Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2020 12:59

"Болашақтан жіберілген робот". Бокс әлемі Головкин туралы не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Бүгін орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің туған күні. Қазақстандық боксшы 38 жасқа толып отыр. Боксшы ретінде Қазақстанды әлемге танытқан оның жанкүйерлер ұмытпайтын мәлімдемелері бар. "Мен қазақпын" деген Головкин туралы шетелдіктер де жақсы пікірде. Tengrinews.kz тілшісі Головкиннің түрлі мәлімдемелері мен ол туралы шетелдіктердің пікірін жинап шықты.


Бүгін орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің туған күні. Қазақстандық боксшы 38 жасқа толып отыр. Боксшы ретінде Қазақстанды әлемге танытқан оның жанкүйерлер ұмытпайтын мәлімдемелері бар. "Мен қазақпын" деген Головкин туралы шетелдіктер де жақсы пікірде. Tengrinews.kz тілшісі Головкиннің түрлі мәлімдемелері мен ол туралы шетелдіктердің пікірін жинап шықты.

"Шапан, әнұран, ту - бәрі жүректен шығады"

Головкин өз сұхбаттарында Қазақстанға деген махаббаты туралы жиі айтып тұрады. Мысалы, 2015 жылы сұхбаттарының бірінде шет ел азаматтығын алу туралы мынадай пікір білдірген.

"Қазақстан әрқашан менің отаным болып қала береді. Менің барлық сапарым және басқа елдер - бұл менің жұмысымның, бокстағы карьерамның ерекшеліктері. Мен әрқашан өз елім үшін өнер көрсетемін. Менің ата-анам, барлық жақыным осында. Мен ешқашан басқа азаматтық алған емеспін және алмаймын да. Мен әрқашан өзімді қазақстандықпын деп айтамын", - деген еді Головкин "Астана Спорт" басылымына.

Сол сұхбат барысында ол неге рингке гимнмен және шапанмен шығатынын түсіндірген.

"Шапан, гимн, ту - мұның бәрі жүректен шығады. Шенеунік не кеңесшілер маған осылай шық деген жоқ. Істегенімнің бәрі - шын жүректен", - дейді ол.


© Reuters 

Кейде шетелдік журналистер оны Ресей боксшысы деп шатастырып жатады. Сол сәтте Головкин өзінің Қазақстаннан екенін айтып өтеді. The Ashley Webster Experience бағдарламасының жүргізушілері ресейлік боксшылардың мықты екенін айтып, солардың қатарына Головкинді де қосқан.

"Мен ресейлік боксшы емеспін. Қазақстаннанмын, бұл Ресей емес", - деп түзеген еді Головкин.

Ал халық арасында оның "мен қазақпын" деген сөзі әлі талқыға түседі. Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХ сессиясында ол "Ұлтым туралы сұраса, былай жауап беремін: әкем - орыс, анам - кәріс, ал мен - қазақпын!".

"Ең мықты қарсыласым - "Канело"

Головкин басқа да боксшылар туралы пікірін жиі айтып тұрады. Журналистердің одан көп сұрайтыны - Сауль Альварес туралы пікірі. Головкин былтырғы сұхбаттарының бірінде "Канелоны" сынға алған еді. Себебі мексикалық боксшы Головкинді сынап, онымен үшінші жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын.

"Бұл адам өзінің шынайы жүзін көрсетті. Ол боксқа деген шынайы қарым-қатынасын көрсетті. Көп адам ол туралы өте жақсы сөздер айтқан еді... Енді олардың көзі жетті, Альварес туралы бәрін біледі. Оның бизнесті қалай жүргізетінін бәрі түсінеді", - деген еді Головкин.


© Reuters 

Мұның алдындағы сұхбаттарының бірінде қазақстандық боксшы "Канелоны" мақтап, оны ең мықты қарсыласы деп атаған еді.

"Ол жас, ерекше. Барлық боксшы бірегей, бәріне құрметпен қараймын. Дәл қазір "Канело" карьерасының шыңында тұр. Ол қазірдің үздігі шығар", - деді Головкин The Rich Eisen Show-ға берген сұхбатында.

"Мейвезер секілді жұдырықтаса аламын"

Сонымен қатар, көп адам Головкиннің стилін мақтап жатады. GGG-дің өзі оны Big Drama Show деп атайды. Стилі туралы сұрағанда ол жанкүйерге ұнайтын жекпе-жек өткізуді қалайтынын айтады.

"Мен Мейвезер секілді жұдырықтаса аламын. Ақылмен жұдырықтасу қолымнан келеді. Бірақ ол халыққа қызық емес. Мен боксқа азарт элементін әкелгім келеді. Drama Show-ды қалаймын. Халық ерекше әсер алуды жақсы көреді. Оларға шоу керек!", - деген еді Головкин.

Головкинді жұдырықтасу стилі үшін машина деп атайтындар бар. Бірақ боксшы HBO-ға берген сұхбатында өзін машинамен байланыстырмайтынын айтқан:

"Мен машина емеспін. Неге екенін білесіздер ме? Машиналар кейде бұзылып қалады. Ал мен бұзылмаймын (күліп)".

"Головкин - болашақтан жіберілген робот"

Геннадий Головкин туралы әлем боксында көбіне жақсы пікірлер айтылады. Жоғарыда айтылғандай, оны машинаға теңейтіндер бар. Ал бірі оны жыртқыш деп айтып жатады. Мысалы, танымал америкалық экс-боксшы, 1976 жылғы Олимпиада чемпионы Шугар Рэй Леонард қазақстандық боксшыны жыртқыш деп атаған.

"Ол жыртқыш, ол жыртқыш. Ол күш, сенімділік пен мінездің ерекше үйлесімі бар сирек кездесетін боксшылардың бірі. Оны ұрып-соғу өте қиын", - дейді Леонард iFL TV-ге берген сұхбатында.

Ал танымал Бернард Хопкинс Головкинді роботқа теңеген.

"Головкин - робот. GGG алдында тұрған адамдардың бәрін жеңе алады. Мен 51 жастамын, онымен жұдырықтаса аламын", - деп жазды Хопкинс бірнеше жыл бұрын Twitter-парақшасында.

Головкин карьерасының шыңында тұрған сәтте оған таңдай қаққандар жетерлік. Солардың бірі - Grantland шолушысы Билл Симмонс. Ол да GGG-ді робот деп атаған: "Головкин - боксшыларды жою үшін болашақтан жіберілген робот".


© Reuters  

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде былтыр украиналық Сергей Деревянченконы жеңген еді. Сол кездесуден кейін атақты ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Головкинге құрмет білдірген болатын.

"Мен Головкинді 37 жасында жоғары деңгейде жеңіп келе жатқанымен құттықтағым келеді. Боксқа деген ықыласы үшін оған құрмет көрсету керек. Керемет жұмыс, сэр", - деп жазды Сондерс Twitter-парақшасында.

Енді 38 жастағы Головкин келесі жекпе-жегін жазда поляк Камил Шереметаға қарсы өткізуі мүмкін. Ал қыркүйекте ол Сауль Альвареспен трилогия өткізеді деп жоспарланып отыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети