Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 апреля 2020 13:02

Өзге елдерге үлгі болған Сингапур коронивируспен күресте қалай қателесті?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: pexels.com Көрнекі сурет. Фото: pexels.com

Сингапур коронавирус инфекциясының жаппай таралмауының алдын алуда өзге елдерге үлгі болды. Коронавирустың жаңа түрін COVID-19 деп атамай тұрған кезде Сингапур билігі сапарға шығуға тыйым салды және жұқтырған адамдармен байланыс жасағандарды тез анықтап отырды. Бұл вирустың тарауын тежеуге көмектесті. Әйтсе де, соңғы күндері жұқтырғандардың саны күрт өсті. 8 сәуірде 142 жаңа жағдай тіркелсе, 9 сәуірде 287 адам. 13 сәуірде 386 адам жұқтырғаны расталды. Қазір елде барлығы 2 918 адам COVID-19 жұқтырған. 586 адам жазылған, 9 адам қайтыс болды. Қалайша жағдай күрт өзгерді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.


Сингапур коронавирус инфекциясының жаппай таралмауының алдын алуда өзге елдерге үлгі болды. Коронавирустың жаңа түрін COVID-19 деп атамай тұрған кезде Сингапур билігі сапарға шығуға тыйым салды және жұқтырған адамдармен байланыс жасағандарды тез анықтап отырды. Бұл вирустың тарауын тежеуге көмектесті. Әйтсе де, соңғы күндері жұқтырғандардың саны күрт өсті. 8 сәуірде 142 жаңа жағдай тіркелсе, 9 сәуірде 287 адам. 13 сәуірде 386 адам жұқтырғаны расталды. Қазір елде барлығы 2 918 адам COVID-19 жұқтырған. 586 адам жазылған, 9 адам қайтыс болды. Қалайша жағдай күрт өзгерді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Жұқтырғандардың көбі - адам көп шоғырланған жатақханаларда тұратын гастербайтерлер. Бұған дейін Сингапур карантин енгізбеген еді. Бірақ қазір ішінара карантин жариялап, мектептер жабылды, тек маңызды кәсіпорындар мен компаниялар жұмыс істеп жатыр. Ал тұрғындар үйден шықпай отыруы керек.

Сарапшылардың айтуынша, әлемдегі ең бай елдердің бірі ретінде пандемия кезінде Сингапур кедей елдерге үлгі бола алады. Олардың тәжірибесін пайдалануға әбден болады.

Сингапурде жағдай қалай?

Елде коронавирус эпидемияның басында анықталды. Вирусты Қытайдың Ухан қаласынан 23 қаңтарда келген турист жұқтырған. Дәл осы күні Уханда карантин жарияланды.

Яғни, ауруға COVID-19 деген ресми атау берілгенде Сингапур тұрғындарының арасында вирус тарай бастады. Бірақ биліктің нақты жоспары болды. Сингапур әуежайларында дәрігер тексеруінен бөлек, ел ішінде инфекцияға күдіктілер тест тапсырды және байланыста болған тұлғалар үйінде оқшауланды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Сингапур үкіметі қолданған шараларды басқаларға үлгі етті. Үкімет бірнеше апта бойы жағдайды бақылай алды - жұқтырғандар аз, оларды қадағалай алды. Сол себепті елде ешқандай шектеу шарасы қабылданбады.

Бірақ ДДҰ аурулардың ушығуын ескерту және қажетті іс-қимыл жаһандық желісінің басшысы және Сингапур ұлттық университетінің профессоры Дэйл Фишер журналистермен сұхбатында оған "Сингапурде бәрі жақсы" дегенде, ол "Әзірше бәрі жақсы" деген болатын.

"Бұл ауруды тоқтату өте қиын", - деді Дэйл Фишер.

Жағдай қалай қиындады?

Сингапур мемлекеттік университеті жанындағы Со Сви Хок денсаулық сақтау мектебінің деканы, профессор Йик-Йин Тео елдегі коронавируспен күрес жүйесі наурыз айының ортасына дейін қауқарлы болғанын айтты.

Ол кезде әлем халқы коронавирустың қаупін түсінді және өз азаматтарын жан-жақтан елге қайтуға шақырды. Сингапурға да мыңдаған азамат қайтып келді. 500-ден астам адамнан инфекция анықталды. Тек олар өздерінің жұқтырғанын білмеген.

Шетелден келгендерді үйіне 14 күндік карантинге жіберді. Туыстарына аурудың белгілері болмаса, бірге тұруға рұқсат етілді.

Осылайша, жаңадан жұқтырғандардың саны біртіндеп ұлғайғанмен, наурыз айының ортасында күніне бірнеше ондық анықталды. Көбіне науқастар шетелден келген және келгендерден жұқтырғандар болды.

Бірақ алғаш рет елдегі жұқтыру жағдайларын қадағалауда қиындық туды.

Ең басты қателігі - шет жұрттан келгендермен байланысты шектемеу. Себебі вирус ешқандай белгілері болмай-ақ жұға берді.

Сингапур тәжірибесінен не қорытуға болады?

Енді елге келгендерді бірден мемлекеттік карантинге жібереді. 7 сәуірде елде ішінара карантинді қарастыратын заң қабылданды. Бірақ заңда карантин деген сөз тікелей қолданылмайды.

Үйден тек спортпен шұғылдануға және аса қажет болғанда шығуға болады. Ереже бұзғандар 7 мың доллар айыппұл төлейді немесе жарты жылға қамалады.

Профессор Йик-Йин Тео бұл шараларды тиімді деп есептейді. Бірақ жақында жұқтырғандар саны тағы күрт өсуі мүмкін екенін жасырмайды. Алайда, бұл қабылданған шаралардың емес, соңғы он күндегі жағдайдың салдары болады.

Соңғы аптада еңбек мигранттарының арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді. Елде кедей елдерден келген жүз мыңдаған адам құрылыс, кеме және ғимараттарға қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

Сингапур экономикасы жалпы алғанда осы жұмысшыларға байланысты, бірақ жұмыс шарттары әлеуметтік қашықтықты сақтауға мұрша бермей отыр.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, бұл жұмысшылар бір бөлмеде 12 адам тұратын жатақханаларға қоныстанған. Оларға дәретхана, жуанытын бөлме және асхана ортақ.

Соңында осындай жатақханалар инфекция жұқтыру көзі болып шықты. 500 жағдай тіркелді. Тіпті, бір жатақханада жұқтырғандар саны елдегі көрсеткіштің 15 пайызын құрап отыр.

Жақында Сингапурдың Ұлттық даму министрі Лоренс Вонг "аурудың былай тез тарайтынын білгенде, бәрі басқаша болар еді" деді. Себебі көптеген жұмысшы ауырып жүрсе де, жұмысын жалғастырған, мән бермеген.

Енді билік алдағы бірнеше күнде науқастар күрт көбейеді деп қорқып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети