Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 октября 2021 18:04

Екі рет әлем чемпионы атанған. Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ringside24.com сайтынан Фото ringside24.com сайтынан

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Ол 37 жастағы Хасан Н'Дам Н'Джикаммен жұдырықтасады. Жекпе-жек 5 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Tengrinews.kz тілшісі Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы мәліметтер жинады. 


Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды. Ол 37 жастағы Хасан Н'Дам Н'Джикаммен жұдырықтасады. Жекпе-жек 5 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Tengrinews.kz тілшісі Әлімханұлының келесі қарсыласы туралы мәліметтер жинады. 

Олимпиадаға екі рет қатысқан

Н'Джикам - тәжірибелі боксшы, жасы 37-де. 1984 жылы ақпанда Камерун астанасы Яундеде туған. Әуесқой деңгейде өз елінің атынан шығып жүрді. 

2003 жылы Африка чемпионы атанды, сол жылы Бүкілафрикалық ойындардың күміс жүлдесін иеленген. 

Хасан Н'Дам Н'Джикам екі рет Олимпиадасы ойындарына қатысқан. Алғаш рет 2004 жылы Афиныда бақ сынаған. Ол кезде ширек финалда болашақ Олимпиада чемпионы ресейлік Гайдарбек Гайдарбековтен жеңіліп қалды. Гайдарбеков финалда қазақстандық Геннадий Головкинді жеңгені есіңізде шығар.


Фото ringside24.com сайтынан

Араға 12 жыл салып Хасан Риодағы Олимпиадаға да қатысқан. Бірақ бірінші кезеңде бразилиялық қарсыласына жол беріп, жарысты ерте аяқтады. 

Боксшының әуесқой деңгейдегі жетістігі осындай, құрлықтық жарыстардағы жетістігін есептемесек, әлем чемпионаты не Олимпиадада көзге түсе қоймапты. 

Сегіз жыл ешкімнен жеңілмеген

Хасан Н'Дам Н'Джикам кәсіпқой бокстағы дебютін 17 жыл бұрын - 2004 жылы желтоқсанда бастаған. Өз елінде кәсіпқой бокс дамымаған соң Хасан Францияға қоныс аударған, себебі өз елінде де француз тілінде сөйлейді. 

Бүгінде Хасан кәсіпқой бокста француздар туымен шығады. Қазір Монаконың Монте-Карло қаласында тұрады. 


Фото ringtv.com сайтынан

Орта және екінші ора салмақта өнер көрсетеді. Кәсіпқой бокста франциялық боксшы 42 жекпе-жек өткізген. 2004-2012 жылдар арасында бір-екі рет шетелге шығып келгені болмаса, тек Францияда жұдырықтасып, 27 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.

2012 жылы алғаш рет АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалған. Бүгінде 37 қарсыласынан басым түсіпті, 21-інде нокаутпен жеңген. Қалған 5 кездесуде жеңіліп қалған. 

Екі рет әлем чемпионы атанған

Әуесқой бокстағы жетістіктеріне қарағанда кәсіпқой рингте табысты өнер көрсеткен. 2012 жылы ол алғаш рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титутын иеленді. Бірақ көп уақыт өтпей, Хасан америкалық Питер Куиллинге қарсы жекпе-жекте алты рет нокдаунға түсіп, салдарынан титулынан айырылып қалды. 

Ал 2017 жылы Хасан Н'Дам Н'Джикам WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасқан. Бұл кездесуде франциялық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, тағы да әлем чемпионы атанды.


Н'Дам Н'Джикам - Мурата жекпе-жегі. Сурет boxingnews24.com сайтынан

Бірақ бес айдан кейін боксшылар реванш өткізіп, Мурата техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кейін боксшы екінші орта салмақта өнер көрсете бастады. 2019 жылы танымал Каллум Смитпен екінші орта салмақта WBA (Super) чемпионы титулы үшін жұдырықтасқан, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. 

Кейін ресейлік Федор Чудиновпен қолғап түйістірген еді, тағы да қарсыласына есе жіберді. 

ММА-де карьерасын бастауы мүмкін

Н'Дам Н'Джикамның екінші орта салмақта жолы болмай жүр. Сондықтан орта салмаққа оралғысы келген шығар. Мұндағы қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы болады. Әлімханұлы мұның алдында әлемнің тағы бір бұрынғы чемпионы Роб Брантты техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Ал 37 жастағы Хасан қазір бабында ма, жоқ па, дәл айту қиын. Себебі боксшы 2019 жылдың желтоқсанынан бері бір ғана жекпе-жек өткізген. Биыл 2 шілдеде Францияда Венгрия өкілі Габор Горбичті төрешілер шешімімен жеңген. 


Фото ringside24.com сайтынан

Жалпы, Н'Дам Н'Джикамның бокс шыңындағы кезеңі өтіп, қартайып келе жатқаны байқалады. Боксшы кейінгі бес жекпе-жегінің үшеуінде жеңіліп қалған. Бірақ осал біреулер емес, Мурата, Смит секілді азулы боксшыларға есе жіберген. 

Франциялық боксшы таяу уақытта боксты тастап, ММА-ге кетіп қалуы да мүмкін. Себебі былтыр ол франциялық танымал ARES FC промоушенімен келісімшарт жасасқан. Сол кезде промоушен президенті Хасан Н'Дам Н'Джикам ММА-де карьерасын бастағысы келетінін айтқан еді. Қарашада боксшы Жәнібек Әлімханұлынан жеңіліп қалса, бокспен қоштасуы да ғажап емес. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети