Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 августа 2020 16:34

"33 жылға сотталған". Бас бостандығынан айырылған атақты спортшылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып, талай жүлде еншілеп, кейін түрмеге түскен спортшылар аз емес. Соңғы бірнеше айын түрмеде өткізген Роналдиньо соған дәлел. Tengrinews.kz тілшісі аты дүркіреп тұрған сәтте заң бұзып, түрмеге түскен атақты спортшылар туралы баяндайды.


Дүние жүзінде жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып, талай жүлде еншілеп, кейін түрмеге түскен спортшылар аз емес. Соңғы бірнеше айын түрмеде өткізген Роналдиньо соған дәлел. Tengrinews.kz тілшісі аты дүркіреп тұрған сәтте заң бұзып, түрмеге түскен атақты спортшылар туралы баяндайды.

Роналдиньо

Өмірінің бір бөлігін абақтыда өткізген спортшылар көп екенін айттық. Соның ішінде атақтыларына тоқталсақ. Солардың бірі - біз жоғарыда аталған Роналдиньо.

Алаңдағы ойынымен талайды тамсандырған бразилиялық футболшы биыл 7 наурызда полицейлердің көзіне түскен. Ол інісімен бірге Парагвай әуежайында ұсталған. Тексеріс кезінде Роналдиньо мен оның інісі елге жалған құжаттармен өтпек болғаны анықталған.


REUTERS©

Бірақ Роналдиньо түрмеде бір ай ғана отырды. Қызығы, футболшы түрмеде де футбол ойнайтын мүмкіндік тапты. Сотталғандар арасындағы футбол турнирінде Роналдиньоның командасы жеңіске жетіп, сыйлық ретінде шошқа ұтып алған. Сондай-ақ, футболшы 40 жасын түрмеде атап өткен болатын.

Сәуірдің басында Роналдиньо 1,6 миллион доллар көлемінде кепілақы төлеп, үйдегі қамаққа жіберілді. Содан бері футболшы мен оның інісі Асунсьон орталығындағы қонақүйде болды.

Кеше өткен сот отырысынан кейін Роналдиньо бостандыққа шықты. Оған 90 мың доллар көлемінде айыппұл салынған. Футболшы Бразилияда бір жыл бойы әр үш ай сайын сотқа келіп тұруы керек. Бірақ оның қозғалысына шектеу қойылған жоқ.

Майк Тайсон

Америкалық аты аңызға айналған боксшының спорттағы карьерасымен қатар, қылмыстық жолы да көпке мәлім. Бокстан абсолют чемпион атанған ол алғаш рет түрмеге 1991 жылы түскен.

Сол кезде 25 жастағы "Темір Майкке" сұлулық байқауының қатысушысы, 18 жастағы Дезире Вашингтонды зорлады деген айып тағылған. Боксшы кінәсі жоқ екенін, Вашингтонның бірге уақыт өткізуге қарсы болмағанын айтқан болатын.

Бірақ 1992 жылы ақпанда өткен сотта Тайсон алты жылға бас бостандығынан айырылған. Боксшы түрмеде үш жыл ғана отырып, бостандыққа шыққан.

Ал 2008 жылы ол екі ер адамды ұрып-соққаны үшін тағы да істі болған. Бұл жолы түрмеге тоғыз айға оралған.

Содан бері Тайсонның өмірінде қылмыстық істер кездеспеді, қазір ол боксқа оралуға дайындалып жатыр.

Адам Джонсон

2016 жылы америкалық футболшы Адам Джонсонның басы дауға қалған. Сол кезде "Сандерлендте" ойнайтын жартылай қорғаушыға педофил деген айып тағылған. Сотта ол 15 жастағы қызды сүйгенін мойындаған. Бірақ прокурорлар айыптағандай, қызбен төсек қатынасында болмағанын айтқан.


REUTERS©

Сот Англия құрамасында ойнайтын футболшыны алты жылға соттаған. Түрмеде футболшы түрлі жұмыс атқарды. Daily Star мәліметінше, бұрын аптасына 60 мың фунт көлемінде жалақы алатын Джонсон түрмеде еден жуып, 11 фунт табыс тапты. Кейін түрмеде шаштараз болып жұмысқа тұрған.

2019 жылы наурызда футболшы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 32 жаста болса да, футболдағы карьерасын жалғастырғысы келген. Бірақ онымен келісімшарт жасасатын клуб таба алмады.

Оскар Писториус

Оскар Писториусті көп адам біле бермеуі мүмкін. Бірақ оны спорт әлемінде көп адам таниды. Дүниеге аяқсыз келген ол кейін танымал параспортшыға айналды. Оңтүстік-африкалық спортшы - Паралимпиада ойындарының алты дүркін чемпионы.

Бірақ өз елінің сүйіктісіне айналған спортшының карьерасы 27 жасында тоқтады. 2013 жылы 14 ақпанда өзінің сүйіктісін атып өлтірген.


REUTERS©

Кейін Писториус полиция шақырған, бірақ сүйіктісін әдейі өлтірмегенін айтқан. Оның сөзінше, Оскар сүйіктісін тонаушы деп ойлап, өзін қорғамақ болыпты. Сотта ол фотомодель Рева Стенкамптың ата-анасынан жылап кешірім сұраған.

Басында ОАР соты оны бес жылға соттаған. Кейін прокуратураның 2017 жылғы аппеляциясынан кейін сот үкімі өзгерді. Писториустің жазасы 13 жылға созылды. Енді кезінде еліне талай алтын медаль сыйлаған спортшы шартты түрде 2023 жылы ғана түрмеден шыға алады.

Орентал Джеймс Симпсон

Америкалық футболдан Ұлттық лиганың жұлдызы болған Орентал Джеймс Симпсонның да ғұмыры түрмемен байланысты болды. 1994 жылы ол әйелі Николь Браун-Симпсон мен оның көңілдесін өлтірді деген айыпталған.

Осы қылмысы үшін Симпсонға өлім жазасын тағайындау сұралған болатын. Бірақ экс-спортшы елдегі мықты адвокаттардың бірін жалдап, жазадан құтылып кетті. Оған сот 33,5 миллион доллар көлемінде айыппұл салып, түрмеден босатты.


REUTERS©

Бірақ Симпсон ақыры түрмеге түсті. Бірақ жоғарыда аталған ісі үшін емес. 2007 жылы ол таныстарымен бірге Лас-Вегаста спорт кубоктарын сататын адамға қарумен шабуыл жасап, жүлделерді тартып алған.

2008 жылы сотта прокурор судьядан Симпсонды 18 жылға соттауды сұраған. Бірақ судья экс-спортшыны 33 жылға бас бостандығынан айырды. Ал 2017 жылы қазанда Орентал Джеймс Симпсон шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден шықты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети