Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 октября 2020 17:00

"Антирекорд тіркеліп жатыр". Еуропа елдеріндегі коронавирусқа байланысты жағдай қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар бойынша тәуліктік антирекорд тіркеліп жатыр. Біраз елде эпиджағдай нашарлай бастаған. Сол себепті төтенше жағдай режимі қайтадан жариялана бастады. Tengrinews.kz тілшісі Еуропа елдеріндегі қазіргі жағдайға шолу жасады.   


Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандар бойынша тәуліктік антирекорд тіркеліп жатыр. Біраз елде эпиджағдай нашарлай бастаған. Сол себепті төтенше жағдай режимі қайтадан жариялана бастады. Tengrinews.kz тілшісі Еуропа елдеріндегі қазіргі жағдайға шолу жасады.   

Италияда 16 қазанда COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бір тәулікте 10 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Бұл - эпидемия басталғалы бері елдегі тіркелген антирекорд.

Германияда бір тәулікте жеті мыңнан аса науқас анықталса, Португалияда үш күн қатарынан коронавирус инфекциясы 2,5 мыңнан аса адамнан анықталған.

Чехияда 15 қазанда пандемия басталғалы жаңа рекорд тіркелді - бір тәулікте 9721 адам анықталды. Айта кетейік, Чехияда коронавирустың екінші толқынына байланысты 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Жергілікті билік ТЖ режимі 30 қазанға дейін сақталады деп жоспарлаған. Чехияның денсаулық сақтау министрі Роман Прымуланың сөзінше, 5 қазаннан бастап екі аптаға мектептер жабылған. Көбіне Прага мен ел астанасына жақын аймақтардағы білім мекемелері жабылған.

Бүгінде Чехияда коронавирус жұқтырған 181 мыңнан аса адам анықталған. Оның 74 908-і аурудан айығып шықса, жалпы 1513 адам қайтыс болған.

© Reuters

Бір күнде коронавирус жұқтырғандар рекордтық саны бойынша Босния және Герцеговина (621 жағдай), Солтүстік Македония (535), Нидерланд (7997), Литва (281), Болгария (914), Хорватия (1131), Ресей (15 150), Албания (257), Австрия (1552) және Польша (8099) билігі де хабарлаған.

Кеше, 19 қазанда  үкіметі COVID-19 жұқтырғандардың санының күрт өсуіне байланысты коменданттық сағат жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, 19 қазанда коронавирус жұқтырған 537 адам анықталған.

"Еуроодақтың өзге де елдері секілді біз де азаматтарымызға сағат 21:00-ден 06:00 аралығында сыртқа шығуға тыйым салдық. Айта кетейік, соңғы уақыттары вирус жұқтыру деректері жиындар мен мерекелерде көптеп тіркелген", - делінген елдің министрлер кабинетінің Twitter желісіндегі парақшасында.

Ережені бұзғандар 400-4000 еуро аралығында айыппұл арқалауы мүмкін.

© Reuters

Коронавирус жұқтырған науқас саны бойынша 91-орында тұрған 19 қазандағы жағдай бойынша, тағы 1194 науқас анықталып, 15 адам қайтыс болған. Грузияда жаз мезгілінің соңында жағдай өрши бастаған. Әсіресе Тбилиси мен Батумидағы жағдай қиын екен. 

Грузия 12 қыркүйекте әуе қатынасын қалпына келтіруге тыйым салуды 1 қарашаға дейін ұзартты. Жалпы Грузия наурыздан бастап өзге елдермен әуе қатынасын тоқтатқан болатын. Үкімет халықаралық рейстерді 1 шілдеден бастап қабылдау басталатынын хабарлап, артынша эпиджағдайға байланысты әуе рейстерін ашу 1 тамызға жоспарланған. Бірақ бұл мерзім 1 қыркүйекке, сосын 1 қазанға созылып, 1 қарашада бірақ ашылатын болды.

Карантин қай елдерде күшейіп жатыр?

Сонымен қатар, 15 қазанда Франция президенті Эммануэль Макрон бірнеше қалада коменданттық сағат жариялады. Ережеге сәйкес, қала тұрғындарына сағат 21:00 мен 06:00 аралығында сыртқа шығуға тыйым салынды. 17 қазаннан бастап енгізілген шектеу шаралары төрт аптаға созылады.

© Reuters

Коменданттық сағат Париж, Лилль, Гренобль, Лион, Марсель, Руан, Сент-Этьен, Монпелье және Тулуза қалаларында жарияланған.

Лондонда коронавирус жұқтырғандардың санының күрт ұлғаюына байланысты сенбі, 17 қазаннан бастап карантин шарасы күшейтілді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеді.

Елде сәрсенбіден бастап енгізілген үш кезеңдік шектеу бойынша Лондон әлі бірінші кезеңде болған, яғни бір жерде алты адамға дейін жиналуға және дүкендер мен мейрамханалардың кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілген. 

Ережеге сәйкес тұрғындардың бір-бірінің үйіне қонаққа баруына тыйым салынады. Таза ауада алты адамнан көп жиналуға болмайды, қоғамдық көлікті қолданудан және қала және ел бойынша саяхаттаудан бас тарту ұсынылды. Жергілікті билік тұрғындарға көлік құралы ретінде велосипедтер мен самокаттарды қолдануды, көбіне жаяу жүруді ұсынды.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети