ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
22 апреля 2019 | 14:23

Онлайн-кредит алуда неге назар аудару керек - Заңгер кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазіргі уақытта елімізде микронесие беретін ұйымдар көп. Олардың қызметі де ҚР Ұлттық банкінің бекітілген заңнамаларына сай жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ ҚР "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңы бар. Оған қоса микронесие беретін ұйымдардың қатарына онлайн несие беретін компаниялар да кіреді. Осы ұйымдардың арасында пайызын заңсыз өсіріп, кейде несие уақытында төленбесе өсімін бірнеше есе арттыратындар да бар. Осылайша кейбір микронесие ұйымдары тұтынушылардың қалтасын қағатын көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі мамандардан микронесие ұйымдарынан кредит алған кезде қандай мәселелерге назар аудару керектігін сұрады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта елімізде микронесие беретін ұйымдар көп. Олардың қызметі де ҚР Ұлттық банкінің бекітілген заңнамаларына сай жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ ҚР "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңы бар. Оған қоса микронесие беретін ұйымдардың қатарына онлайн несие беретін компаниялар да кіреді. Осы ұйымдардың арасында пайызын заңсыз өсіріп, кейде несие уақытында төленбесе өсімін бірнеше есе арттыратындар да бар. Осылайша кейбір микронесие ұйымдары тұтынушылардың қалтасын қағатын көрінеді. Tengrinews.kz тілшісі мамандардан микронесие ұйымдарынан кредит алған кезде қандай мәселелерге назар аудару керектігін сұрады. 

Аманжан Жамалов,

мәжіліс депутаты

                  

Ал мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осындай несие түрін пайдаланып жүрген қазақстандықтардың оқиғасын айтқан.

"Мен бір әйелдің онлайн несиеге жүгініп, 60 мың теңге алғанын естідім. Ол несиені уақытында жаба алмай, 1,2 миллион теңге қарыз болған. Мұндай оқиғалар көп. Қазіргі уақытта мұндай ұйымдар 50-ге жуық", - деп мәселе көтерген еді мәжіліс депутаты. 

Интернетте әртүрлі форумдарда микронесие ұйымының қызметін қолданған адамдар артынан өкініп қалғандарын айтады. 

Мамандардан микро қаржы ұйымы мен онлайн несие беретін ұйымдардан қарызға несие алғаннан кейін, тұтынушы оны төлей алмай қалған жағдайда, негізгі қарыздан бөлек, сыйақы мен айыппұл берешегінің ұлғаюын болдырмау үшін не істеу керек екенін сұрадық.

Ұйым қауымдастық тізімінде болуы керек

"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының" басқарушы директоры Ләззат Үсенбекованың айтуынша, кез келген адам онлайн несие және микро қаржы ұйымдарынан несие алмас бұрын олардың қауымдастық ұйымдарының тізімінде бар-жоғына назар аудару керек.

Ләззат Үсенбекова микроқаржы ұйымы мен онлайн несие беруші ұйымы болып екі топта жұмыс істейтінін айтты.

"Онлайн несие беретін ұйымдардың жалпы жұмыс істеу шарты ҚР Азаматтық кодексінің 725-1-бабында көрсетілген. Бұл бап заңға 2018 жылдың 2 шілдесінде енген. Онда егер қарыз алушы уақытында қарызын өтей алмаса, оған (айыппұл, өсiмпұл) өткен әрбір күн үшін кешіккен сомадан тек 0,5 пайызын төлеуі тиіс, сондай-ақ айыппұл мөлшері бір жылда жалпы несие сомасының он пайызынан аспауы тиіс", - дейді ол.

Өсімпұл сомасына шектеу бар

Маманның айтуынша, тұтынушы уақытында қарызын төлей алмаса, шарт бойынша мерзімінен кешіктірілген әр күнге белгіленген айыппұл төлеуі қажет. Бірақ айыппұлдың мөлшері заңда көрсетілген.

"Жоғарыда келтірілген заңға сүйенсек, егер бір адам онлайн несие беретін ұйымнан 100 мың теңге алса, кесте бойынша уақытында 10 мың теңге қайтарылмаған жағдайда ол әрбір күнге осы сомадан 50 теңге өсімпұл ретінде төлеуі тиіс болады. Бірақ осы заңда айыппұлдың немесе өсiмпұлдың бір жылда қарызға берілген сомадан 10 пайызынан аспауы тиіс екені көрсетілген. Яғни біздің мысал бойынша ол бір жылда 10 мың теңге", - дейді маман. 

Шетелдік компаниялардың шарты басқа

Ал ҚР "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңына сайкес, микроқаржы ұйымдардан несие алушының құқықтарының қорғалуы әлдеқайда жоғары жане микроқаржы ұйымдары ҚР Ұлттық банктің реттеуінде жане бақылауында.

"Кез келген бір жағдайлармен адам несиесін уақытында төлей алмауы мүмкін. Сондықтан олар ұйымның өзіне тікелей немесе қауымдастыққа өтініш жасау арқылы жеңілдік сұрай алады. Мысалы біздің қауымдастыққа әртүрлі несие проблемаларымен жүгінетіндер көп. Біз бір адамның өтінішін қарастырған кезде оның 8-ге жуық несие ұйымынан қарызға ақша алғанын білдік. Қауымдастық мүшелері оның жағдайын түсініп жеңілдек беруге келіссе, ал кейбір онлайн ұйымдарының шет елден жұмыс істеп жатқанын білдік", - дейді ол.

Несие дауларын Ұлттық банк шешеді

Маманның ойынша, шет елден жұмыс істейтін несие ұйымдарының сыйақылары бірнеше есе көп болуы мүмкін. Олар да өзі тұтынушыларынан несие қайтару тетіктерін қолданады екен. Оған қоса, маман тұтынушы оларға несиенің уақытын создыру үшін хабарласқанда жауап бермеуі мүмкін екенін айтты.

Қаржы маманы егер де онлайн несие ұйымдары заңды бұзса, оларға тек сотқа шағымдануға болатынын айтып отыр. Ал микроқаржы ұйымдарының тарапынан келіспеушілікті ҚР Ұлттық банкі арқылы шешуге болады. 

Заңгердің кеңестері

Заңгер Әйгерім Нұрланханова да микроқаржы ұйымдарынан несие алмас бұрын олардың Ұлттық банктің тізілімінде бар-жоғын анықтау керектігін мәлімдеді. Одан соң ұйымның қарыз беру ережесін мұқият қарап шығу керек екен.

Әйгерім Нұрланханова,

Заңгер  

                    

"Оның ішінде несие мерзімін, жылдық сыйақы мөлшерін, төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда төленетін айыппұл мөлшеріне назар аудару керек. Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 36-тарауын, ҚР Микроқаржы ұйымдары туралы заңы мен ҚР Ұлттық банкінің қаулысын қарап шығу керек", - дейді ол.

Заңгердің сөзінше, егер де тұтынушы негізі бар себеппен несиесін төлей алмай жатса, онда ол сол ұйымға хабарласып, өзінің жағдайын егжей-тегжейлі түсіндіріп, оларға несиенің төлем уақытын создыру жайлы өтініш түсіруі керек. 

Заңгер қарыз алушының (жеке тұлға) ұйымның алдында берешегінің ұлғаюын болдырмау мақсатында ҚР "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңында арнайы бап бар екенін айтты. Онда күнтізбелік 180 күн өткеннен кейін кейін микроқаржы ұйымы қарыз алушыдан сыйақы төлемін, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге құқылы емес екенін айтты.

Еске салайық, 2018 жылдың ақпанында Ұлттық банктің экс-төрағасы Данияр Ақышев мәжіліс парламентінің пленарлық отырысында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңының жобасын талқылау барысында микронесие беретін ұйымдардың арасында арам пиғылдағылардың жолын кесу тәсілін айтқан еді.

"Біз осы мәселе бойынша ойланып, онлайн несие беретін ұйымдардың пайызына шектеу қою туралы заңда өзгерістер жасаумыз керек. Бұл өзгерістер әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Арам пиғылмен және заңсыз несиемен айналысып жүргендер заң бойынша жауап береді. Оған қоса, бұл өзгертулер күшіне енсе, заңсыз несие берудің мәні жоғалады, себебі тұтынушылар оларды қайтармауға құқылы болады", - деген еді Ақышев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети