Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 октября 2021 17:39

"456 нөмірлі костюмге сұраныс көп". Қазақстандық кәсіпкерлер атақты сериалдан бизнес жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/netflix © instagram.com/netflix

Қазақстандық көрермен"Игра в кальмара" сериалындағы кейіпкерлердің киіміне қызығушылық танытып, жаппай тапсырыс беріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық көрермен"Игра в кальмара" сериалындағы кейіпкерлердің киіміне қызығушылық танытып, жаппай тапсырыс беріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Игра в кальмара" телехикаясы слипондар мен спорт костюмдерінің сатылымына екінші дем берді. СNN хабарына қарағанда, енді сән индустриясы танымал фильмдер мен сериалдардың жетегінде кетеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда Instagram әлеуметтік желісі арқылы кореялық сериалдағы киімдердің көшірмесін сатып, байып жатқандар аз емес.

Ақтөбелік кәсіпкер Жанар Мағамбетова жаңа кәсіп көзін ашып, "Кальмар ойыны" кастының киімдерін тігумен айналысып жүр.

"Мен - декрет демалысындағы көпбалалы анамын. Жақында ортаншы қызым "Игра в кальмара" көріп, өзіне 067 нөмірі бейнеленген жасыл спорт костюмін алып беруімді сұрады. Кейіннен әлеуметтік желіде көптеген адамның "Игра в кальмара" сериалындағы киімдерге қызыққанын байқап, бизнес бастауға бекіндім", - дейді ол.

Ақтөбелік кәсіпкер Жанар Мағамбетова

Жанардың айтуынша, осылайша ол киім тіге бастаған. Қазір "067" және "456" нөмірлі костюмдерге сұраныс көп.

"Тапсырыс берушілердің саны өте көп. Бір күннің өзінде ешқандай жарнамасыз он шақты костюм сатамыз", - деді кәсіпкер.

Мағамбетованың заттары интернет-дүкендегі киім-кешектен қымбатырақ. Бір костюмді 20 мың теңгеге сатып аласыз.

"Тігін ісімен айналысып жүргеніме біраз болды. Өзіммен бірге істейтін бірнеше әріптесім бар. Біз Түркиядан сапасы жоғары мата алдырып, сериалдағыдай костюмдерді айнытпай тігеміз. Сол себепті де нарықтағы бағадан сәл қымбатқа сатамыз. Таза қолөнер деуге болады", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, хостинг мамандары интернетте Корей телехикаясының атрибуты кеңінен талқыланып, "Кальмар ойыны" іздеу жүйесінде 60 миллионнан аса сұралғанын мәлімдеген еді.

Сериалы кадры

Сериалдың арқасында Vans аяқ киім брендінің сатылымы соңғы 15 күн ішінде 7800 пайызға артқан. Неге? Өйткені, өздеріңіз байқағандай, "Игра в кальмара" қатысушылары түгел Vans-тың ақ слипонын киді. Ал олардың үстіндегі ақ жолағы бар жасыл спорт костюмі Amazon платформасында бестселлерге айналды. Ozon, Alibaba, eBay және AliExpress онлайн-дүкендерінде "Игра в кальмарадағы" костюмдер 11 мың теңгеден басталады.

"Игра в кальмара" - Оңтүстік Кореяның триллер жанрындағы веб-сериалы. Сериалдың режиссері және сценарий авторы - Хван Дон Хек. Тоғыз бөлімнен тұратын сериал қаражаттан қысылып, құны адам өмірімен өлшенетін қауіпті ойынға шақырылған адамдар тобы туралы баяндайды. "Игра в кальмара" сериалының әлемдегі премьерасы 17 қыркүйекте Netflix платформасында өтті.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети