Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 июня 2020 10:03

Америкалық полиция қатыгез бе? АҚШ тарихындағы елді дүрліктірген өлімдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Келлиэнн Конуэй журналистермен тілдесу барысында елде жүйелі нәсілдік шеттету бар және адам теңдігі жоғын мәлімдеді. Афроамерикалық ер адам Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған ереуіл салдарынан 11 адам қаза тапқан. Жүздеген адам зардап шеккен. Алғашында бейбіт басталған ереуіл кейіннен наразылық акциясына ұласқан. Бұл АҚШ тарихындағы алғашқы оқиға емес. Tengrinews.kz тілшісі америкалықтардың ашуына тиген қара нәсілділердің өлімі туралы баяндайды. 


Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Келлиэнн Конуэй журналистермен тілдесу барысында елде жүйелі нәсілдік шеттету бар және адам теңдігі жоғын мәлімдеді. Афроамерикалық ер адам Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған ереуіл салдарынан 11 адам қаза тапқан. Жүздеген адам зардап шеккен. Алғашында бейбіт басталған ереуіл кейіннен наразылық акциясына ұласқан. Бұл АҚШ тарихындағы алғашқы оқиға емес. Tengrinews.kz тілшісі америкалықтардың ашуына тиген қара нәсілділердің өлімі туралы баяндайды. 

Эрик Гарнердің өлімі

Көптеген адам Флойдтың өлімін 2014 жылы 17 шілдеде болған Эрик Гарнердің өлімімен салыстырған. 43 жастағы афроамерикалық ер адам, алты баланың әкесі осыдан алты жыл бұрын Томпкинсвилл ауданында полицейлермен ерегісіп қалған. Тәртіп сақшылары оны көшеде заңсыз темекі сатқаны үшін тұтқындамақ болған. Гарнер оны тұтқындамақ болған полицейлерге қарсылық білдірген.

Эрик Гарнер ірі денелі адам болғандықтан полицей Дэниел Панталео оны жерге жатқызып тұншықтырған. Одан кейін бірнеше полицей оны ұстап тұрған кезде Гарнер "Мен демала алмай жатырмын!" деп айғайлаған. Бір сағаттан кейін Эрик Гарнердің қайтыс болғаны туралы хабар жеткен. Артынша Гарнерде бронх астмасы мен жүрегі нашар болғаны анықталған.


Эрик Гарнерді тұтқындау сәті

Қайғылы оқиғадан кейін 21 шілдеде оқиға орнына шақырылған төрт фельдшер мен дәрігер қызметінен қуылып, офицер Дэниел Панталео қаруы мен белгісінен айырылған. Ал 3 қыркүйекте сот офицер Панталеоны жазаламау туралы шешім қабылдаған. Салдарынан Нью-Йоркте наразылық шарасы өткен.

Майкл Браунның өлімі

Қара нәсілді жігіт Майкл Браунның өлімі Эрик Гарнердің өлімінен кейін Миссури штаты, Фергусон қаласында болған оқиға. 18 жастағы афроамерикалық жігіт полицей Даррен Уилсон оны тұтқындамақ болған кезде оқ атқаннан кейін көз жұмған. Бұл оқиғаға дейін қара нәсілді жігіттің полициямен ісі болмаған. Майкл Браун қайғылы оқиғадан біраз уақыт бұрын дейін тонау жасады деген күдікке ілінген.

Оқиға қоғам арасында қызу талқыға түсіп, артынша наразылық, зорлық, ұрлық, вандализмге қарсы және тергеу әділ өтсін деген талаппен бейбіт шеру болған. Сол кездегі ел президенті Барак Обама Майкл Браунның отбасына көңіл айтып, АҚШ-тың Әділет министрлігіне тергеу жүргізуді тапсырды.

Браунның өлімінен кейін Фергусон қаласында тәртіпсіздіктер басталды. Полиция резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. Қала бойынша төтенше жағдай режимі мен комендант сағаты енгізілген.

19 тамызда комендант сағаты алынғанымен ереуіл басыла қоймаған. Наразылық шарасы кезінде 30 адам ұсталған. 20 тамызда полиция қызметкері тағы бір қаранәсілді жігітті атып жіберген. Сол күні түнде тағы 50 адам ұсталған.

Осы оқиғалардан кейін 20 желтоқсанда 28 жастағы афроамерикалық жігіт Измаил Бринсли Бруклинде екі полицейді атып тастаған. Оқиға болардан үш сағат бұрын Бринсли Twitter желісіндегі парақшасында "Бүгін мен ол шошқаларды өлтіремін" деп жазған. Бринсли оған себеп - Эрик Гарнер мен Майкл Браунның өлімі екенін айтқан. Оқиғадан кейін Бринсли қашпақ болған. Алайда оны полицейлер екі жақтап метро маңында ұстаған. Сөйтіп ол өз-өзіне қол жұмсаған.


Измаил Бринсли

Фредди Грейдің өлімі

Қара нәсілді жігіт Фредди Грей 2015 жылы 19 сәуірде полиция көлігінде көз жұмған. Оның өлімі де Америка қоғамында наразылық тудырған оқиға. Грейді 12 сәуірде Балтимор полицейлері тұтқындамақ болған. Тұтқындау барысында ол полиция көлігінде комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Артынша оның қайтыс болғаны туралы хабар жеткен. Полицейлер адам өлтірді деген күдікке ілініп, Балтимор тұрғындары наразылық шарасын ұйымдастырған.

Қайғылы оқиға болғаннан кейін шамамен бір жылдан соң күдікке ілінген жеті полицейдің төртеуі ақталып шығып, үшеуінен айыптау алынған.

Фредди Грей

Алайда Балтимордың полиция депараменті Грейді тұтқындамақ болған алты полицейді қызметінен босатқан. 2015 жылдың 25 сәуірінде полиция өкілі Энтони Баттс тәртіп сақшылары Фредди Грейге дер кезінде медициналық көмек көрсетілмегенін айтқан.

Фредди Грей 20 жасында қайтыс болған. Оған дейін ол түрлі заңбұзушылық жасаған, оның ішінде есірткемен де байланысы болған көрінеді. Грей 20 рет сотқа тартылған.

"Полицейдің танысы болып шықты". АҚШ-ты дүрліктірген істің мән-жайы анықталды

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети