Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 сентября 2021 13:01

"Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны - 200 мың теңге". Алматыда жалдамалы баспана қашан арзандайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz фотоколлажы ©Tengrinews.kz фотоколлажы

Алматыда жалға берілетін пәтер қымбаттап кетті. Бұған дейін алматылық жастар осы мәселені көтеріп, Желіде қызу талқы болған еді. Tengrinews.kz тілшісі алматылық риэлторларға хабарласып, пәтер ақысы қашан төмендеуі мүмкін екенін сұрады.  


Алматыда жалға берілетін пәтер қымбаттап кетті. Бұған дейін алматылық жастар осы мәселені көтеріп, Желіде қызу талқы болған еді. Tengrinews.kz тілшісі алматылық риэлторларға хабарласып, пәтер ақысы қашан төмендеуі мүмкін екенін сұрады.  

"Бір бөлмелі пәтерді жалдау құны 180-200 мың теңгеге жетті"

Интернетте түрлі хабарландыруға қарасаңыз, бір бөлмелі пәтер 120-150 мың теңгеге жалға берілетінін көруге болады. Мегаполис орталығындағы екі бөлмелі пәтерлер бағасы 200 мың теңгеден асады. 

Риэлтор Рустам Бекметьевтің айтуынша, пәтер қымбаттауына сұраныс артуы себеп болған. 

"Карантин жеңілдеген соң, университеттер дәстүрлі форматта оқып жатыр. Яғни, еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер келе бастады, бұл баға өсуіне әкелді. Пәтер көз алдымызда қымбаттай бастады. Мысалы, бүгін 1 бөлмелі пәтер бағасы айына 120 мың теңге болып тұрса, ертең ол 130 мың болып кетеді. Телефон соғылып, сұраныс көбейген сайын пәтер ақысы арта берді, бір сәтте ол 180-200 мың теңгеге жетті. Амалы болмаған соң халық көлемі 30-40 шаршы метр пәтерді бағасы "көкке ұшқан" бағаға жалдайды", - дейді ол. 


Фото:elements.envato.com

Маманның сөзінше, жыл сайын тамыз бен қараша арасында жалға берілетін пәтер ақысы өседі, себебі жаңа оқу жылы басталады.

"Кейінгі үш жылда пәтер бағасы 2021 жылдың ортасына дейін өзгермеген, көп болса, 10 мың теңгеге қымбаттаған шығар. Бұған нарықтағы барлық тауар қымбаттауы да себеп, себебі жалға беруші пәтеріне жөндеу жасау үшін қымбатқа құрылыс материалын сатып алады, кейін пәтер ақысын өсіреді", - дейді Рустам Бекметьев.

Оның айтуынша, Қазақстанда пәтерін жалға беретіндердің ортақ ұйымы жоқ. Сондықтан әрқайсы пәтер ақысын қалағанындай қоя береді. 

"Үйін жалға беретін әр қожайын пәтер бағасын өзі қояды. Бірақ бұл кезде қымбат пәтермен қатар, нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсыныстар да болады. Бірақ ондай пәтерлер өте жылдам өтіп кетеді, мұнда үйді қарауға тез келіп, жалға алып алу керек", - дейді маман. 


Tengrinews.kz фотоколлажы

Рустам Бекметьев Алматыда пәтер ақысы қашан арзандауы мүмкін екенін айтты. 

"Пәтер бағасы қыста, желтоқсан мен қаңтарда арзандауы мүмкін. Себебі күзде пәтер жалға алғандар сол жақта тұра береді. Тиісінше, жалға алатындар саны азаяды, жылжымайтын мүлік нарығында ұсыныс көбейеді, сондықтан ақырындап пәтер бағасы да арзандай бастайды. Бірақ пәтер ақысы қанша пайызға арзандайтынын дәл айту қиын, 10-15 пайызға шығар", - дейді ол. 

"Үш бөлмелі пәтерлер 30 пайызға қымбаттады"

Ал тағы бір риэлтор Айгерім Тұрсынханованың пікірінше, алдағы уақытта пәтер ақысы арзандайды деп күтпей-ақ қойған дұрыс. Оның болжамынша, келесі жылдың тамызына дейін баға тұрақтап тұрады. 

"Пәтер ақысы тамызда қашан да өседі, менің білуімше, биыл 1-2 бөлмелі пәтерлердің ай сайынғы төлемі 10 пайызға, үш бөлмелілер 30 пайызға дейін өскен. Бұл жыл сайын солай. Тек былтыр локдаун кезіндегі тамызда баға төмендеді", - деді ол. 


Фото: elements.envato.com

Оның пікірінше, биыл жалға берілетін пәтердің қымбаттауына зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға рұқсат берілуі де себеп болған. 

"Үй сатып алу - жалға беру кезінде қойылатын бағаға әсер ететін маңызды фактор. Жылжымайтын мүлік әр жарты жыл сайын қымбаттайды, оны жалға беретін кезде үйдің ақшасын қайтару керек болады. Биыл зейнетақы жинағына қатысты ажиотаж да бұған себеп болып отыр", - дейді Айгерім Тұрсынханова. 


Tengrinews.kz фотоколлажы

Риэлтор жаңа пәтерге көшкісі келетіндерге қыста пәтер арзандағанын күтпей, хабарландыруды жиі қарауға кеңес берді. 

"Пәтер қожайыны бағаны өзі қояды, кейбірі агенттіктерге жүгінеді. Үй қожайыны жалға берілетін пәтер тез өтуі үшін бағасын нарықтан әлдеқайда төмен қылып қоюы мүмкін. Ондай ұсыныстар қашан да болады, тек соны жіберіп алмау қажет, себебі ондай пәтерлер өте тез өтіп кетеді", - деді алматылық риэлтор.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы студенттері жалға берілетін пәтер күрт қымбаттағанына шағымданған болатын. Орташа алғанда, жалға берілетін пәтер бағасы 30 мың теңгеге қымбаттаған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети