ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 июня 2020 | 16:23

"Полицейдің танысы болып шықты". АҚШ-ты дүрліктірген істің мән-жайы анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Twitter / Philip DeFranco © Twitter / Philip DeFranco

Полицей сегіз минуттай афроамерикалықтың мойнын тізесімен басып тұр. Қара нәсілді ер адам демала алмай жатқанын айтады. Бір кезде оның да үні өшеді - бұл желіде тарап, жергілікті халықтың ашуын туғызған видео. Қайғылы оқиға 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында болған. Мыңдаған америкалықтың ереуілге шығуына себеп болған қайғылы оқиға қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Полицей сегіз минуттай афроамерикалықтың мойнын тізесімен басып тұр. Қара нәсілді ер адам демала алмай жатқанын айтады. Бір кезде оның да үні өшеді - бұл желіде тарап, жергілікті халықтың ашуын туғызған видео. Қайғылы оқиға 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында болған. Мыңдаған америкалықтың ереуілге шығуына себеп болған қайғылы оқиға қалай өрбіді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Оқиға қалай басталды

Қайтыс болған - 46 жастағы Джордж Флойд есімді афроамерикалық ер адам. Ресми мәлімет бойынша, мейрамханада күзетші болыпты жұмыс істеген Флойд сол күні дүкеннен темекі сатып алып шыққан. Алайда ол жалған ақшамен төлеген көрінеді. Оқиға орнына келген полицейлердің мәліметінше, Флойд көлікте отырған. Офицерлер оған көліктен шығуды талап еткенде ол қарсылық көрсеткен.

Миннеаполис полициясының мәліметінше, офицерлер күдіктінің қолына кісен салған. Алайда олар жігіттің денсаулығында ақауы бар екенін байқап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер оның кеуде қуысына массаж жасап, басқа да құтқару шарасын жүргізген. Сөйтіп Флойд Хеннепиндегі медициналық орталыққа жеткізілген. Ол сол ауруханада жан тапсырған.


Джордж Флойд

Мәселенің мәні басқада екен. New York Times мәліметінше, Джордж Флойд пен оны жерге жатқызып, желкесін тізесімен батырып тұрған полицей Дерек Шовин қайғылы оқиға болардан бір жыл бұрын түнгі клубта бірге істеген болып шықты. Ол кезде екеуі де қауіпсіздікке жауап берген. 

Қайғылы оқиға жаппай ереуілге ұласты

Желіде қайғылы оқиға кезіндегі түрлі видео тарап кеткен. Солардың бірін Дарнелла Фрейзер (Darnella Frazier) есімді куәгер Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген. Видеода полиция көлігінің маңында жерде жатқан ер адам көмек сұраған. "Мен дем ала алмай жатырмын! Мен дем ала алмай жатырмын! Мені өлтірмеңдерші!", - деп айғайлайды. Ер адам оның іші мен мойны ауырғанын айтып, су сұраған. Куәгердің сөзінше, оның мұрнынан қан кеткен.

Видео кадрында оқиға куәгері полицейден күдіктінің мойнынан аяғын алуды сұрайды. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмаған. Бір кезде күдіктінің де үні өшкен. "Бауырым, ол қозғалып та жатқан жоқ! Аяғыңды оның мойнынан ал!" деген сөздер естіледі. "Сен оны өлтіріп қойдың ба?", - дейді тағы бір куәгер.

46 жастағы афроамерикалық жігіттің өлімі жергілікті тұрғындардың ашуын туғызды.

26 мамырда қайғылы оқиға болған аялдама Флойдты еске алуға арналған және Black Lives Matter қозғалысын еске алу үшін үнқағаздар ілінген. Мыңдаған адам Миннеаполис полициясының үшінші округіне дейін барған. Бейбіт басталған ереуілдің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ереуілге шыққандар полиция бөлімшесіне бояу шашып, тас лақтырған. Біраз уақыттан кейін жергілікті халық үшінші полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Сағат 20:00-де арнайы жасақ құм мен химиялық реактив салынған капсула ата бастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Minnesota Stand up (@mnstandup)

Ереуіл 27 мамырда да жалғасқан. Сағат 18:00-ден бастап полиция газданған химиялық бомбал мен резеңке оқ қолдана бастаған. 27-29 мамырда Лос-Анджелес, Калифорния, Мемфис, Сент-Пол, Луисвилла, Нью-Йорк, Денвер, Альбукерк, Финикс, Колумбуста жаппай ереуіл болған. 28 мамырда Миннесота мен Сент-Полде 72 сағатқа төтенше жағдай режимі жарияланады. Артынша ел президенті Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында қаладағы жағдайға бей-жай қарай алмайтынын жеткізген.

"Не қала мэрі Джейкоб Фрей жағдайды өз қолына алады, не мен Ұлттық гвардияны жіберемін. Бұл алаяқтар Джордж Флойдтың есімін қорлады. Мен қазір ғана штат губернаторы Тим Уолзбен сөйлесіп, әскерилер оның иелігінде екенін айттым. Жағдай ушықса бақылауды өз қолымызға аламыз", - деп жазды Трамп.

30 мамырда Фултон округінде наразылық шараларына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Ал 31 мамырдағы жағдай бойынша, АҚШ-тың 17 қаласынан ереуіл кезінде полицейлер 1383 адамды ұстаған.

Ал бүгін АҚШ-тағы наразылық шарасы Еуропа елдерінде жалғасын тапқаны белгілі болды. Оның ішінде, Берлин және Лондонда жаппай наразылық акциясы басталды. Жексенбі күні Ұлыбритания астанасында "Қара нәсілді адамның да өмірінің мәні бар" деген ұранмен жүздеген адам көшеге шыққан.

Трафалгар алаңындағы наразылық акциясына қатысушылар "әділдік пен бейбітшілік жоқ" деп ұрандап, парламент ғимаратының маңынан өтті. Митинг АҚШ елшілігінің алдында аяқталды.

АҚШ-тың Берлиндегі елшілігінің алдында өткен шеруге 2 мыңға жуық адам қатысты. Олар "Джордж Флойдтың ісін әділ қарауды талап етеміз", "Бізді өлтіру доғарылсын!", "Енді кімнің мойнын аяқпен басасыңдар?" деген жазуы бар баннерлерді ұстап тұрды. Лондонда полиция Джордж Флойдты еске алуға арналған митинг кезінде 23 адамды ұстады.

Тергеу жұмыстары

Флойдтың өлімінен кейін екі күннен соң Миннеаполис мэрі Джейкоб Фрей афроамерикалық ер адамның өлімінде нәсілдік сипат барын айтты. Сондай-ақ Флойдты өлтірген Дерек Шовинді қылмыстық жауапқа тартуға шақырды. Аталған іске ел президенті Дональд Трамп та араласып, Әділет министрлігі мен оның құрамына кіретін Федералдық Тергеу Бюросына тергеу ісін жылдамдатуды тапсырды.

Қала мэрі Флойдтың өліміне қатысты істі тергеуге қатысты комиссия құрды. Ал Дерек Шовин 29 мамырда күш қолданумен байланысты үшінші дәрежедегі кісі өлтіру қылмысы үшін қамауға алынды. Одан бөлек, полиция басшылығы Флойдты тұтқындауға қатысқан төрт полицейді қызметінен босатқан. 

Дерек Шовин

Көптеген адам Флойдтың өлімін 2014 жылы 17 шілдеде болған Эрик Гарнердің өлімімен салыстырған. 43 жастағы афроамерикалық ер адам, алты баланың әкесі осыдан алты жыл бұрын Томпкинсвилл ауданында полицейлермен ерегісіп қалған. Тәртіп сақшылары оны көшеде заңсыз темекі сатқаны үшін тұтқындамақ болған. Гарнер оны тұтқындамақ болған полицейлерге қарсылық білдірген.

Эрик Гарнерді тұтқындау сәті

Эрик Гарнер ірі денелі адам болғандықтан полицей Дэниел Панталео оны жерге жатқызып тұншықтырған. Одан кейін бірнеше полицей оны ұстап тұрған кезде Гарнер "Мен демала алмай жатырмын!" деп айғайлаған. Бір сағаттан кейін Эрик Гарнердің қайтыс болғаны туралы хабар жеткен. Артынша Гарнерде бронх астмасы мен жүрегі нашар болғаны анықталған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer