ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 октября 2021 | 15:07

"Мораторий жариялау керек". Әлем елдерінің ревакцинация тәжірибесі қалай өтіп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Қазақстанда ревакцинация жұмыстары қарашаның аяғында басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. Мамандар ревакцинацияны әлі де зерттеу қажет екенін айтады. Алайда вакцинаның үшінші дозасын салуды бастап кеткен елдер бар. Tengrinews.kz тілшісі ревакцинация басталған елдердегі тәжірибеге шолу жасады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ревакцинация жұмыстары қарашаның аяғында басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. Мамандар ревакцинацияны әлі де зерттеу қажет екенін айтады. Алайда вакцинаның үшінші дозасын салуды бастап кеткен елдер бар. Tengrinews.kz тілшісі ревакцинация басталған елдердегі тәжірибеге шолу жасады.  

Ресейлік тәжірибе

Көршілес Ресей елінде коронавирусқа қарсы ревакцинациялау биыл 22 шілдеде басталды. Ревакцинация барлық екпе пунктінде жүргізіледі. Ол үшін "Спутник Лайт" немесе "Спутник V" салдыруға болады. РИА Новости мәліметінше, Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму бойынша орынбасары Анастасия Ракова ревакцинацияны аллты айдан жасатқан дұрыс екенін, ал эпидахуал жақсарған жағдайда жылына бір рет салып тұруды ұсынды. Оның сөзінше, тағы бір екпе ағзаны жаңа штамдарды жұқтырып алудан қорғауы мүмкін.

Ал иммунолог-аллерголог дәрігер Андрей Продеус ревакцинация үшін арнайы дайындалудың қажеті жоғын айтады. Алайда, оның сөзінше, диспансерлеуден (денсаулық сақтау жөніндегі шаралар жүйесінен) өткен дұрыс. Созылмалы аурулары бар адамдар алдымен дәрігерге қаралуы керек.

Дүние жүзінде ревакцинацияны бірінші бастаған ел

Израиль - дүние жүзінде коронавирустың үшінді дозасын салуды бастаған алғашқы ел. Биыл 30 шілдеде елде жаппай ревакцинация жұмыстары басталды. Бастапқыда коронавирусқа қарсы екпенің үшінші дозасы 60 жастан асқан адамдарға салына бастады. Ел билігі науқастар санының көбеюіне байланысты осындай шешім қабылдаған. Алғаш болып екпенің үшінші дозасын 60 жастағы ел президенті Ицхак Герцог әйелімен бірге алды.

Артынша тамызда Израильдің денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Нахман Аш ревакцинация жасауға болатын адамдар жасы төмендегенін мәлімдеді. Яғни енді Израильде 30 жастан асқандар да екпенің үшінші дозасын салдыра алады. Ревакцинация кезінде Pfizer-BioNTech екпесі қолданылады.

"Жарамдылық мерзімі аяқталады". Сарапшылар ревакцинация жайлы не дейді?

Ұлыбритания 33-35 миллион адамды ревакцинацияламақ

Ұлыбританияда ревакцинация 17 қыркүйекте басталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеген болатын.

"Бүгін бустерлі вакцинация басталғаны қуантып отыр. Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне рақмет", - деді ол.

Джавидтің сөзінше, азаматтарға екпе салдыру туралы арнайы шақырту келеді. "Хабар 24" мәліметінше, елде ревакцинация жұмыстары созылмалы аурулары бар және иммунитеті төмен 50 жастан асқан тұрғындар үшін жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, 33-35 миллион адамға қайта екпе салдыру жоспарланып отыр.

Фото: Reuters

Словакияда кез келген адам ревакцинация жасай алады

Елде вакцинаның үшінші дозасын салдыру 13 қыркүйекте басталды. REGNUM мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын өткендер, яғни екі дозасын салдырғандар үшінші компонентті салдыра алады. Регламент бойынша, ревакцинация қалаған адамға салынады. Алайда вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін кемінде сегіз ай өтуі керек. Сонымен қатар, ревакцинация ең алдымен медицина қызметкерлері мен тәуекел тобындағы азаматтарға жасалады. Оған 60 жастан асқандар мен созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Одан бөлек, вакцинаның үшінші дозасын салатындар тобында мұғалімдер мен әлеуметтік қамқорлық қызметкерлері де бар.

Ал ДДСҰ ұстанымы қандай?

5 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ревакцинацияға қатысты мәлімдеме жасады. Ұйым басшысы ревакцинацияға уақытша мораторий жариялау керегін айтқан еді. Бастапқыда Гебрейесус вакцинаның үшінші дозасын салдыруға қатысты мораторийді кемінде қыркүйектің соңына дейін жариялау қажет екенін мәлімдеді. Артынша ДДСҰ сарапшылары дүние жүзіндегі адамдарға негізгі вакцинаны, яғни екі компонентін салу жұмыстарын бітіру үшін мораторий уақытын созу керек деді.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның қолжетімділігіне байланысты теңсіздік орнаған. Яғни жағдайы төмен елдерде жағдайы жақсы елдерге қарағанда вакцинаның кемінде бір дозасын салдырғандар саны әлдеқайда аз. Оның алдында ұйым басшысы қыркүйекке қарай әр елде халықтың кемінде он пайызына вакцина салуға шақырған.


Фото: Reuters

Оның үстіне, коронавирусқа қарсы вакцинация басталмаған елдер де бар. Ұйымның мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинация әлемнің үш елінде - Бурунди, Эритрея және Солтүстік Кореяда әлі басталмаған.

Еске салайық, Қазақстанда да ревакцинация басталады. Бұл туралы кеше, 13 қазанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. Елімізде ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде, яғни шамамен 30 қарашада басталады. Үшінші дозаны вакцинация курсынан өткеннен кейін 6-9 ай аралығында салу ұсынылды. Ревакцинация үшін екпенің тек бір дозасы қолданылады. Үшінші доза алдымен медицина қызметкерлері, педагогтер, жабық мекемелердің қызметкерлеріне, 60 жастан асқандарға салынады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer