Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 февраля 2020 11:18

"Паразиты" фильміне дейін. Режиссер Пон Чжун Хон түсірген картиналар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS / Mario Anzuoni © REUTERS / Mario Anzuoni

Биылғы "Оскар" марапатының жұлдызы - оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хо. 1994 жылдан бері фильм түсіріп келе жатқан режиссер биылғы премияда алты бірдей мүсін иеленді. Tengrinews.kz тілшісі режиссердің жұлдызын жаққан "Паразит" картинасына дейін түсірген туындыларына шолу жасады. 


Биылғы "Оскар" марапатының жұлдызы - оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хо. 1994 жылдан бері фильм түсіріп келе жатқан режиссер биылғы премияда алты бірдей мүсін иеленді. Tengrinews.kz тілшісі режиссердің жұлдызын жаққан "Паразит" картинасына дейін түсірген туындыларына шолу жасады. 

Пон Чжун Хо 1969 жылы Оңтүстік Кореядағы Тэгу қаласында дүниеге келген. Негізгі мамандығы - әлеуметтанушы. Сұхбаттарының бірінде режиссер бала кезінде ұяңдығынан үйден көп шықпағанын айтқан. Көп уақыты теледидар көрумен өткен Пон Чжун Хо режиссер болуды бала күнінен армандаған екен. 

Режиссердің туындыларына арнап парақша ашқаны болмаса, өзі ешбір әлеуметтік желіде жоқ. 

"Непоследовательность" (1994 жыл)

Бұл комедия жанрындағы қысқаметраж (31 минут) фильм. Басты рөлде: прокурор, комментатор және профессор. Пон Чжун Хо картина сценрийін жазып, режиссерлікпен айналысқан. 

Туынды Оңтүстік Кореядағы тәртіпсіздіктер кезінде бірнеше рет ұсақ қылмыс жасаған үш ер адам туралы. 

"Лающие собаки никогда не кусают". (2000 жыл)

Бұл фильм режиссердің алғашқы толықметраж фильмдерінің бірі. Университетте лектор болып қызмет ететін жас маман аяғы ауыр қызымен тұрғын үйде тұрады. Көрші үйдегі ит қоймай үре бергеннен кейін, бір күні жас жігіттің шыдамы таусылып, жедел әрекет етпек болады. 

"Воспоминания об убийстве" (2003 жыл)

1986 жылы Хвасон қаласында екі әйел бірдей белгімен өлтіріледі. Детектив Пак Ту Ман мен оның көмекшісі Чо Ен Гу қылмыстың мән-жайын анықтамақ болады. Екеуі қылмысқа қатысы бар деген күдіктілерді қинап, кінәсін мойындауға мәжбүрлейді. Артынша іске Сеулден келген Со Тхэ Юн есімді детектив қосылады.

Істің мән-жайын анықтауға қосылған детективтің келгеніне қарамастан адам өлімі жалғасып, көрермен тергеу жұмыстарын бірге бақылайды.

"Вторжение дьявола" (2006 жыл)

Фантастикалық комедия жанрында түсірілген фильм су қоймаларында өмір сүретін және адамдарды жалмап жатқан жаратылыстар туралы. Яғни, сюжет ірі паразиттертер туралы өрбиді. 

"Мисс Морковка" (2008 жыл)

Бұл туындыда режиссердің өзі де актер ретінде төбе көрсеткен. Пон Чжун Хо студенттің рөлінде ойнайды. Жалпы фильм оңтүстік-корейлік мектепте орыс тілінен сабақ беретін қыз туралы. 

Алайда бұл тіл Кореяда кеңінен таралмағандықтан мектеп әкімшілігі мұғалімді ағылшын тілінде сабақ беруге мәжбүрлейді. Одан бөлек, жас мұғалім тым ұялшақ болған - қобалжыған сәтте бірден қызара кетеді. Сонымен қатар, ол отбасылы әріптесіне ғашық болып, оған сезімін білдіруге тартынып жүреді. 

"Токио" (2008 жыл)

Комедиялық драма үш оқиғаның желісімен түсірілген. Оқиғалардың үшеуі де Жапония астанасы Токиода болады. 

"Интерьер дизайнері": бірнеше жас адам Жапония астанасына көшіп келеді. Акира танымал кинематографист болуды, оның қызы Хироко тағдырын іздеп, оны күтпеген жерден табады.

Екінші оқиға біртүрлі жаратылыс туралы. Кәріз жүйесінде өмір сүретін ол тек гүлдер мен ақша жеп, арасында сыртқа шығып, қалаға шабуыл жасайды.  

"Естен тандырар Токио": Теруюку есімді жігіт - хикимори. Жапон елінде қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдар тобын солай атайды. Бір күні оның есігін пицца жеткізуші сұлу қыз ашып, өмірін түбегейлі өзгертеді. 

"Мать" (2009 жыл)

Егде жастағы әйел 28 жастағы ұлы То-Джунмен бірге тұрады. Балгерлікпен айналысатын ол жағдайы нашар адамдарға көмек қолын созады. Кенеттен оның ұлы мектеп оқушысының өліміне қатысы бар деген күдікке ілінеді. Сөйтіп, анасы ұлының бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін дәлелдеуге әрекет жасайды. Себебі ұлы біраз жыл түрмеге қамалуы мүмкін. 

"Сквозь снег" (2013 жыл)

Фильм байлар және кедейлер болып бөлінетін қоғам туралы, адамзаттың болашағына ой салатын туынды. 

Нәтижесінде 2031 жыл: байлық пен кедейлік - екі бөлек әлем. Туынды Оңтүстік Корея мен Чехияның туындысы.

"Морской туман" (2014 жыл)

1988 жылы балық аулайтын кеме теңізге жол тартады. Бірақ балықшылар қанша тырысқанымен, қармақта балық түсімі болмайды. Қалай да ақша табуды ойлаған балықшылар Оңтүстік Кореяға көшуді армандайтын Қытайдағы этникалық корейлерді көшірмек болады. 

Жолда кеме дауылға тап болып, артынан оңтүстік-корейлік теңіз полициясы келеді. Картина Дон-Щик есімді экипаждың ең жас мүшесі ғашық болып қалған эмигрант қызды құтқаруымен өрбиді.

"Окча" (2017 жыл)

Фантастикалық драма 2017 жылы түсірілген. Миджа есімді қыз он жыл бойы Оңтүстік Кореядағы таулы аймақта Окча деген құбыжықпен өмір сүреді. Бірде ірі халықаралық компания меншігін алып кетпек оймен құбыжықты Нью-Йоркке көшіріп алады. 14 жастағы Миджа досын құтқарып қалу үшін бәріне дайын болады. Сөйтіп, ауылдың қызы жаңа технология дамыған заманауи қалаға тап болады.  

"Паразиты" (2019 жыл)

"Паразиты" - режиссер Пон Чжун Хоға алты бірдей "Оскар" мүсіншесін сыйлаған туынды. Картина жертөледе тұратын корейлік отбасы туралы. Олардың жағдайы нашар болғаны соншалық көршінің интернетін қолданып, қолға түскен жұмысты істеуге тура келеді.

Бір күні басты рөлдегі жігіттің досы шетелге тәжірибеден өтуге кететіндіктен оған бай отбасының қызына ағылшын тілінен қосымша сабақ беруге ұсыныс жасайды. Жігіт ұсынысты қабылдап, жоғары білім туралы дипломды қолдан жасап, зәулім үйде тұратын отбасына барады. Үй иесіне жақсы әсер қалдырған жігіт жұмысқа сәтті орналасады. Артынша жігіт отбасының басқа мүшелерін де жұмысқа орналастыруды ойлап, жоспар құрады. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети