Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 августа 2021 18:25

Токио Олимпиадасындағы сәтсіздікке лицензия ала алмаған өңірлер кінәлі ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото; Reuters Фото; Reuters

Қазақстанда Токио Олимпиадасына лицензия ала алмаған өңірлер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда Токио Олимпиадасына лицензия ала алмаған өңірлер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұны ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Токиодағы Олимпиада ойындарының қорытындысына арналған ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. Қанағатов Қазақстанның Олимпиадада сәтсіз өнер көрсетуіне себептердің бірі ретінде лицензия ала алмаған кей өңірге тоқталды.  

"Президент спорт пен Олимпиада қатысушыларының нәтижесін бағалап, тапсырма бергеннен кейін облыс пен қала әкімдері спорт нысандарын аралап жүргенін Facebook-тен көріп жүрміз. Солай істеп, қорытынды шығару керек. Федерациялармен бірлесіп, жергілікті спорт басқармаларымен бірге бұл жағдайды шешу қажет. Біз спорт резервін дайындамаймыз. Бұл басқа құрылымдарда, әсіресе облыстарда жасалады. Мысал келтірейін, Ақмола облысынан бір лицензия да жоқ. Атырау, Маңғыстау мен Қостанай облыстары бір лицензиядан әкелді", - деді Қанағатов. 

Оның айтуынша, биылғы Олимпиадада 17 өңірдің алтауы медаль жеңіп алған.

"Оларды Олимпиада нәтижесі үшін толықтай кінәлай алмаймыз, бірақ олардың балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі қайда? Бапкерлері қайда? Ол жақтан неге жақсы спортшылар шықпайды? Мұндай сұрақ көп", - деді Қанағатов. 

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз арасында өткен. Қазақстан қоржынына 8 қола медаль түскен болатын. Ұлттық құрама алғаш рет Олимпиадада алтын жүлде еншілей алмай, медальдар есебінде 83-орынға тұрақтаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети