ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 августа 2020 | 14:32

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты жағдай өршіп тұрғаны рас па?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Ақпан айында Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұрған. Ал қазіргі статистика бойынша 76-орынға түскен. Бүгінде елде 15 мыңнан аса науқас анықталған. Алғашында коронавирус бәсеңдеп келе жатқан елде бүгінде вирустың жаппай тарауына әкеліп соғуы мүмкін жаңа ошақтар анықталған. Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Кореядағы COVID-19-ға байланысты жағдайды баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақпан айында Оңтүстік Корея коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұрған. Ал қазіргі статистика бойынша 76-орынға түскен. Бүгінде елде 15 мыңнан аса науқас анықталған. Алғашында коронавирус бәсеңдеп келе жатқан елде бүгінде вирустың жаппай тарауына әкеліп соғуы мүмкін жаңа ошақтар анықталған. Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Кореядағы COVID-19-ға байланысты жағдайды баяндайды. 

20 қаңтарда Кореяда коронавирус расталған алғашқы науқас анықталған. Ол - Қытайдан келген 35 жастағы әйел. Үш күннен кейін COVID-19 Уханда жұмыс істеп, артынша респираторлық белгілер анықталғаннан кейін елге оралған 55 жастағы ер адамнан анықталған. 24 қаңтарда елде екі науқас анықталғаны туралы ресми түрде хабарланды.

Мамыр айына қарай Оңтүстік Корея коронавирус бәсеңдеп жатқан елдердің қатарында болды. Алайда 22 маусымда ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Чон Ын Ген Сеул мен оның шеткі аймақтарында коронавирустың екінші толқыны басталғанын хабарлады.

"Алғашында коронавирустың екінші толқыны күзде не көктемде болады деп болжадық. Бірақ біздің болжам қате болып шықты. Біз адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан инфекцияның тарауы тоқтамайды деген тұжырымға келдік", - дейді орталық басшысы.

Ал 11 тамызда Оңтүстік Кореяда коронавирустың үш жаңа штамы анықталды. Елдегі ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, ғалымдар шетелден келген адамдардан коронавирус геномының үш жаңа мутацияланған тізбегін анықтаған. Яғни, жаңа жағдайлар Германияның GISAID мәліметтер базасында тіркелген 80 мың геномдық вирустық тізбектен біршама айырмашылығы бар болып шыққан. Гендік мутация вирустың бетіндегі ақуыздан анықталған. Шетелден келген үш адамның екеуі Пәкістаннан, біреуі Өзбекстаннан келген. Үшеуі де елге келе сала оқшауланған. Кореяда олармен байланыста ешкім болмаған.

© Reuters

Орталық директоры Чон Ен Кынның айтуынша, жаңа штамдардың жұғу деңгейі мен патогендігін анықтау үшін бірнеше тәжірибе жүргізу керек.

Жалпы тамыздың ортасында елде коронавирус жұқтыру күрт ұлғая бастаған. Шілденің соңында елде 100-ден аса адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Мысалы, 14 тамызда Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясын жұқтырған 103 адам анықталған. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 25 шілдеде (113 адам анықталған) тіркелген. Мамандар коронавирус жұқтырған науқастардың күрт ұлғаюы жергілікті шіркеулер мен сауда орталықтарында адам көп жиналуымен байланысты болуы мүмкін екенін айтқан.

Коронавирус пандемиясы кезінде ойын-сауық, сауда орталықтары жабылмаған. Тек ол жерге баратын адам саны әлдеқайда азайған. Жергілікті тұрғын, қазақстандық Диана Сағиева мұны корейлердің тәртіпке бағынатындығымен байланыстырған еді.

"Ақшалай да, заттай да көмек беріледі" - Кореяда тұратын қазақ елде COVID-19 қалай басылғанын айтты


© Reuters

17 тамызда Оңтүстік Корея билігі елдегі шіркеулердің бірінде коронавирустың жаңа ошағы анықталғанын хабарлады. COVID-19 ошағы Сеулдегі Sarang Jeil шіркеуінде анықталған. Діни мекемеде жалпы 300 адам коронавирус жұқтырып, жүздеген адам COVID-19-ды анықтайтын тесттен өтуден бас тартқан. Енді билік әлеуметтік қашықтық бойынша қосымша жоспар енгізуге мәжбүр болып отыр.

"Қазіргі жағдай коронавирустың жаппай тарауына әкеліп соғуы мүмкін", - деді ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Чон Ен Кын.

Орталық мәліметінше, жексенбі, 16 тамызда ел астанасында 197 жаңа жағдай анықталған. Нәтижесінде науқастардың саны 15,5 мыңнан асқан.

"Егер вирусты тоқтатып, бақылауға алмасақ, науқастардың саны күрт ұлғаяды, ол біздің медицина жүйемізге кері әсер етіп, экономикамызға айтарлықтай залал келтіреді", - дейді Чон.

Корейлік эпидемиологтар Сеул шіркеуіндегі коронавирус ошағы Тэгу қаласындағы жасырын христиан сектасындағы қайғылы жағдайды қайталауы мүмкін деп сескеніп отыр. Тэгу қаласындағы Щинчонджи шіркеуінің қызметкерлері коронавирусты анықтауға тест тапсырудан бас тартып, олар мыңдаған адамға жұқтырғандықтан ақпаннан бастап елдегі бүкіл шіркеу жабылған болатын. 

Еске салайық, Оңтүстік Кореяда коронавируc жұқтырған 15 761 адам анықталған. Оның ішінде, 13 934 адам аурудан айықса, жалпы 306 адам қайтыс болған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer