Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 мая 2019 21:15

Балаға ертегі оқу өзекті ме

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: kitaptar_alemi.kz Сурет: kitaptar_alemi.kz

Қазір, әсіресе қалада балаға ертегі оқып беру жайлы көп естімейміз де, көп оқымаймыз да. Ертегі десе, ауылда өскен баланың әжесінен естіген "Ер Төстік", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр", "Алтын сақа" еске түседі. Алайда ертегі ертедегі оқиғаны ғана сипаттау емес еді. Бүгінде жаңа заман ырғағымен дамып жатқан жаңа ертегілер бар ма, балалар ертегі оқи ма және ертегі жазушылардың танылмауына не кедергі?


Қазір, әсіресе қалада балаға ертегі оқып беру жайлы көп естімейміз де, көп оқымаймыз да. Ертегі десе, ауылда өскен баланың әжесінен естіген "Ер Төстік", "Қарлығаштың құйрығы неге айыр", "Алтын сақа" еске түседі. Алайда ертегі ертедегі оқиғаны ғана сипаттау емес еді. Бүгінде жаңа заман ырғағымен дамып жатқан жаңа ертегілер бар ма, балалар ертегі оқи ма және ертегі жазушылардың танылмауына не кедергі?

Ақын, "Балдырған" журналының бөлім редакторы Құл-Керім Елемес Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ертегінің түкке пайдасыз да түрлері болатынын және оның балаға тіпті құндылық қалыптастыруына кедергі болатынын айтты. 

    

 Құл-Керім Елемес, ақын

"Балдырған" журналының бөлім редакторы

Жөнсізін баладан аулақ ұстауымыз керек

"Халықтың үмітін, арманын, болашағына деген сенімін жандандыратын ертегілер бар. Мысалы "Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек" деген ертегі бар. Бұл бала кезімізде әсер еткен ертегі, кейіпкері өмірі үшін арпалысатын "Алтын сақа" ертегісі бар. Мұның бәрі де тапбермеде кесірлі қырсықтан құтылу жолдары. Жөнсізін баладан аулақ ұстауымыз керек. Мәселен ертегінің қуыршақ түрі бар. Ол да керек емес, баланы шындықпен тәрбиелеуіміз керек, ертегі болса да талдап отырып, өмірін жақсылыққа алып шығатын ұстаздық қызмет атқаратын, көзін ашатұғын, жақсылыққа тік көтеретұғынын талдап, таңдап отырып айту керек. Қалай болса солай ертегі бере бермеу керек", - дейді ол.

Сондай-ақ, ол баланың сана-сезіміне әсер ететін идеологиясы бар ертегілерге тоқталды. 

"Ертегінің де ертегісі болады, бұл баланың тәрбиесіне қатты әсер ететін факторлар. Бала тәрбиесі үлкен мәселе. Мұны егін егетін жермен салыстырсақ болады. Мәселен егін егетін жеріңізге жалған нәрселерді араластырар ма едіңіз? Жоқ. Араластырсаңыз не шықпай қалады, не берген жемісі у болады. Әуелі жерді тазалайсың, ол ана-мен әке. Уақытында су құйып, арам-шөбін отайсың, одан кейін ғана жемісін күтесің. Ал адам тәрбиесі жағдайында бұл жемісіміз баланың кім болып шығатыны, болашағы. Яғни осы мысалдағыдай біз баланың санасына жалған, өмірде жоқ ертегілерді құймауымыз керек", - деді Құл-Керім Елемес. 

Мейіржан Жылқыбай

жас жазушы, ертегіші

                     

Ертегілер жинағы Оңтүстік Кореяда кітап болып шыққан 25 жастағы жазушы Мейіржан Жылқыбай енді ертегілер топтамасын елімізде шығаруды көздеп отыр. Биыл шілде айының ортасында Алматы қаласындағы Орталық кітапханада таныстырылымы өтеді.

Өз кезегінде жас жазушы қазіргі таңда балалар әдебиетін жазудың қиындықтарына тоқталды.

Гонорар алған емеспін

"Балалар әдебиетін жазудың да өз қиындықтары бар деп ойлаймын. Бұл істі қиындатып отырған бірнеше айқын себеп те бар. Басты себеп - бұл салада жүргендер (жазушылар) өз шығармаларына маркетингтік жоспар құрмауында деп ойлаймын. Осыған дейін байқауларда алған сыйлықтарымды есептемегенде бірде-бір шығармама гонорар алған емеспін, бұл істі бизнес деп қарамаймын", - деген ол қазіргі уақытта кез келген істің маркетингтік жоспары болуы тиіс екенін жоққа шығармады.


Кореяда шыққан ертегі кітабының мұқабасы

Мейіржанның пікірінше, балалар әдебиеті, ойын-сауықтыру құралдары, балаларға арналған контент үшін қазір эдьютейнмент уақыты, яғни ойын-сауық арқылы таным кеңейту.

"Себебі ата-аналар балаларының ойын ойнауы арқылы жетілуін қалайды. Бірақ, баласы бар кез келген адам оның Youtube-тен қандай "дамытатын" контент қарап жүргенін бір байқасыншы. Тым жарық, түрлі-түсті гаммадағы персонаждар балаларға қай көлік қызыл, көк не жасыл екенін ми ашытатын дауыспен, бимен, әнмен, арнайы эффектілермен көрсетіп, айтып жатады. Балалар өздеріне керек контентті өздері таңдайтын заманға жеттік", - дейді балалар жазушысы.

Оның пікірінше, бұрынғы эдьютейнмент қазіргі "шпион" балаларға әсер етпейді, оларға сабағын жақсы оқитын өнегелі бала, ақыл айтатын ақсақал туралы ертегілердің қажеті жоқ және әдебиет осы дағдыларға сәйкес қозғалуы тиіс.


Кітаптың суретшісі Нам Сенг Хунпен

"Әдебиет баланы тәрбиелеуі керек, иә, келісемін. Бірақ, кез келген контент өз тұтынушысының ыңғайына көнуі керек, соның қызығушылығына сай шығуы тиіс. (...) Алайда балалар қалағанын көрсін, ойнасын, оқысын демеймін, олай болашағымызды "бұзып" алуымыз мүмкін. Бірақ балалардың қызығушылықтары арқылы оларға жақсы дүниелерді де үйрете аламыз, соны қолдануымыз керек", - деп ойын айтты Мейіржан Жылқыбай. 


Мейіржан Жылқыбайдың Кореяда шыққан кітабының тұсаукесерінен

Балалар әдебиетімен айналысу өте қымбат

Мейіржан кітабымды Қазақстанда шығарсам, қымбатқа түсер еді дейді.

"Қазіргі уақытта балалар әдебиетімен айналысу өте қымбат. Кореяда шығарған "Батыр қоян" атты кітабымды Қазақстанда шығарсақ, қымбатқа түсер еді. Ата-аналар ондай бағаға кітап алуға дайын емес. Қазіргі шығып жатқан ертегілерді ата-аналар ала қоймайды. Тағы бір мәселе, балалар әдебиетін "мемуарға", "сүйкімсіз альбомға" айналдырып алдық. Кітаптардың суреттері немесе мәтіні (кейде екеуі де) балаларға қызық емес. Суретте әтешті салса натуралды әтеш немесе әтештің сұлбасы ғана салынады, мәтіні жазушының балалық шағы туралы болады. Суперқаһарман, фантастика, гик-мәдениет пен арнайы эффектілердің арасында өсіп келе жатқан балапандарға ондай контентті күшпен де бере алмаймыз. Оларға бұл қызық емес. Баларға ерекшелік пен эмоция керек", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети