Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 марта 2020 15:10

"Өкпем "сынық әйнекке" айналғандай" - коронавирус жұқтырған науқастардың үндеуі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Коронавирустың тарауына байланысты әр елде түрлі шара қабылданып жатыр. Алайда жергілікті биліктің қабылдаған ережелеріне құлақ аспай, сыртқа себепсіз шығып кетіп жатқан жандар жоқ емес. Желіде әлемнің түкпірінде коронавирус жұқтырып, үндеу жасаған адамдардың видеосы пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі әлем тұрғындарына үндеу жасаған науқастардың видеосын жинады. 


Коронавирустың тарауына байланысты әр елде түрлі шара қабылданып жатыр. Алайда жергілікті биліктің қабылдаған ережелеріне құлақ аспай, сыртқа себепсіз шығып кетіп жатқан жандар жоқ емес. Желіде әлемнің түкпірінде коронавирус жұқтырып, үндеу жасаған адамдардың видеосы пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі әлем тұрғындарына үндеу жасаған науқастардың видеосын жинады. 

Тара Джейн

Ұлыбританияның 39 жастағы тұрғыны, коронавирус жұқтырған Тара Джейн 23 наурызда туыстарына жансақтау бөлімінен үндеу жасаған. Жантүршігерлік видеода әйел қайта-қайта жөтеліп, әрең сөйлеп, тыныс алуы қиындаған. Оның айтуынша, өкпесі "сынық әйнекке" айналғандай болған. 

"Мен қазір жан сақтау бөлімінде жатырмын, түтікшесіз демала алмаймын. Олар (дәрігерлер - авт.) маған тамшылар мен катетерді қоюға тура келді", - дейді ол видеода. 

Сонымен қатар, Тара Джейн шылым шегетін адамдарға темекіні тастау жөн екенін айтқан. 

"Егер бұл жерге тап болсаңыздар, жағдай қиын болады", - дейді коронавирус жұқтырған науқас. 

Марк Макклорг

Ирландия тұрғыны Марк Макклорг та коронавирус індетін жұқтырған. 26 наурызда ол Facebook желісіндегі парақшасы арқылы үндеу жасаған. 

Марк Макклорг видеода коронавирус өте қауіпті екенін және вирус "өкпені толық жойып жіберу арқылы" адам жанын алатынын айтқан. 

"Өтінемін, бұл жағдай сіздің басыңыздан өтпейтініне сенімді болмаңыз. Бұл қарапайым тұмау мен суық тию емес. Қарқынды терапия бөліміне баруға және әрбір деміңіз үшін күресуге дайын болыңыз", - дейді Ирландия тұрғыны. 

Марк Макклорг Facebook желісіндегі парақшасында ауру кезеңі қалай жүріп жатқанын үнемі бөлісіп отырған. Соңғы жазбаларында ол ауруханадан шыққаны туралы сүйінші хабарын жеткізген. 


© Facebook

Олеся Диденко

Украиналық бизнесмен Игорь Диденконың әйелі Олеся Диденко коронавирусты Францияға барған сапарында жұқтырып алған. 

"9 наурызда мен сап-сау адамнан ауруға айналдым. 1 сағаттың ішінде жағдайым ушығып кетті", - деді Диденко видеода. 

Олеся Диденконың сөзінше, оның дене қызуы бірден көтеріліп, қалтырай бастаған. Басы мен денесі ауырып, аяқ асты жөтел басталып, тамағы құрғап кеткен. 

View this post on Instagram

A post shared by Olesya Didenko. (@olesya__didenko) on

"Мен Франциядан Испанияға барып, әуежайдағы телефон нөмірлері бойынша хабарласа бастадым. Маған ешқайда бармауым керек екені айтылды, бірақ 2 сағаттан кейін ақыры ешкім қайта хабарласқан жоқ. Мен вирусты балаларға жұғып кетпесін деп ауруханаға бардым", - дейді науқас. 

Ауруханада науқас екі сағаттай қараусыз қалған, артынша оған Covid-19 тестін тапсыру үшін хаттамаға сәйкес келмейтіні айтылған. Сөйтіп Олеся Диденкоға қан сараптамасы және рентген жасалған. Рентген нәтижесі бойынша, әзірше пневмония жоғы, бірақ вирус бар екені анықталған. Олеся Диденко оған арнайы дәрілер берілгенін және оқырмандарын кеш болмай тұрғанда үйде отырып, сақтануға шақырды. 

Ғалымдар коронавирус туралы қандай болжам айтып отыр?

Карен Маннеринг

Ұлыбританияның 39 жастағы тұрғыны Карен Маннеринг бүгінде өзі және құрсағындағы 26 апталық нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр. Себебі оның коронавирусты жұқтырғанына екі аптадай болған. Науқастың өкпесі қабынып кеткен екен. 

"Коронавирусты жұқтыратын келесі адам сіз болуыңыз мүмкін. Мені үйде үш балам мен күйеуім күтіп отыр, бірақ олармен жүздесе алмаймын. Бұл вирусты қайдан жұқтырғанымды білмеймін, жағдайым нашар. Сіздерге айтарым, егер ауа райы жақсы екен деп теңіз жағасында сыра ішемін десеңіз, сіз вирусты үйге әкеліп, біреуді өлтіресіз. Ол сіздің отбасыңыздың мүшесі болуы мүмкін. Сыртқа шығуды доғарыңыз", - деді көзіне жас алған науқас. 

View this post on Instagram

A post shared by @karen_mannering on

Коронавирустан айыққан америкалық қыз қазақстандықтарға кеңес берді

Ал бүгін коронавирустан айыққан Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ қазақстандықтарға кеңес берді. Ол вирусты 21 наурызда жұқтырған.

"Дене қызуым көтерілді, басым қатты ауырды, өзімді әлсіз сезіндім. Қатты қиналдым, бес айлық қызым бар. COVID-19 сараптамасы вирус барын көрсетеді деп ойламадым да. Себебі менде коронавирустың белгілері аса байқалған жоқ. Жөтел болған жоқ, тыныс алу да қиындамады", - дейді ол.

Мариссаның қазіргі уақытта денсаулығы дұрысталған, дегенмен ол әлі де өзін оқшаулап отыр. Оның айтуынша, вирусты Нью-Йорктен шет жерде Уэстчестер округінде жұққан.

© 24.kz

Қазір ол дәрігерлер суық тиюден жазып берген дәрілерді ішіп жатыр екен. Мариссаның айтуынша, үйдің ішін дезинфекциялап, есік, телефон, асүй заттарын және басқа да тұрмыс бұйымдарын тазалау керек.

"(...) Қазақстандықтарға берер кеңесім: жақсы көңіл-күйде жүріңіздер, телефондарыңызды өшіріп тастаңыздар, жаман жаңалықтарды тыңдамаңыздар. Негатив жаңалықтардан аулақ болуға тырысыңыз", - деді Марисса.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети