Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы - Жер алып, үй салу нұсқасы

30 Мамыр, 13:53
2

Қалада қазір жердің бағасы шарықтап тұр. Шет жақтан жер алып, үй салу да бүгінде оңай емес. Жер учаскесі мен құрылыс материалдарының қымбаттағанына қарамастан, үйлердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Осы тұста жер алып, үй салған тиімдірек пе әлде ипотекаға пәтер алған тиімдірек пе деген сұрақ туады. Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтың жауабын білу мақсатында осы қос нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін саралап, мақалалар легін жариялауды ұйғарған болатын.

Мұның алдында редакция ипотекалық бағдарламамен пәтер алуды тиімді деп санаған жас отбасының оқиғасын әңгімелеген еді. Ал бұл жолы 6 бөлмелі үй салған көпбалалы отбасының оқиғасын әңгімелейміз.

Айта кетейік, бұл отбасы қазіргі уақытта тағы бір үй салып жатыр екен.

Ақмола облысы Қоянды ауылының тұрғыны Жанаттың алты баласы бар. Тұңғышы - 15 жаста, ал кенжесі 3 жаста екен. 2005 жылы "Жас отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алуға кезекке тұрған. Ол кезде екі баласы болған. Бірақ кезектің созылып кеткені соншалық - олар ақырында жер үй салу тиімдірек болатын шығар деп, үй тұрғыза бастаған.

"2005 жылдан бері кезекте тұрмыз. Кезегіміз жылжымай кетті, бірақ сол кезекте әлі тұрмыз. Қазір көпбалалы ана ретінде тұрсам да, пәтердің әлі берілетін түрі жоқ. Содан қалада жер қымбат болғандықтан, Қояндыдан 10 сотық жер алдық. Ол жерді 2006 жылы алып қойдық. Жердің өзін 3 000 долларға сатып алдық. 2009 жылы іргетасын салдық, оған да біраз ақша кетті. 2010 жылы үйді тұрғыздық, кірпіштен салдық. Сосын 2011 жылы үйдің ішін сылап, шамамен сол жылы үйге кірдік. Бас-аяғы аумағы 160 шаршы метр 6 бөлмелі үй салуға 3 жыл уақыт кетті", - дейді Жанат.

Жанаттың айтуынша, ұй құрылысының материалдарын жинауға біраз уақыт кеткен. Сондықтан ол бастапқыда отбасымен бірге лашықта тұрған. 

"Материалдардың өзіне 4-5 миллион теңгедей кетті. Оның барлығын Астанадан алдық, шет жақтан алдыртқанымыз жоқ. Біздің ұтқанымыз - үй салатын жұмысшы жалдаған жоқпыз. Себебі ол адамдардың өзі 2-3 миллион сұрады. Сондықтан ешкімді жалдамадық, барлығын қайын ағамның көмегімен жасадық", - дейді ол.

Жанат үй салғанда басты шығын үйдің ішін реттеуге кеткенін айтады.

"Үй тұрғызғанда көп ақша үйдің ішіне кетті. Үйдің төбесі, еден салу, терезелер орнату. Осылайша жалпы үйді толықтай тұрғызуға 7-8 миллион кетті", - деп әңгімеледі Жанат.

"Үй салудың айтарлықтай кемшілігі бар деп айта алмаймын. Иә, онда барлық жұмысқа өзің араласуың керек. Тіпті бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін. Сондықтан шыдам қажет. Ең бастысы - қаладан пәтер алғаннан мың есе арзанға түседі. Мысалы, қалада бір бөлмелі пәтердің өзін кем дегенде 7-8 миллионға салып аласың. Қаладан үй алу үшін қолыңда кем дегенде 8 миллион ақша болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан ең тиімді нұсқа жер алып, үй салу деп санаймын", - дейді Жанат.

Оқи отырыңыз:

Пәтерді қалай таңдау керек - Маманнан 5 кеңес

Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы - Жер алып, үй салу немесе ипотекаға пәтер

Ипотеканы қайта қаржыландыру үшін банкті қалай таңдау керек - Экономист кеңестері

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц