1. Главная
  2. Узнай
  3. Культура
  4. Кино

13 жастағы қазақстандық Софи Манасян шетел сериалына түсті 29 сентября 2021, 12:58

Алматының тумасы Софи Манасян Cartoon Network Studios пен Nickelodeon бірлесе түсірген "Драма клубы" сериалына түсті, деп хабарлайды Тengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Софи Манасян. © "Драма клубы" сериалының кадры Софи Манасян. © "Драма клубы" сериалының кадры

Алматының тумасы Софи Манасян Cartoon Network Studios пен Nickelodeon бірлесе түсірген "Драма клубы" сериалына түсті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Драма клубы" - америкалық комедия аралас мокьюментари жанрындағы сериал, авторлары - Моника Шерер мен Мэдлин Уитби.

Софидің анасы Ольга Манасян АҚШ-та жоғары рейтингке ие болып үлгерген телехикая туралы айтып берді.

"Софи өзінің алғашқы сериалында Нова есімді кейіпкердің рөлінде ойнайды. Нова - ортаншы сынып оқушысы және мектептегі йога клубының президенті. Өздеріңіз байқағандай, жоба жасөспірім аудиторияға арналған", - дейді ол. 

Фото: instagram.com/sofimanassyan

Ольга Манасян сериалдың сюжетіне тоқталды.

"АҚШ мектептерінде түрлі үйірме бар ғой. Соның ішінде драма, яғни театр үйірмесінің айналасында өрбитін оқиға желісі десем болады. Драма клубының өз драмасы бар. Мектеп оқушылары арасындағы достық, түсініспеушілік, алғашқы махаббат және басқа да шиеленіскен сюжеттерді осы сериалдан таба аласыздар", - деді Софидің анасы.      

Оның сөзінше, "Драма клубы" АҚШ-та көп талқыланып, басты рөлдегі кейіпкелер көпке танылып жатыр.

"Қазір сериалдың бірінші маусымы аяқталды. Жоғары рейтинг жинаған «Драма клубы» келесі маусымға да созылатын болды. Бұл Nickelodeon арнасында өте сирек болатын құбылыс. Қазірдің өзінде телехикаяның жұлдыздары көптеген шоуларға шақырту алып, әлеуметтік желідегі танымалдылығын арттырды. Продюсерлердің айтуынша, жақын арада сериалды атақты стримерлік сервистер сатып алуы мүмкін", - дейді ол. 

Фото: instagram.com/sofimanassyan

Сонымен қатар, Софидің анасы қызының жоспарларын айтып берді.

"Софидің агенттері мен менеджерлері күн-түн демей, ізденіс үстінде жүр. Жақында Софи тағы да алып киностудиядан шақырту алды. Әзірге жаңа жоба туралы еш ақпаратпен бөлісе алмаймын. Алайда қаражаты қомақты, бұған дейін танымал фильмдер түсірген режиссердің жобасы екендігіне сендірейін", - дейді Ольга Манасян.  

Анасының айтуынша, танымал қазақстандық Софи Манасян киноиндустрияға біржола бет бұрады.

"Софи бұған дейін көптеген жарнамада, шағын роликтерде бой көрсетіп жүрді. Сондай-ақ, мультфильдер мен телехикаяларға дубляж жасағын да білесіздер. Қызым кейінгі уақытта кино саласына ерекше көңіл бөліп жүр. Алдағы жоспарымыз - Софиді кино өнерін оқытатын академияға түсіру. Софи танымал актриса болып, Қазақстанды күллі әлемге танытқысы келеді. Бұл арманының жолында аянбай еңбек етіп жүр", - деп сөзін аяқтады ол.


Фото: instagram.com/sofimanassyan

Айта кетейік, Софи Манасян 2017 жылдан бері Америкада тұрады. 2 жыл бұрын АҚШ-тың Білім департаменті Софи Манасянды академиялық жетістіктері үшін дарынды деп таныды.

Софи Манасян халықаралық би байқауларына қатысқаннан кейін танымал болды. Сондай-ақ, қыз алты жасында австриялық "Минута славы" шоуына қатысқан. Төрт жасында ол "Әлемнің кішкентай патшайымы-2012" байқауының вице-аруы болды.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов
Бейнеүзінділер "Драма клубы" сериалынан



Join Telegram