Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 февраля 2020 18:23

Канаданы шулатып жүрген қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров туралы не білеміз?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрзат Сабыров Нұрзат Сабыров

Бүгін қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров туралы дерек жинады. 


Бүгін қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров туралы дерек жинады. 

Нұрзат Сабыров - Шымкент тумасы, 1993 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген. Өз нокауттарымен белгілі ол кәсіпқой боксқа аяқ баспай тұрып, 2014 жылы студенттер арасында әлем чемпионы да атанған. Сол жылы Якутскте өткен жарыста 19 жастағы Сабыров ең жас қатысушы болса да, 75 келі салмақта жұдырықтасқан Корея, Моңғолия, Ресей боксшыларын жеңіп, "алтын" алған.


Сурет: otyrar.kz

Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокста үш жылға жуық өнер көрсетіп келеді. Қазіргі уақытқа дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 11-інде де жеңіске жеткен, оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған. Айта кетейік, боксшының барлық кездесуі Канадада өткен. Промоутері - Камилла Эстефан.

Сабыров BoxRec сайтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үздік боксшыларының ондығына кірген.

Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі алғашқы дебютін 2017 жылы маусымда Тетфорд-Майнс қаласында польшалық Касьян Инглотқа қарсы өткізген. Екінші орта салмақтағы боксшылардың кездесуі 4 раундқа жоспарланған болатын, алайда отандасымыз жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Сабыров қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Осыдан екі аптадан кейін, 2017 жылдың 18 маусымында қазақстандық екінші рет мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, америкалық қарсыласын ауруханадан бірақ шығарған. Осы жекпе-жекте Лорент Нельсонның жағы сынды. 

Кейін ол қазан және желтоқсан айларында кездесу өткізіп, екеуін де мерзімінен бұрын аяқтайды. Бірінші 26 жастағы мексикалық Марио Баэсті екінші раундта нокаутқа түсірсе, екінші мексикалық қарсыласы Франциско Гарсияны да құлатады. Осылайша қазақстандық боксшы Квебек спорт комиссиясының басшысы Мишель Хамелиннің де назарын аударады. 


Марио Баэс пен Нұрзат Сабыров

Осыған дейін екінші орта салмақта (76,203 кг дейін) өнер көрсетіп жүрген Нұрзат Сабыров бесінші жекпе-жегінде жартылай ауыр салмаққа (79,378 кг дейін) көшті. Онда да отандасымыздың жұлдызы жанып, алты раундқа есептелген кездесуде чехиялық Станислав Эшнерді төртінші раундта нокаутқа түсірді. 


Рокки Монтойя мен Нұрзат Сабыров

Қазақстандыққа барлық раунд бойы шыдай алған бірінші қарсыласы - мексикалық Роландо Паредес болды. Сол жекпе-жекте төрешілер жеңісті Нұрзат Сабыровқа бірауыздан берді. 


Роландо Парадэс пен Нұрзат Сабыров

Осыдан кейін қазақстандық қайта екінші орта салмаққа ауысты. Сөйтіп Нұрзат Сабыров нокаутшы атағын қайтарды. 

Былтыр наурызда болған жекпе-жегінде Сабыров 32 жастағы аргентиналық боксшы Сесар Эрнан Рейносоны жеңген. Судья жетінші раундта боксшыларды тоқтатып, Сабыровқа жеңісті берген. Себебі алтыншы раундта Нұрзат қарсыласын нокдаунға түсіріп, аргентиналықтың басы қанап кеткен болатын. Қазақ боксшысы үшін бұл - тоғызыншы жеңіс, сегізінші нокаут еді. Ал Рейносоның карьерасындағы он екінші жеңіліс болған.

Нұрзат Сабыровтан жеңілістің ащы дәмін татқандар да бар. Мысалы былтыр маусымда Тетфор Минде (Канада) өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы мажарстандық Ласло Тотты екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл Сабыровтың кәсіби рингтегі оныншы жеңісі, ал Тоттың карьерасындағы алғашқы жеңіліс еді. 

Еске салайық, бүгін Нұрзат Сабыров Канаданың Римуски қаласында 30 жастағы мексикалық "Тайсон" лақапаты бар Рикардо Адриан Луна Флоресті жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабыровқа берді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети