Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 декабря 2020 12:44

Анасын сағынғандарға арналған фильм - "Хочу к маме, или Жаңа жыл Жалпақсайда"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм постері Фильм постері

Алматыда "Хочу к маме, или Жаңа жыл Жалпақсайда" атты фильмнің тұсаукесері өтті. Комедия Жаңа жылдан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда "Хочу к маме, или Жаңа жыл Жалпақсайда" атты фильмнің тұсаукесері өтті. Комедия Жаңа жылдан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильмнің режиссері, бас продюсері әрі сценарий авторы - Жанна Сабирова. Бұл оның алғашқы туындысы екенін айта кеткен жөн. Түсірілім локдаунға байланысты наурыздан желтоқсанға дейін созылыпты. Ал 5 желтоқсанда қар жауғанда соңғы кадрлар түсірілген екен. Жанна Сабированың айтуынша, фильм бюджеті - 150-170 мың доллар. 

"Бұл жай ғана өмірден алынған оқиғалар. Біз үнемі асығамыз, ештеңеге уақыт жетпейді. Осы туындыдағы барлық адам жағымсыз емес, олардың әрқайсында менің бір бөлшегім бар. Мен фильмді көріп шыққан адам үйіне, анасына хабарласқанын, жақындарымен татуласып, сыйлық жасауға уақыт, күш тапқанын қалаймын, бұл менің басты мақсатым болды. Себебі бәріміз бәріне үлгеретін сияқтымыз, алайда кейде кеш болып қалады", - дейді режиссер. 

Жанна Сабирова фильмге керемет актерлер таңдалғанын және оларға дебютант режиссерге сенім білдіргені үшін алғыс айтты. 

Фильмге Қазақстанда танымал өнер иелері түскен. Олар - Гүлжамал Қазақбаева, Жандос Айбасов, Айсұлу Әзімбаева, Нұрайым Бусакан, Шыңғыс Капин, Нұрлан Албан, Әзиз Бейшеналиев, Дина Тасболатова, Шыңғыс Қапин, Шолпан Шакенова, Төлепберген Байсақалов, Ерлан Әли.

Әнші Нұрлан Албанның да бұл алғаш түскен фильмі екен. Оның айтуынша, бұған дейін де көптеген режиссер ұсыныс жасаған, бірақ келіспей жүрген. Өзі киноға түсуге түбегей қарсы болса да, бұл жолы досының ұсынысынан бас тартпапты. 

"Бұл фильм иегері Жанна Сабирова, екеуміздің арамызда 25 жылдай достық деген ұлы сезім бар. Сондықтан Жәкең бір ауыз сөз айтқан кезде, достың көңілін қалдырғым келмеді. Фильмде кішкентай ғана эпизодтық ролім бар. Оны көрермендер өздері көріп, бағасын берер", - дейді әнші.

Нұрлан Албанның айтуынша, фильмнің аты орысша болғанымен қазақы түсірілген.

"Маған жалпы фильм құрылымы ұнады. Аты орысша болғанымен қазақы фильм. Ол елді, ананы, туған мекен, ұшқан ұяны сағынған адамдарға арналған", - деді әнші. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети