Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 апреля 2020 13:21

Миллиард адам карантинде. Үндістан коронавируспен қалай күресіп жатыр

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Соңғы күндері коронавируспен күресте көбіне инфекция асқан жылдамдықпен тарап жатқан Еуропаның немесе Американың жағдайы жиі айтылады. 1,3 миллиардтан астам халқы бар Үндістан екінші фонда қалып отыр. Себебі бұл елде 20 мыңнан аса үндістандық жұқтырып, 15 мыңнан астамы қазір емделіп жатыр. Яғни, науқастардың үштен бірі жазылған. Ал, салыстырмалы түрде, миллиард халық үшін 20 мың адам деген көп емес. Үндістанның COVID-19 вирусымен күресі: үкімет заңы қатаң, тойлар онлайн өтеді, көшеде көрінгендер таяқпен қуылады. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Соңғы күндері коронавируспен күресте көбіне инфекция асқан жылдамдықпен тарап жатқан Еуропаның немесе Американың жағдайы жиі айтылады. 1,3 миллиардтан астам халқы бар Үндістан екінші фонда қалып отыр. Себебі бұл елде 20 мыңнан аса үндістандық жұқтырып, 15 мыңнан астамы қазір емделіп жатыр. Яғни, науқастардың үштен бірі жазылған. Ал, салыстырмалы түрде, миллиард халық үшін 20 мың адам деген көп емес. Үндістанның COVID-19 вирусымен күресі: үкімет заңы қатаң, тойлар онлайн өтеді, көшеде көрінгендер таяқпен қуылады. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

22 сәуірдегі дерек бойынша Үндістанда 20 080 адам КВИ жұқтырған. 3975 адам жазылып, 645 адам қайтыс болған. Ауырғандар мен көз жұмғандардың арасында пайыздық қатынас - 3,2. Денсаулық сақтау жүйесі озық елдермен, мысалы Ұлыбритания (12,79 пайыз), Испания (10,44 пайыз), Франциямен (10,95 пайыз) салыстырғанда, Үндістанда өлім көрсеткіші айтарлықтай төмен.

Үндістанда COVID-19 жұқтырғандардың 76 пайызы - ерлер, 24 пайызы - әйел адамдар. Сарапшылар мұны, үндістандық отбасылардағы дәстүрге байланысты деп отыр.

Ел премьер-министрі Нарендра Моди COVID-19 инфекциясын былай сипаттайды:

"COVID-19 осы үшінші мыңжылдықтағы жүзжылдықтың төңкерісі болды. Коронавирус тіршілігіміздің бағытын айтарлықтай өзгертті", - деді ол.

Үндістанда 25 наурызда коронавирус жұқтырғандар саны 500-ден асты, премьер-министр Нарендра Моди 25 наурыздан бастап елде қатаң оқшаулау режимін енгізді.

Режим сақтамағанның алғашқы жазасы:  таяқпен ұру, отырып-тұрғызу

Көшеде адам жүрсе, полиция "әңгімені созбай", бамбук таяқтармен эпидемияға қарсы шаралар екенін ескертеді. Сондай-ақ, үкімет БАҚ арқылы төтенше жағдай кезіндегі профилактикалық шараларды үзбей хабарлап отыр.


Видео: Business Online

Сондай-ақ, Болливуд жұлдызы Салман Кхан үндістандықтарды үйде қалуға шақырып, үндеу жасады. Болливудтың басқа жұлдыздарының үйде спорт жаттығуларын жасаған видеосы телеарналардан көрсетіледі. Бұл тұста айта кету керек, үндістандық актерлердің үндеуі саяси басшылардың сөзіне қарағанда әлдақайда өтімді.

Онлайн үйлену

Бомбей тұрғыны, сауда флотындағы теңізші Прит Сингх пен Нью-Дели тұрғыны Нит Каурдың үйлену тойы үндістандықтардың жүрегін елжіретті. Әдетте, жағдайы жақсы үндістандықтар тойына 100-ге жуық адам шақырады, бір жыл бойы дайындалады. Ал, Прит пен Нит тойды кейінге қалдырғысы келмей, карантин режимін сақтай отырып, онлайн үйленді:  ел ішіндегі, Аустралия, Канада, Біріккен Араб Әмірліктерінен туыстары мен достары екі жасты веб-камера арқылы құттықтады.

Кімдер жұмыс істеп жатыр?

Шаруалар, мал шаруашылығы, балық аулау жұмысшылары түгел жұмысын жалғастырып жатыр. Аурухана, азық-түлік дүкені, банк, сақтандыру компаниялары, телекоммуникация, БАҚ, жеткізу қызметі, анықтама орталықтары, полиция, күзет, азаматтық қорғаныс пен мемлекеттік мекемелер жұмыс істеп тұр.

Режим енгізілгеннен кейін мына  мекемелер: Үндістан үкіметі және қоғамдық корпорациялар, барлық көлік инфрақұрылымы, білім беру мекемелері, діни орындар, қонақүйлер, саяси, мәдени және спорт орталықтары, сонымен қатар басқа да қоғамдық орындар жабылды.


Үндістандық медбикелер. Фото: India.gov.in

Федерал деңгейінде жағдайды бақылауда ұстау үшін түрлі шара іске асырылып жатыр. Нарендра Модидің үкіметі эпидемияны тоқтату шараларына 26 миллиард АҚШ долларын бөлді. Компанияларға салықтық жеңілдіктер жасалды. Коронавирус анықтайтын тест аппараттары және оған қатысты шаралар жақсарған кезде коронавирусты анықтауға тестілеу мен одан емдеу тегін болды. Барлық шара дерлік мемлекеттің қосымша шығындарының есебінен жүзеге асып отыр. Жекеменшік клиникалар қосымша лицензия алмай-ақ, адамдарды коронавирустан емдей алады. Медицина қызметкерлері үшін қорғаныс құралдары беріледі. Үндістанның медициналық зерттеулер жөніндегі кеңесі аурудың таралуы мониторинг жүргізіп, билік пен ел тұрғындарына ақпарат таратып отыр.

Жағдайы нашар отбасыларға 65,5 доллардан беріледі

Үндістанда орташа жалақы - 194 доллар (84 332 теңге). Үкімет төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін екі ай бойы үндістандық жағдайы нашар отбасыларға 65,5 доллар (28 473 теңге) беріп жатыр. Осы кезеңде астықты тегін беріп, экономиканың кей секторын құтқару үшін қосымша шаралар әзірленіп жатыр. 

Жұмыссыздық 10,4 пайызға өсті

Дегенмен, шағын және орта бизнес жұмысы құлдырады. Үндістанның өндірушілер ұйымының деректеріне сүйенсек, кәсіпорындардың үштен екі бөлігі жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр. Экспортқа шығатын тауырдың 50 пайызы тоқтатылды. Сәуірдің басында жұмыссыздық деңгейі 10,4 пайыз өсті. Әсіресе, шағын және орта бизнес зардап шегіп жатыр. Бұл салада 5 миллионға жуық жұмыс орны бар және оның жылдық айналымы 2,9 триллион доллар болатын. Осыған орай, Нарендра Моди шағын кәсіпорындарды қолдау үшін шаралардың екінші кезеңін атап, оған 13 миллиард доллар бөлді.

3 мамырға дейін оқшаулау

14 сәуірде Нарендра Моди ұлтқа үндеу жасап, оқшаулау режимі 2020 жылғы 3 мамырға дейін созылатынын айтты.

"Кім өмір сүріп жатса, әлем соған керек", - деп жиі қайталаған премьер-министр карантиннің маңызын атап өтті.

Нәрестеге Ковид деген есім тақты

Қазір коронавирус тараған елдердің тұрғындарына үйде отыру оңай болмағанмен, шыдап керек. Үндістандықтар да солай. Дәрігерлер, журналистер, үкімет мүшелері, қоғам белсенділері жағдайдың қиын болғанына қарамастан, көңілді болуға шақырып, түрлі ролик таратты. 

Тіпті, Рампур қаласында (Уттар-Прадеш штаты) бақытты отбасы карантин кезінде дүниеге келген ұлына Ковид деген есім берді. Баланы вируспен аттас қылып, вирустың өзі жоламасын деген ырыммен жасаған.

Үндістан үкіметі Қазақстанға дәрі-дәрмек жіберді

Үндістан Қазақстанға стратегиялық әріптес ретінде коронавируспен күрес үшін көмек қолын созды. 19 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін алғыс айтқан болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети