Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 декабря 2020 09:46

"Қара тізімнен шығу үшін 2-3 жыл күтудің керегі жоқ". Мембағдарлама арқылы баспана алу жолдары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Әлихан Сариев Сурет: Әлихан Сариев

Tengrinews.kz сайтының бейсенбілік тікелей эфирінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болу жолдары айтылды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қаржы кеңесшісі Бағила Мыржанова түрлі бағдарламалар мен олардың шарттарын түсіндіріп берді. 


Tengrinews.kz сайтының бейсенбілік тікелей эфирінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болу жолдары айтылды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қаржы кеңесшісі Бағила Мыржанова түрлі бағдарламалар мен олардың шарттарын түсіндіріп берді. 

Бағила Мыржанованың айтуынша, мембағдарламалармен үй алу үшін міндетті түрде
үй кезегіне тұру керек. 

"Кей бағдарламаларға, мысалы "Нұрлы жерде" керек емес, алайда ол өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан кезекке тұрған абзал. Ол үшін тұрғылықты тіркеу орнындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару керек", - дейді ол.

Эфирде үй кезегінде тұрмағандар қалай баспана ала алатыны да айтылды.

"Үй кезегінде тұрмағандарға "Нарық" және "Өз үйім" бағдарламалары бар. Олар бойынша кез келген салымшы үйдің бастапқы 50 пайыз жарнасын жинап, баспаналы бола алады. Бұл бағдарламаларға атында жылжымайтын мүлкі бар адамдар да тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан қатысады және Қазақстанның қалаған өңірінде үй ала алады", - дейді Бағила Мыржанова.

"Банк те ақымақ емес. Ол да пайда тапқысы келеді" - Ипотека алудағы лайфхактар

Қаржы кеңесшісі "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары туралы айтып берді.

"Отбасы табысы адам басына шаққанда екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 62 366 теңгеден төмен болса, үй кезегінде тұрған адамдарға "Бақытты отбасы" ("2-10-25") бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беріледі. Бұл топқа көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

Ал кейінгі алты айдағы отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан (32668 *3,1=101 270 теңге) төмен болса, "5-20-25" аясында "Шаңырақ" бағдарламасымен баспаналы болу мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама бойынша жергілікті атқарушы органдарында үй кезегінде тұрған салымшылар қатыса алады", - дейді Бағила Мыржанова.

Ол 2020 жылы қандай бағдарламаларға сұраныс болғанын да айтып берді. 

"Биыл мемлекеттік бағдарламалар өте көп болды. Ол Жастар жылының жариялануымен де байланысты. Республикалық маңызы бар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жастарға арналған бағдарламалар болды. Оның ішінде Алматы үшін "Алматы жастары" бағдарламасымен білім беру, ғылым, медицина, спорт, әлеуметтік салаларда қызмет ететін 35 жасқа дейінгі мыңнан аса адам үйлі болды. Конкурс бойынша ұпайы жоғарылар 13 миллионға дейінгі бірінші және екінші реттік нарықтан баспана алды", - дейді қаржы кеңесшісі.  

Баспананың мақұлдануына несие тарихы да әсер етеді. Алайда маманның айтуынша, бактерде қара тізімдегі адамдар қарызын жауып, мембағдарламаларға қатыса бере алады. 

"Бағдарламаларға банк арқылы табысын растаған және өзі өтінім берген, үй кезегіндегі адамдар қатысады. Мембағдарламаларға барлық жағынан сай адамдардар болады. Бірақ несие тарихы нашар болса, яғни қазір өтелмеген несиесі барлар, баспана ала алмауы мүмкін. Оларды жапқаннан кейін ғана қатыса алады. Қара тізімнен шығу үшін екі-үш жыл күтудің қажеті жоқ. Тек қалған қарызын жауып, сол банктен анықтама алуы керек", - дейді ол. 

Сұхбаттың толық нұсқасы Instagram-дағы Кaz.tengrinews парақшасында жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети