Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 декабря 2020 09:20

"Әжемнің газеті себеп болды" - қос қолынан айырылған Сиязбек Далиев қалай чемпион болғаны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сиязбек Далиев © instagram.com/siyazbek_daliyev Сиязбек Далиев © instagram.com/siyazbek_daliyev

Сиязбек Далиев - Қарағанды облысының тумасы. Ол тағдырдың ауыр сынына төзе білген адамдардың бірі. 12 жасында қос бірдей қолынан айырылған ол бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Tengrinews.kz тілшісі бала күнінен спортқа бейім болған Сиязбек Далиевпен әңгімелесті. 


Сиязбек Далиев - Қарағанды облысының тумасы. Ол тағдырдың ауыр сынына төзе білген адамдардың бірі. 12 жасында қос бірдей қолынан айырылған ол бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Tengrinews.kz тілшісі бала күнінен спортқа бейім болған Сиязбек Далиевпен әңгімелесті. 

Далиев 1990 жылдың 7 қазанында Қарағанды облысында туған. 2013-2015 жылдар аралығында Қазақ спорт академиясында білім алған. Сонымен қатар, 2015-2018 Еуразия улттық университетінде магистратурасын бітірген.

Бүгінде Сиязбек Қазақстандағы жүзу бойынша паралимпиада құрамасының мүшесі, 2009, 2011 жылдары "Жыл спортшысы" аталымы бойынша "Жыл адамы" атанған. 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем ойындарының чемпионы, 2009 жылы Токиода өткен Азия ойындарының күміс және қола медаль иегері, 2014 жылы Кореяда өткен Азия ойындарында қола медаль иегері, сондай-ақ 2015 жылы Сочиде өткен жарыста күміс және қола медаль иегері атанған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Siyazbek Daliyev (@siyazbek_daliyev)

Сиязбек Далиев бала күнінен спортқа бейім болғанын айтады. 

"18 жасымда мектеп бітіргеннен кейін ауылда айналысатын ешнәрсе болмағандықтан астанаға барып, жүзуге қатыса бастадым. Артынша әжем газеттен паралимпиадалық спорт түрінен даярлайтын адам барын оқып, маған айтты. Бағымды сынап көруге шешім жасадым. Халықаралық дәрежедегі спортшы боламын деп ойламадым", - дейді ол.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Siyazbek Daliyev (@siyazbek_daliyev)

Спортшы 12 жасында басынан өткен қайғылы оқиға туралы әңгімеледі.  

"Бұл оқиға мектеп жасымда болды. Мектепке сенбілікке барған болатынбыз. Ол құрылыс жұмыстары аяқталмаған, жаңа мектеп еді. Мектептің артқы ауласындағы жоғары вольттық кабель тұрды. Трансформатордан мектепке жүргізілген болатын. Артынша жерде жатқан тоққа құлап түстім. Ол 10 мың вольттық сым еді. Қолдарым күлге айналып кетті", - дейді спортшы. 

Сиязбек Далиев жары Елвирамен 2011 жылы танысқан. 

"Біз студент кезімізде таныстық. Жарымның үнемі мені қолдап, әрдайым қасымда жүріп, мені ынталандырып, тағы да үлкен жетістіктерге жетуге итермелейтін қасиеттерін бағалаймын", - дейді ол.  

Бүгінде олардың Санжар және Сардар есімді ұлдары бар. 

"Балаларым спортқа қатты қызығады. Олар мені теледидардан көргенде маған "Әке, мен де чемпион болғым келеді" дейді. Үлкен ұлым үнемі менімен жаттығуға барғысы келіп жүреді. Ал екінші ұлым өздігінен спортқа жақын, жүйрік, жылдам, қозғалысы көп", - дейді спортшы. 

Сиязбек Далиев алғаш 2009 жылы Токиода өткен Азия ойындарының күміс және қола медаль иегері атанған. Ол ең алғаш жеңіске жеткеніндегі әсерін бөлісті. 

"Ол үлкен қуаныш болды. Халықаралық аренада өз елімді таныта алатыныма қуанып, мақтаныш сезімі кернеді. Елімді әлемге таныту - үлкен бақыт!", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Siyazbek Daliyev (@siyazbek_daliyev)

Сонымен қатар, Сиязбек Далиев үкімет тарапынан қандай көмек берілетінін айтты. 

"Жарыстарға дайындық арнайы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Үкімет тарапынан тек спортшы ретінде жалақы аламын. Осы жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауы мен елорда спортшыларының айлық төлем ақылары 200 пайызға көтерілді. Қазақстан республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті жан-жақты қолдау көрсетеді", - дейді спортшы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети