"Робот-ит, адам орнына манекен". Шетелдіктер арақашықтықты қалай сақтап жүр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facebook / Cafe & Konditorei Rothe © Facebook / Cafe & Konditorei Rothe

Коронавирус пандемиясы дүние жүзі халқының күнделікті өмірінде біраз өзгеріс енгізді. Көптеген елде карантин режимі алынып, жергілікті тұрғындар қалыпты өмір сүре бастағанымен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Кей әлде адамдар арасындағы арақашықтық қатаң сақталса, кейбірі оған тіпті мән бермейтін көрінеді. Шетелдіктер әлеуметтік арақашықтықты қалай сақтайды? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясы дүние жүзі халқының күнделікті өмірінде біраз өзгеріс енгізді. Көптеген елде карантин режимі алынып, жергілікті тұрғындар қалыпты өмір сүре бастағанымен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәселесі әлі де өзекті болып тұр. Кей әлде адамдар арасындағы арақашықтық қатаң сақталса, кейбірі оған тіпті мән бермейтін көрінеді. Шетелдіктер әлеуметтік арақашықтықты қалай сақтайды? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Жеке кабиналар

Амстердамда 1 маусымнан бастап кафе, мейрамхана, музейлер мен кинотеатрлар ашылды. Бүгінде елдегі рестораторлар әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ерекше әдіс ойлап тапқан. Мысалы, елдегі Mediamatic мейрамханасы екі адамға арналған жағажайда жеке кабина жасаған. Олардың жалпы саны - бесеу. Одан бөлек, даяшылар да арнайы қорғаныш киімдерін киіп, тапсырысты ұзын тақтайша арқылы таратады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от golem13 (@golem13)

Адамның орнына манекен

Ал АҚШ рестораторлары мейрамханалардың іші қаңырап қалады деп ойлаған болуы керек. Кейбір тамақтану орындары залда адам көп отырғандай әсер қалдыру үшін бос орындарға манекендерді орналастырып қойған. Мысалы АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Open Hearth мейрамханасы залға манекендерді отырғызып, оларды сәнді киіндіріп, бояндырып қойған. 


© instagram.com/innatlittlewash

Келушілердің басына түтікше кигізу

Германияда тамақтану орындары мамырдың тоғызында ашыла бастаған. Алайда бұл елде де әлеуметтік арақашықтық мәселесі өзекті. Шверина қаласындағы Rothe кондитерлік кафесінің иелері қонақтарды бір-бірінен алшақ отырғызудың қарапайым жолын тапқан. Келушілерге басына полиэтиленнен жасалған түтікше тағып отыру ұсынылған. Кафе иесі Жаклин Роте CNN-ге берген сұхбатында келушілерге мұндай әдіс ұнағанын, алайда бұл тәжірибе күнделікті өмірде арақашықтықты сақтау қаншалықты қиын екенін көрсеткенін айтады. 

© Facebook / Cafe & Konditorei Rothe

Әр демалушы үшін жеке шеңбер

Бұл Нью-Йорктегі Домино саябағы арақашықтықты сақтау үшін ойлап тапқан әдісі. Расында, жергілікті тұрғындар сызылып, бөлінген шеңберге орналасып, демалуды жөн санаған. 

© REUTERS

Айта кетейік, мамырда америкалық билік елдің бірнеше штатында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген санитарлық шектеулерді, оқшаулану режимін жеңілдете бастаған болатын. Алайда жергілікті тұрғындарға маска тағып, арақашықтықты сақтау ұсынылған. 

Алайда АҚШ тұрғындары ережеге бағынбай, қоғамдық орындарда көптеп жиналған көрінеді. Сөйтіп 23-25 мамырда елде ауырған саны көп болған кезең тіркелген екен. 

Арнайы "бас киім"

Ал дүние жүзіне танымал фаст-фуд желісінің Германиядағы бөлімшесі келушілер арақашықтықты сақтауы үшін "тәж" таратқан. Арнайы "бас киім" келушілердің 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауына мүмкіндік береді. 

Робот-иттер

Сингапурдың орталық саябағында ерекше "қызметкер" пайда болған. Ол Boston Dynamics компаниясы шығарған Spot ит-роботы. Робот саябаққа келушілерге коронавирустың тарауын алдын алу үшін арақашықтықты сақтау керегін ескертіп жүреді. 

© REUTERS

Өзге елдерге үлгі болған Сингапур коронивируспен күресте қалай қателесті?

"Сингапурды сау күйінде сақтап қалайық. Өзіңіздің және өзгенің қауіпсіздігі үшін, өтініш, бір метр арақашықтықты сақтаңыз. Рақмет", - деп ескертеді екен. 

Айта кетейк, Сингапур дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша 30-орында. Елде жалпы коронавирус жұқтырған 40 мың адамның 30 мыңы аурудан айығып шыққан. Жалпы 26 адам қайтыс болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro