Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 марта 2020 13:02

"Көгілдір машина". Елеусіновтің келесі қарсыласы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол намибиялық Джулиус Индонгомен қолғап түйістіреді. Африкалық боксшы үш тұжырым бойынша әлем чемпионы болған. Tengrinews.kz тілшісі Елеусіновтің келесі қарсыласы туралы деректер жинады.


Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол намибиялық Джулиус Индонгомен қолғап түйістіреді. Африкалық боксшы үш тұжырым бойынша әлем чемпионы болған. Tengrinews.kz тілшісі Елеусіновтің келесі қарсыласы туралы деректер жинады.

7 жыл бойы Африкада жұдырықтасқан

Джулиус Индонго 1983 жылы 11 ақпанда Намибияның Виндхук қаласында дүниеге келген.  Жасы 37-де. Индонго бокстағы карьерасын әуесқой деңгейде бастаған. Оның есімі халықаралық деңгейде алғаш рет 2008 жылы Пекинде естілді. Жазғы Олимпиадада Намибияның намысын қорғады. Бірақ төртжылдықтың басты додасы боксшы үшін ерте аяқталды. Ол турнирдің бірінші кезеңінде аустралиялық Энтони Литтлден жеңілген.

Сөйтіп, Индонго 2009 жылы кәсіпқой карьерасын бастайды. Алғашқы жекпе-жегін сол жылы шілдеде өткізіп, отандасы Похамб Мандумды ұпай санымен жеңді. Карьерасындағы жетінші жекпе-жегінде Намибия чемпионы атанса, 11-кездесуінде WBO тұжырымы бойынша Африка чемпионы белбеуін жеңіп алды.

Индонго ұзақ уақыт бойы өз елінен шықпаған. Карьерасындағы алғашқы 20 жекпе-жегін Намибияда өткізген. Қарсыласының бәрі де - африкалық боксшылар. Джулиус сол 20 кездесуінің бәрінде жеңіске жеткен. Индонгоның лақап аты - "Көгілдір машина".

Карьерасының ең сәтті кезеңі

Джулиус Индонгоға 2016 жылы желтоқсанда Мәскеуде жұдырықтасуға ұсыныс түскен. Қарсыласы да азулы - бірінші жартылай орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ресейлік Эдуард Трояновский. Сол кезде ресейлік боксшы 25 жекпе-жегінің бәрін жеңген болатын.

Индонго бұл кездесуде айқын аутсайдер саналды. Бірақ кездесу ешкім күтпеген нәтижемен аяқталды. Индонго кездесудің 40-секундында сол қолымен Трояновскийдің жағынан дәл ұрды - әлем чемпионы ауыр нокаутта. Африкалық боксшы оның екі белбеуін иемденіп алды. Осылайша, ол Намибиядан шығып, әлем чемпионы атанған төртінші боксшы атанды.

Көбі бұл кездесуде Индонгоның кездейсоқ жеңіп кеткенін алға тартқан еді. Әйтсе де, бес айдан кейін боксшы Ұлыбританияға жол тартып, тағы бір сенсация жасады. Индонго жергілікті Рикки Бернспен қолғап түйістірген. 12 раундтың қорытындысы бойынша намибиялық боксшы жеңіске жетіп, Бернске тиесілі WBO белбеуіп тартып алды.


Индонго - Бернс жекпе-жегінен кейін

Абсолют әлем чемпионы үшін жұдырықтасқан

Осылайша, өз елінен тыс өткізген екі жекпе-жегінде де сенсация жасап, үш титул иеленген Джулиус бокс әлемінің жұлдызы бола бастады. 2017 жылы тамызда карьерасындағы ең маңызды жекпе-жегіне шықты. Қарсыласы - рекорды 31-0, америкалық танымал Теренс Кроуфорд. Индонгоның АҚШ-тағы дебюті. Қай жеңгені абсолют әлем чемпионы атанады, бәсте - бірінші жартылай орта салмақта Кроуфордқа тиесілі WBC, WBO, The Ring белбеулері мен Индонгоның WBA Super титулы.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте африкалық боксшы тағы бір сенсация жасай алмады. Екінші раундта бір рет нокдаунға түсіп алды. Ал келесі раундта нокаутқа түсті - карьерасындағы алғашқы жеңіліс.  


Индонго - Кроуфорд жекпе-жегі

Индонго келесі жекпе-жегін 2018 жылы наурызда өткізді. Қарсыласы - 20 жекпе-жегінің бәрін жеңген Реджис Прогрейс. Боксшылар бірінші жартылай орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулын сарапқа салды. Кездесу Индонго үшін тағы да сәтсіз өтті. Ол екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Нокаутқа түспес бұрын Индонга төрт рет нокдаун алған.

Боксшы содан кейін ұзақ уақыт бойы рингке шықпай кетті. Тек былтыр тамызда, араға 1,5 жыл салып 25-кездесуіне шықты. Карьерасын бастағанына көп бола қоймаған америкалық Карлтавиус Джонс Джонсонмен жұдырықтасып, 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Данияр Елеусінов үшін маңызды сынақ

Енді карьерасындағы келесі қарсыласы қазақстандық Данияр Елеусінов болмақ. Бұл - екі боксшы үшін де маңызды жекпе-жек. 37 жастағы Индонго зейнетке кетуге әлі ерте екенін дәлелдеуге тырысады.

Ал Елеусінов бұған дейін Индонго секілді азулы әрі танымал боксшымен шықпаған. Сондықтан, Данияр үшін бұл - өзін көрсететін жақсы мүмкіндік. Asianboxing.info сайты да дәл осындай пікірде.

"Елеусіновтің кәсіпқой бокста үлкен қарқын алып келе жатқаны көрінеді, мұндай жекпе-жек - оған өзін көрсету үшін үлкен мүмкіндік. Индонгоны жеңу оны әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке жақындатады, сонымен қатар, өз деңгейін арттыруда үлкен қадам болады. Үш жылдан бері Индонго әлем чемпионы атағынсыз жүр, бірақ ол әлі де бойшаң, адымды және ыңғайсыз солақай. Ол Елеусіновке мәселе туындатады. Данияр жеңеді деп ойлаймыз, бірақ сонымен бірге оны тәжірибелі Индоно сынақтан өткізеді", - деп болжады басылым.

Индонгоның қауіпті қарсылас екенін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн де айтып отыр.

"Данияр шынымен ақы төленетін дәрежеде өсіп келеді және өзінің соңғы жекпе-жектерінде әсерлі көрінді. Бірақ Джулиус Индонго - "Қазақ найзағайы" үшін үлкен қадам. Бұрынғы әлем чемпионы күш-қуатын жартылай орта салмаққа әкелмек, сондықтан Данияр қысымға түседі - қауіпті Индонгоның шабуылын қалай қайтара алады", - деді Хирн.

Елеусінов пен Индонго жекпе-жегі 17 сәуірде америкалық Оксон-Хиллде MGM National Harbor аренасыдағы бокс кешінде өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети