Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 декабря 2018 16:33

Жаңа жылда жаңа өмір бастау мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылды әрдайым жаңа өмір, дүние, сиқырмен байланыстырамыз. Бірақ неге басқа күн емес, дәл Жаңа жылды? Жаңа өмір бастауға адамды не итермелейді және оған қадам жасау үшін не істеу керек? Осы сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісі психологтан сұрап көрді. 


Жаңа жылды әрдайым жаңа өмір, дүние, сиқырмен байланыстырамыз. Бірақ неге басқа күн емес, дәл Жаңа жылды? Жаңа өмір бастауға адамды не итермелейді және оған қадам жасау үшін не істеу керек? Осы сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісі психологтан сұрап көрді. 

Жаңа өмірді не үшін бастаймыз? 

Психолог, нейролингвист Нұрсұлу Сейдақова проблема өмір сүру компоненттері жетіспегенде туындайды дейді. Олар: 

  1. Қаржы
  2. Денсаулық
  3. Жұмыс, мансап қуу
  4. Отбасы 

Осы төртеу бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етеді. Оның біреуі ақсаса, өмір толыққанды болмайды. Салдарынан қиындықтар да туындайды. Ал мұндайдан шаршаған адам жаңа өмірді бастағысы келеді. Мысалы, бірі ақша табамын деп күні-түні жұмыс істеп, денсаулығын құрбан етеді немесе карьера қуатын жұмысбасты адамдар отбасы мүшелеріне, бала-шаға, өмірлік серігіне уақыт бөлмей кетеді я болмаса ерте тұрмыс құрған қыздар кейін үйде отырып шаршайды, қаржылай қиындықтары да болуы мүмкін. Қарап отырсаң барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Былайша айтқанда бір кем дүние. Сондықтан олар өміріне жаңа леп қосып, өзгеріс енгізгісі келеді. 

Еліктеу, өзін-өзі алдау

Қазақта "Ауруын жасырған өледі" деген мақал бар. Негізгі мәселе - қазір еліктеу, өзін-өзі алдау көп. Қыз-келіншектер әлеуметтік желідегі парақшасына "Бақытты ана", "Сүйікті жар", "Екі періштенің сүйікті анасы" деп жазып қояды, бірақ проблемаларын айтқанда төбе шашың тік тұрады. Бұл көзбояушылық, басқалармен жарысу, проблеманы жасыру.

Кей үй ішінде күнде ұрыс-керіс, төбелес болып жатады. Ер адамның тарапынан зорлық-зомбылық белгілері де байқалады. Алайда әйелдер оған шыдап жүре береді.

Мұнда мен ары қарай шыда немесе кетіп қал деп айтпаймын, алдымен бұл проблеманың барын мойындау керек, ол туралы психолог немесе басқа мамандармен сөйлесіп, алдағы әрекеттеріңді ойластыру керек. Алдымен жәй ғана мойындау - мәселенің жартысын шешеді. Сонда ғана қиындықтарды болдырмауға әрекет етуге шама жетеді. 

"Ұят болады"

Екінші мәселе - "Ұят болады", "Жұрт не дейді", "Жұрттан кем болмау". Эмоциясын әбден басып тастаған жандар өмірден шаршайды. Жан-жағына еліктеймін деп өздеріне не керек екенін білмей де қалғандар бар. Олар басқа түгіл өздерін түсінбейтін халге жеткен. Мұнда да ол бірінші жағдай мен оның шешіміне келіп тіреледі. Айтарым, проблемадан қашқан сайын, ол көбейе береді. 

Қазір қоғам екіге бөлінген: дінге басымен берілгендер мен техниканы жақтаушылар. Ал олардан әбден шаршаған халық сиқырға, ғажайыпқа сенеді. Қиындықтарын айтып психологтарға жүгінсе, олар барлық мәселесін шешіп беретіндей жауапкершілік артады. Олар тек бағыт-бағдар беруші жандар. Ал соңғы нәтиже адамның өзіне байланысты. 

Жаңа өмірге өзіңді қалай дайындау керек? 

Жаңа жылды цикл деп қарастырайық. Мысалы бір цикл аяқталып, екіншісі басталғанда адам өзіне қайта бағдар жасайды. Яғни ішкі дүниесін тазартып, жаңа өмірге қадам басады. Бұл энергетикалық тұрғыдан аспан әлемімен тығыз байланысты. Қазақта астроанатомия және астрофизиология ғылымдары бұрыннан бар. Ата-бабаларымыз тіпті алдын ала табиғат құбылыстарын болжай алған, айға қарап жұлдыз-жорамал жасап, ай туғанда тазарту рәсімдерін жүргізіп, сәлем де салған. Сондықтан бұл тектен-тек нәрсе емес және онда тұрған ештеңе жоқ. 

22 желтоқсан - тоқырау күні. Ал 18-21 аралығы тазалану уақыты саналады. Сонда бұл кезеңде не істеуім керек? Тазалану энергетикалық жағынан ғана емес, физикалық тұрғыдан да болу керек.

Оған дене, үй тазалығы жатады, керек емес нәрселерді өртеп, суға ағызып жіберсе болады, телефон, компьютер ішіндегі артық сурет, қағаз, құжаттарды жою қажет. Осы төрт күннің ішінде барлық ренішті іштен шығарып, өміріңізге қайғы алып келетін адамдардан да құтылуға болады. Қай жер болсын бізді энергия қоршайды, онсыз қозғалыс жоқ. Сондықтан үйдің де энергиясын жаңартқан дұрыс, ол үшін жиһаздарды орнынан қозғалтып немесе ауыстырған жеткілікті. Мұның бәрін ай толғанша жасау керек, ал ай туғанда ойды жаңарту басталады. 

22-25 желтоқсан аралығы - тағдырға өзгеріс енгізу кезеңі. Бұл уақытта өмірге, ниетке өзгеріс енгізіп, түзетуге мүмкіндік бар. Содықтан жаңа жылға дейін барлық қарыздан құтылу керек. Мұнда банктерден алған несие туралы айтып тұрғаным жоқ.

Адамнан алған қарыз, берген уәде, кешірім жайлы сөз қозғап тұрмын. Жалпы айтқанда, біздің Наурыз мейрамында жасалатын нәрселер. Бұл да бір цикл. Сондықтан оны қазақтың мерекесі емес деп бөліп жаруға болмайды. 

12 арман-мақсат 

Арман мен мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалатын әрекеттер бар. Мысалы, 12 арман-мақсат қағидаты. Ол үшін не істейміз? Жаңа жылға дейін 12 арманыңызды қағазға жазып, қызыл қапшыққа салып қою керек. Кейін ескі жыл өткенде, сағат 12.00-де қағаздарды әбден араластырып, бір-бірден шығарып оқу керек. Қай тілек бірінші шықса, сол алғашқы болып орындалады деген сөз. Ал келесі күні жандандыру кезеңі басталады. Ол тек эмоцияға жұмыс істейді.

Мысалы сіз отбасы құрғыңыз келеді делік, онда бұл күні махаббат, ғашықтық туралы әсерлі, мейірімді фильм көру керек. Себебі эмоционалды жады ұзаққа сақталады және түпкі сана бұл арманға жету үшін автомат түрде өзі әрекет ете бастайды. Барлығы түсінікті болу үшін қарапайым мысал келтірейін. Адам бала кезінде жол апатына ұшыраса, кейін оны ұмытып кетуі мүмкін. Бірақ одан алған әсер, қорқыныш, үрей сезімі түпкі санада сақталып қалады. Сөйтіп ол есейгенде жолдан қорқады, көлік сатып алайын десе бір нәрсе кедергі болады да тұрады не болмаса батылы жетпейді. 

Бұдан бөлек түрлі ойындар ойлап табуға болады. Бастысы - таза ниет. Мысалы, жаңажылдық дастарқанға тағам әзірлегенде мынаны жеген бай болсын, ал мынау жақын арада үй алсын деп ниет қылуға болады. Немесе сиқырлы мәнті табу ойыны. Мәнті түйіп жатқанда ішіне тиын салып, оны тапқан адам ең ұзақ өмір сүреді деп тілеу керек. Я болмаса, көпбалалы ана, әжелеріміз тамақ жасап, оны жас келінге "балаң көп болсын", "бақытты бол" деп ырымдап жегізсе де керемет. Ойынның қызығы әркімнің қиялына байланысты. 

Маманнан кеңес

Жақсы сөз - жарым ырыс. Ауыздан жақсы, жағымды сөздер түспесе, сәйкесінше болашақ та жарқын болады. Тілек тілегенде де мен бақытты, бай болғым келеді деп емес, мен бақыттымын, баймын деп осы шақта жазып, айту керек. Жоқ деуге мүлде болмайды. Адам не ойлап, не айтқан сайын, сол затты өзіне тартады. Сондықтан бір нәрсе керек болса, оны әрдайым ойлап, жазып немесе суретін шығарып, бөлмеге іліп қою керек. 

Автор: Камила Долаева

Суреттер: unsplash.com, pixabay.com

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети