Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 января 2021 12:57

Қарапайым көлік жүргізушісі Әлімғазы Райымбеков "Тақиялы періште" фильміне қалай қабылданды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбековтің өмірден өткені белгілі болды. Актер көрерменге "Тақиялы періште" фильміндегі Тайлақ ролі арқылы жақсы таныс. Өнер саласын оқымаған қарапайым көлік жүргізушісі киноға қалай келді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Бүгін актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбековтің өмірден өткені белгілі болды. Актер көрерменге "Тақиялы періште" фильміндегі Тайлақ ролі арқылы жақсы таныс. Өнер саласын оқымаған қарапайым көлік жүргізушісі киноға қалай келді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Әлімғазы Райымбеков 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында туған. Әкесі де алып, шымыр адам болған екен. Актер 10 баласынан 20 немере, 7 шөбере сүйген.

"Тақиялы періште" фильмінен үзінді

Өнерге кездейсоқ келген

"Спорт арқылы киноға келдім деуге болады", - деген екен актер "Дара жол" бағдарламасында. 

Өнер иесінің киноға еш қатысы болмаған. Ауылда қарапайым жүргізуші болып жұмыс істеген. 

"Өнер саласында ешқандай еңбегім жоқ. Талдықорған облысы тарап, Алматы облысына қосылған кезде "Қайрат" бірлестігі ауылдағы балаларды жинап, қазақ күресіне дайындап, Алматыға алып келді. Біздің команда екінші орын алды. Сөйтіп, 24 баланы іріктеп, Талғар қаласына апарып шынықтырды. Әр жеті сайын күрестіріп, ұтылғаны үйіне қайтып, қалғаны қалды. 6 маусым күні Оңтүстік Қазақстанға Қажымұқан атамыздың қазақ күресінің жүлдесін алу үшін келдік. 16 команданың ішінде ауыр салмақта бірінші орын алдым, қазақ күресінің чемпионы атандым. Содан елге қайттым. 

Қазақ күресінен жарысқа барған сәт © Qazaqstan

Таң атпастан бір жігіт келіп тұр. "Сізді Жылқыайдар Егімбаев шақырып жатыр" деді. Ол кезде шақырғанда не ұрысады, не мадақтайды ғой. Барып едім, "Ей, не бүлдіріп жүрсің? Мына жақта сені іздеп жүр ғой. Не қағаз ол? Мә, оқы" деді. Алсам, телеграмма екен, орысша жазылған: "Киногруппа "Крылья песни" просит приехать на кинопробу в роль Кажымукана" деп тұр. Түсе аламын ба, жоқ па - онда шаруам жоқ. "Барам ғой" дедім. Қазақты дүние жүзіне танытқан атамыз, 100 жылда бір туатын азамат", - деп еске алған актер.    

Осылайша Әлімғазы Райымбеков Алматыға келеді. Киностудияны тауып, сынақтан өтпек болады. 

"Бір келіншек кіргеннен басымнан аяғыма дейін қарады. Бір кезде "Азик, Кажымукан приехал" деп айғай салды. Артыма қарасам Азик тұр екен. Сәлемдесіп, танысып болғаннан кейін "Қажымұқан атаны сомдауға шақырып едік. Келіпсіз, рақмет. Орысша оқи аласың ба?" деді. Судыратып оқымасам да, ежіктетіп оқимын дедім. "Онда мына текстті жаттаған күні келесіз" деді. Қонақүйге барып, текстті жаттаймын. Айнаға қарап, текстті айтып тұрмын. Түсіндім, жаттадым деп, студияға келдім.

Бәрі жиналып отыр екен. "Текстіңді айт" деді, айтып бердім. Ыдырыс Қарсақбаев деген костюм бойынша суретші жігітке мені киіндіріп келу керегін айтты. Барып, киіндірді. Алексей Егорович деген гримерге мені бояндыру керегін айтты. Мені гримдеп, алып келіп еді, "закрепить" деді. "Ертеңгі күні 10-дарда павильонға" кел деді", - деген актер. 

Сөйтіп актер Қажымұқанның роліне бекітілген екен.  


© kino-teatr.ru

"Тақиялы періште" фильміне қалай келді?

Актер 1965 жылы алғашқы "Ән қанатында" фильмінде Қапанның ролінде ойнаған болатын. Шәкен Айманов өнер иесін сол фильмде көріп қалған екен.

"Содан кейін бе екен, мені "Тақиялы періште" фильміне шақырған. Өзім әлі күнге дейін түсінбеймін, сол ғана ойыма келеді. Басқа қалайша мені шақырғанын білмеймін. Мен актер емеспін, жүргізушімін. Қалай шақырды, не үшін шақырды, Алла итерді ме? Әлі күнге дейін түсінбеймін", - деген екен актер. 

Фильм кадры

Ал жалпы "Тақиялы періште" фильмінің сценарийі Әмина Өмірзақова, Әлімғазы Райымбеков пен Шолпан Алтайбаеваға (Айша) арнайы жазылған екен. 

"Тақиялы періште" арнайы біз үшеуімізге жазылған. Бізде ешқандай сынақ болған жоқ", - дейді актриса Шолпан Алтайбаева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети