ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 ноября 2020 | 13:53

"Сиыр етінен анықталды". Қай елдерде коронавирустың үшінші толқыны басталды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 57 миллионнан асып, әлемнің бірнеше елінде коронавирустың үшінші толқыны басталды. Ол елдерде төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус қайта өршіп жатқан елдерге шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандар саны 57 миллионнан асып, әлемнің бірнеше елінде коронавирустың үшінші толқыны басталды. Ол елдерде төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат енгізіліп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус қайта өршіп жатқан елдерге шолу жасады.

Сеул

20 қарашадағы жағдай бойынша, Сеулде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өршіп жатыр.

Бүгін Оңтүстік Корея астанасы Сеулде коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Юн Тэ Хо мәлімдеді.

"Біз (Сеул ауданында) вирус инфекциясының үшінші толқыны жүріп жатыр деп санаймыз, себебі дәл осындай жағдай ақпан-наурыз және тамызда байқалған", - деді шенеунік.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 19 қарашадан бастап елде карантин шаралары күшейтілді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Кореяда бірнеше күн қатарынан күніне коронавирус жұқтырған 300-ден аса адам тіркелген.


Сеул. © REUTERS

Иран

Қазанның басында Иранда коронавирустың үшінші толқыны басталғаны ресми түрде жарияланды. Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қайтадан карантин қатаңдатылып, бірнеше қала қызыл аймаққа енген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, соңғы айларда тіркелген науқастар саны наурыздағы көрсеткіштен бірнеше есеге көп. Бір тәулікте 4 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып жатыр екен.

Соңғы деректерге қарағанда, Иранда СOVID-19 жұқтырғандар саны 815 117-ге жетті.


Иран. © REUTERS

Франция

Францияда коронавирустың үшінші толқыны ресми түрде жарияланбаса да, елде коронавирус бойынша жағдай ушығып жатыр.

Статистикаға сенсек, Францияда науқастар саны 2 миллионнан асты - 2 086 288.  Осыған байланысты елде 30 қазанға қараған түннен бастап 1 желтоқсанға дейін жалпыұлттық карантин енгізілді.


Франция. © REUTERS

"Коронавирус Еуропаны тағы әуреге салды. Испания, Ирландия, Нидерланды сияқты кейбір ел қатаң шараны ертелеу қабылдады. Дегенмен бүгін бәріміз бір орынға келдік: екінші толқынға тап болдық. Бұл біріншіге қарағанда ауқымды және адам өлімі көп болуы мүмкін деп болжап отырмыз", - деген еді президет Эммануэль Макрон.

"Антирекорд тіркеліп жатыр". Еуропа елдеріндегі коронавирусқа байланысты жағдай қандай?

Үндістан

Үндістанда коронавирустың үшінші толқыны қарашада басталды. 4 қарашада Делидің денсаулық сақтау министрі Сатьендар Джайн елде соңғы 15 күнде эпиджағдай өршуіне байланысты коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мәлімдеген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты - 9 004 365. 130 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Елде алғаш коронавирус 2020 жылдың 30 қаңтарында Керала штаты, Триссур қаласында Уханнан келген үш студенттен анықталған. Алғаш өлім жағдайы 12 наурызда Карнатака штатында тіркелген. Ол - Сауд Арабиясынан келген 76 жастағы ер адам.


Үндістан. © REUTERS

Наурызда үнді елінде вирус тарауының негізгі ошағы оңтүстік Делидегі Низамуддин Марказ мешіті болған. Діни шараға 1800 адам жиналған, оның ішінде, 281-і шетелден: Индонезия, Ұлыбритания мен Франциядан келгендер. 31 наурызда шараға қатысқан 300 адамнан жіті респираторлық белгілер, 24 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Айта кетейік, бүгінде Үндістан әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша 2-орында тұр, ал 1-орында АҚШ.

Жапония

9 қарашада Жапонияның үкімет тобы шұғыл мәлімдеме жасап, елде коронавируспен күресу бойынша қатаң шаралар қабылдауды тапсырған. Биліктегілер коронавирус өте жылдам тарап жатқанын айтқан еді.

Осыдан бір апта бұрын үкіметтегілер үшінші толқынның қауіпті екенін ескертіп, барлық елді мекендегі жағдайды бақылап жатқанын мәлімдеді.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, эпидемиялық жағдай Токиода ғана емес, басқа қалаларда да өршіп жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, Жапонияда СOVID-19 жұқтырғандар саны 123 мыңнан асты.

 Жапония. © Тұрар Қазанғапов

Қытай

Бүгін Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері мәлімдеді.

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте жеткізіліп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

© Twitter.com/saksivarnan 

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer