағдай қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.  

Ухандағы қазіргі жағдай

Жалпы Хубей провинциясында 68 мыңнан аса COVID-19 жұқтырып, оның 63 616-сы аурудан айығып шыққан. Провинция бойынша 4512 адам қайтыс болды. Қазір жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 науқас қана қалған.

Қытай бойынша коронавирус жағдайы саябырсығаннан кейін 8 сәуірде Уханнан карантин режимі алынды. Deutsche Welle мәліметінше, қала ашыла сала мыңдаған адам Уханнан кетіп қалған. Нақтырақ айтсақ, қала 76 күн оқшауланғаннан кейін Уханнан 65 мыңға жуық адам кетіп қалған. Әңгіме пойыз және ұшақ жолаушылары жайлы. Одан бөлек, қалада мектептер ашылып, коммерциялық ұйымдар біртіндеп жұмыс істей бастаған. Сондай-ақ қоғамдық көліктер қызмет көрсете бастаған.

© REUTERS

29 наурызда қытайлық билік эпидемияны жеңгендерін мәлімдеді. Алайда 10 мамырда Уханда көптен бері алғаш рет коронавирус жұқтырған науқас тіркелді. Хубей провинциясының денсаулық сақтау мәселесі бойынша комитетінің мәліметі бойынша, науқастың жағдайы ауыр. Осы уақытқа дейін Хубей провинциясында 68 129 науқас тіркелген, олардың 50 334-і Уханнан анықталған. Оның 3 869-ы қайтыс болған.

The Washington Post мәліметінше, соңғы екі күнде тіркелген коронавирус жағдайына байланысты Уханда жаппай тестілеу жасалмақ. Яғни, қаланың 11 миллион тұрғыны 10 күннің ішінде коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтуі керек. Көбіне егде жастағы адамдар мен адам көп шоғырланған аудандарды бірінші кезекте тестілеуден өткізу жоспарланған. Бұл жоспар құжатта "онкүндік шайқас" деген атауға ие болған. 

Ашық дерек көздеріне сүйенсек, қытайлық денсаулық сақтау жүйесіндегі есептер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде ең алғашқы науқаста вирус белгілері 2019 жылдың 8 желтоқсанында анықталғаны айтылған. Сондай-ақ көптеген жағдай Ухандағы теңіз өнімдері сатылатын базармен байланысты болған.

Бірнеше қытайлық медициналық мекеменің зерттеушілер тобы жазған мақалада алғаш анықталған 41 науқасқа қатысты ақпарат шыққан. Мәселен, COVID-19 жұқтырған алғашқы адам 2019 жылдың 1 желтоқсанында анықталған және ол теңіз өнімдері сатылатын базарда болмаған. Алғашқы және одан кейінгі эпидемиологиялық жағдаймен байланыс табылмаған көрінеді. Зерттеушілердің мәліметінше, 41 оқиғаның 31-і теңіз өнімдері сатылатын базарда болмаған.


© REUTERS

2020 жылдың 1 қаңтарында Ухандағы базар жабылып, клиникалық белгілері бар науқастар оқшауланды. Нәтижесінде науқастармен байланыста болған болуы мүмкін 700-ге жуық адамға, оның ішінде 400 медицина қызметкеріне мониторинг жүргізілді. Яғни, полимеразалық тізбек реакция диагностикасы арқылы Уханда болған 40-тан астам адамда коронавирус инфекциясы расталған.

Ухан вирусты 11 аптада жеңді

Вирустың ошағы болып саналатын Ухан коронавирусты 11 аптада жеңді. 2020 жылдың 23 қаңтарында вирустың тарау ошағы болып саналатын қала Ухан толығымен жабылды. Қала бойынша әуе қатынасы, қоғамдық автобустар мен метро және қалааралық автобустар қызметін тоқтатты. Ухандықтарға қаладан шығуға тыйым салынды. Одан бөлек, кітапханалар, музейлер жабылып, театр қойылымдары кейінге қалды.

Ухан университетінің студенті Артем Антонов "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында тұрғын үйіңнен шығу үшін арнайы ережелерді ұстану керегін айтқан.

"Кіріп-шығуға болатын ұйымдар бар. Бірақ өзіңіз тұратын тұрғын үйден шығу үшін "Джифубаодағы" нөміріңізбен байланыстыратын арнайы QR-кодты сканерлеу керек. Сол QR-кодтың көмегімен сіздің коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болмағаныңызды анықтайды. Қала ресми түрде ашылды. Алайда қажет шараларды әлі де сақтау керек", - дейді ухандық студент. 

Айта кетейік, бастапқыда коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша алғашқы орындарда тұрған Қытай бүгінде дүние жүзі бойынша 11-орынға түскен. Жалпы COVID-19 жұқтырған 82 926 адамның 78 мыңнан астамы аурудан айығып шыққан. Вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 4 633. Қазіргі таңда Қытай бойынша шамамен коронавирус індетін жұқтырған 100-ден аса адам бар.   

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети