ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 сентября 2020 | 15:21

"Науқастың үйін күзетеді". Қазақстандық Үндістандағы коронавирус жағдайын баяндады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

7 тамызда Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асқан еді. Арада бір ай уақыт өтіп, екі есе көбейді - 4 миллион үндістандықтан COVID-19 анықталды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі ахуалға шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

7 тамызда Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 2 миллионнан асқан еді. Арада бір ай уақыт өтіп, екі есе көбейді - 4 миллион үндістандықтан COVID-19 анықталды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі ахуалға шолу жасады.

Үндістанда соңғы тәулікте (6 қыркүйекте) 90 802 адам коронавирус жұқтырды. Бұл пандемия басталғалы бері тәулік санағындағы рекорд болды. 

Үндістан екінші орынға шықты

Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінің деректеріне сүйенсек, елдегі коронавирус жұқтырғандар саны 4 204 613-ке жетті. Осылайша, Үндістан бұл көрсеткіш бойынша Бразилиядан озып (4 137 521 адам ауырған), екінші орынға шықты. Ал АҚШ әлі де коронавирус жұқтырғандар саны жағынан (6 275 775 адам) дүние жүзінде көш бастап тұр.

Үндістанның Хайдарабад қаласында тұратын қазақстандық Кәмшаттан жергілікті тұрғындардың жағдайын сұрап көрдік. Оның айтуынша, "халық вирустың барына сенеді, бірақ қорықпайды".

"Халық вирустың барына сенеді, бірақ қорықпайды. Пандемия басындағыдай үрей жоқ. Біздің қаланың өзінде көп адам ауырып жазылды. Меніңше не вирустан, не депрессиядан өлесің деген түсінік пайда болды. Үнемі үйде отыра беру қиын. Қазір тұрғындар далаға шығады, бірақ бәрібір жиі емес. Маска тақпайтындар да бар. Хайдарабадта карантиннің басында адамдар жақсы орындады. Сөйтіп бізде жұқтырғандар көбеймеді. Алайда ауру өршіп тұрған штаттар бар", - деді Кәмшат.


Фото: Кәмшат К. жеке мұрағатынан

4 тамыздан бері Үндістан тәулік ішіндегі өсім бойынша бірінші орында

Елде екі күн қатарынан ауырғандар саны өсіп жатыр. Бұған дейін жексенбіде 90 632 болған. Айта кету керек, 4 тамыздан бері Үндістан дүние жүзі бойынша тәулік ішіндегі өсім жағынан бірінші орында келеді. 

Қайтыс болғандар саны бойынша үшінші орында

Денсаулық сақтау ведомствосының мәліметінше, қайтыс болғандар 24 сағатта 1 016-ға артып, 71 642-ге жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші болып тұр. Сондай-ақ 882 542 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 69 564 адам жазылды.

Коронавирус жұқтырғандар саны көп бес штат

Махараштра (907 212), Андхра-Прадеш (498 125), Тамилнад (463 480), Карнатака (398 551), Уттар-Прадеш (266 283) штаттарында коронавирус жұқтырғандар көп. 

Ең көп тест тапсырған ел

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінің мәліметінше, коронавирусты анықтауға жасалған тест саны дүние жүзінде бірінші орында тұр. Ел бойынша 49,5 миллионға жуық тест жасалған. Өткен тәуліктің өзінде 720 362 адам коронавирусты анықтауға тест тапсырған. 

Тұрғындардың төрттен бірі коронавирус жұқтырған болуы мүмкін

Reuters зерттеушілері Үндістан тұрғындарының төрттен бірі коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп болжады. Олар 600 қаладағы лабораторияның деректеріне сараптама жасады. Соңғы жеті аптада жасалған тест нәтижесі адамдардың 26 пайызында коронавирусқа антидене барын көрсеткен. 

"Біздің қалада полицейлер коронавирус анықталған адамның үйін күзетіп отырған жағдайлар бар. Үйіңнің алдына орындық қояды да, күзетіп отырады. Егер ол далаға шығып кетсе, көршілері полицияға хабар береді. Яғни, сақтық шараларына келгенде осындай жауапкершілік бар. Барлық қалада мұндай болмауы мүмкін. Бірақ өзім осындай жағдайларды естіп-көріп жүрмін", - дейді Кәмшат.

Өзен суы тазарып, ауа жақсарды

Ал экологтар Үндістанда коронавирусқа байланысты болған карантин режимінен кейін ауа жақсарып, өзен суы тазарғанын хабарлады.

Елдегі су әлемдегі ең лас судың бірі болып есептеледі. Өзендерге кәсіпорындардың қалдығын тастайды, тұрғындар химикаттармен кір жуады. Уақыт өте келе өзенге шомылу қауіпті болып, ондағы оттек жойылды, салдарынан балық қырылды. Алайда карантиннен кейін Үндістандағы киелі саналатын өзердердің бірі - Ямуна тазарды. Оның жағалауында Тәж-Махал мен Агра орналасқан. Делиде шығатын қалдықтардың 60 пайызы осы өзенге тасталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer