ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 мая 2020 | 11:41

"Өзің ауырып шықпайынша сенбейсің". Коронавирусты жеңгендердің әңгімесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Соңғы мәліметтер бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 1,5 миллионнан аса адам аурудан айығып шықты. Tengrinews.kz тілшісі вирусты жеңгендердің әңгімесін баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы мәліметтер бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 1,5 миллионнан аса адам аурудан айығып шықты. Tengrinews.kz тілшісі вирусты жеңгендердің әңгімесін баяндайды.

35 жастағы мәскеулік тұрғын Денис Пономарев коронавирус пен екіжақты пневмония бойынша екі айдай ем алған. Денис Пономаревтың сөзінше, ол жасанды тыныс алдыру аппаратына ауруханаға жатқызылғаннан соң бірнеше күннен кейін қосылған. Өкпесі өз бетінде тыныс ала алмағандықтан науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Біртүрлі сезім болды"

"Маған жасанды тыныс алдыру аппаратының салдары мен одан бас тартқанда не болатынын таныстырды. Егер мен процедурадан бас тартқанда менің сауығып кетуіме ешқандай кепілдік болмас еді, ал денсаулығым күрт нашарлап кетер еді. Одан бөлек, жасанды тыныс алдыру аппаратында ұзақ жату да зиян.

Бұл біртүрлі сезім болды. Құдды бір су астында жатқандай болдым. Аузымнан бірнеше түтікше шығып тұрды. Ең қызығы - мен өзім демалған жоқпын, мен үшін аппарат демалып жатқанын сездім. Бірақ оның бары да маған үміт ұялатты, демек емделіп шығуға мүмкіндік бар деп ойладым. Жасанды тыныс алдыру аппаратын алғаннан кейін мен ас беруін сұрадым. Бәрі бірден қуанып кетті, себебі тәбеттің пайда болуы - жақсы белгі", - дейді Денис Пономарев.

Оның айтуынша, жасанды тыныс алдыру аппараты өшірілгеннен кейін өзінің демалуына санаулы секунды ғана болған.

"Өзім демала бастағанда ерекше күш сезіп, бұл жайттан сытылып шыққаныма қуандым. Сол сәттен бастап мен қарапайым нәрселерден: өзім демалып, өзім ас ішіп, төсектен тұрып, еркін қозғалудан ләззат ала бастадым", - дейді мәскеулік тұрғын.

"Бір сәтте бәрі бітті деп ойладым"

Ал Владивостокта коронавирус жұқтырған тұрғын "бір сәтте бәрі бітті деп ойладым" дейді. Бұл туралы ол "Восток Медиа" порталына айтып берген.

Сергей Цветковтың жағдайы шамамен 20 сәуірде нашарлаған. Тек бір аптадан кейін дәрігер шақырған, дене қызуы 39,8 болған. Жедел-жәрдем қызметі оны ауруханаға алып кеткен, сөйтіп рентген жасаған. Артынша коронавирусты анықтауға тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен.

"3-4 мамырда жағдайым өте нашар болды. Бір сәтте бәрі бітті деп ойладым. Мені осында алып келген кезде өкпенің 60 пайызы зақымдалған. Екінші тексеріс жағдайым тіпті нашар екенін көрсетті, әрі қарай не болатынын білмеймін. Қазір екі күн болды, жағдайым жақсы", - дейді Сергей Цветков. 

Коронавирус инфекциясынан айығып шыққан Лондон тұрғыны көз алдында қайтыс болған адамдар туралы айтып берген. Бұл туралы The Mirror басылымы жазған. 40 жастағы Джозеф Уоллис (Jozef Wallis) достарымен пабқа барған кезде COVID-19 жұқтырған. Оның бір аптадай дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, ауа жетпеген. Ер адам денсаулық сақтау жүйесіне масыл болмауы үшін дәрігерлерге жүгінбеген екен.

"Өкпем "сынық әйнекке" айналғандай" - коронавирус жұқтырған науқастардың үндеуі

Уоллис өзінің бөлмесінде оқшауланған. Тіпті ата-анасына жұқтырып аламын ба деген оймен оларға баруды тоқтатқан. Ер адамның жағдайы нашарлағаннан кейін дәрігерлер оны ауруханға алып кеткен. Оның диагнозы 30 сағаттан кейін расталған. Уоллис алты адамдық палатаға жатқызылған. Алты күнде палатада жатқан екі адам қайтыс болған.

"Егде жастағы бір адам тіпті өздігінен демала алмады, одан кейін мен ол кісіні көрмедім. Маған медбике ол кісі қайтыс болғанын айтты. Тағы бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда ол аман қалмады. Ол кісі кәрі еді, басқа да диагноздары болды", - дейді Уоллис.

Джозеф Уоллис © lenta.ru

Қайғылы оқиғалардың куәсі болған Джозеф Уоллис мемлекет қабылдаған шараларды сақтау маңызды екенін айтқан.

"Мұның бәрін шынайы қабылдауымыз керек. Сауық кештерін ұйымдастырып, достарыңызбен кездесудің қажеті жоқ. Әйтпесе адам өлімі көп болады", - дейді ол.

"Өзің ауырып шықпайынша сенбейсің"

Ал Ресейдегі Самара қаласының тұрғыны Алексейдің (есімі өзгерген) айтуынша, алғашында тамағы қыши бастаған. Сосын дене қызуы шамамен 37,5 градусқа көтерілген. Ер адам ауруханаға барып, коронавирусты анықтауға тест тапсырған. 

"Бұл үш апта бұрын болған оқиға. Мен үйде ем қабылдап жатқанмын. Сосын маған хабарласып, "сізде коронавирус анықталды. Киімдеріңізді жинастырыңыз, сізді жедел-жәрдем бригадасы алып кетеді" деді. Әрине, мен таңғалдым", - дейді Алексей "Волжская Коммуна" газетіне берген сұхбатында.

Алексей вирусты қайдан, қашан және кімнен жұқтырғанын білмейді екен. Себебі ол шетелде болмаған, вирус жұтырғандармен байланыста болмаған көрінеді. Алексейде коронавирус еш белгісіз өткен. Жасанды тыныс алдыру аппаратына да қосылмай өздігінен демалған.

"Бірінші күннен бастап мен ешкіммен байланыста болмадым. Бірақ достарым мен коронавирус жұқтырғанымды естігеннен кейін мені желіде әңгімелей бастады. Бәрі мен олардың біреуіне жұқтырды деп ойлап қорқа бастады. Меніңше, қазір кейбіреулер артық дүрбелең тудырып жатыр, бұл өзгелерге кесірін тигізеді. Бірақ коронавирус өтірік дейтіндерді қателеседі. Өзің ауырып шықпайынша сенбейсің", - дейді Алексей.

"Қазір өліп кететіндей жөтелдім". Коронавирусты жеңгендердің әңгімесі

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. 287 мыңнан аса адам вирус құрбаны болса, 1,5 миллионнан аса адам аурудан айығып шықты. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5240-қа жетті, 2 мыңнан аса адам аурудан айықты. Қазақстан бойынша 32 адам COVID-19 құрбаны болды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524.02  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer