04 июня 2019 | 17:22

Сұлу, филантроп, ана. Анджелина Джоли несімен үлгі

Камила Долаева Корреспондент

Бүгін әлемге танымал актриса, режиссер, фотомодель, "Оскар" жүлдесінің иегері Анджелина Джоли 45 жасқа толды. Ол 1974 жылы Лос-Анджелесте әртістер отбасында дүниеге келген. Ол 2009, 2011 және 2013 жылдары Forbes журналының нұсқасы бойынша ең көп ақы төленетін актриса атанған. Үш "Алтын глобус" (үш жыл қатарынан) және екі АҚШ киноактерлері гильдиясының сыйлығын алған. Джолидің актерлік қыры, жетістіктері баршаға белгілі. Оның қайырымдылықпен айналысатынын, алты баланың анасы екенін де ұмытпаған жөн. Джоли Голливудтың ең жомарт филантроптарының бірі. Ол мұқтаждарға көмектесіп, гуманитарлық миссиялар құрамында экономикасы нашар елдерге тұрақты барып тұрады, тіпті БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атағын алған. Бүгінгі мақалада Tengrinews.kz тілшісі танымал актрисаның қайырымдылық жолын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін әлемге танымал актриса, режиссер, фотомодель, "Оскар" жүлдесінің иегері Анджелина Джоли 45 жасқа толды. Ол 1974 жылы Лос-Анджелесте әртістер отбасында дүниеге келген. Ол 2009, 2011 және 2013 жылдары Forbes журналының нұсқасы бойынша ең көп ақы төленетін актриса атанған. Үш "Алтын глобус" (үш жыл қатарынан) және екі АҚШ киноактерлері гильдиясының сыйлығын алған. Джолидің актерлік қыры, жетістіктері баршаға белгілі. Оның қайырымдылықпен айналысатынын, алты баланың анасы екенін де ұмытпаған жөн. Джоли Голливудтың ең жомарт филантроптарының бірі. Ол мұқтаждарға көмектесіп, гуманитарлық миссиялар құрамында экономикасы нашар елдерге тұрақты барып тұрады, тіпті БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі атағын алған. Бүгінгі мақалада Tengrinews.kz тілшісі танымал актрисаның қайырымдылық жолын баяндайды.

Реклама
Реклама

Камбоджаға берген серті

Джоли танымалдыққа "Лара Крофт" фильміндегі басты рөлінен кейін ғана ие болған. Анджелина жағдайы нашар елдерде болып жатқан гуманитарлық апатты Камбоджадағы тіршіліктен білген. Онда актриса "Лара Крофт - расхитительница гробниц" фильмінің түсірілімдерінде болған. Сол кезде ол БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі комиссиясынан ақпарат алғысы келіп, хабарлама жазады. 2001 жылдың ақпанында Сьерра-Леоне мен Танзанияға алғашқы сапарына аттанып, ондағы жағдайдың нашарлығын көргенде аң-таң болады. Осылайша өзіне Африка мен Азияның қиналған жұртына қалайда көмектесемін деп серт берген екен. 

Келесі айларда Анджелина Камбоджаға қайта келеді, одан кейін Пәкістандағы ауған босқындарының лагеріне барып, босқындар ісі жөніндегі комиссия қорына зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасайды. Сапарларға кеткен шығынды Джоли өз қалтасынын шығарып отырған. Сонымен қатар, барған лагерьлерде де комиссия қызметкерлері сияқты жағдайда өмір сүреді және солардың атқарған жұмысын істейді. 

Осылайша Джолидің гуманитарлық көмек көрсетудегі қызығушылығы мен жасаған жұмысына риза болған комиссия басшылығы оған 2001 жылдың 27 тамызында штаб-пәтері Женевада орналасқан БҰҰ Жоғарғы комиссар басқармасының босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі болуға ұсыныс айтады. Алғашында Джоли оның БАҚ-тағы имиджі комиссияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіптенеді, десе де кейін комиссияға қосады. 

Содан бері актриса Африка мен Азияның көптеген еліне көмекпен барады және қайырымдылыққа қыруар қаржы бөледі. Келесі 4 жылда Анджелина Джоли гуманитарлық миссиямен бірге Кения, Таиланд, Эквадор, Судан, Косово, Ангола, Шри-Ланка, Иорданиядағы Ирак босқындарының лагерлері, сондай-ақ, Ресейдегі Солтүстік Кавказға төрт күндік сапармен барып, онда комиссияның қызметімен танысады.

Өзінің гуманитарлық қызметінің және белсенді азаматтық позициясының нәтижесінде актрисаның саясатта да сөзі өтімді болды. Ол 2005 жылы Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумға баяндама жасау үшін шақырылған, сондай-ақ, АҚШ пен Еуропадағы ірі саяси кездесулерде сөз сөйлеп, келіссөздер жүргізген.

Жүкті кезінде де Джоли саяхаттауды тоқтатпаған. Тіпті өзінің қызын кезінде миссияға барған Намибияда дұниеге әкелген. 

Джолидің қоғамдағы салмағы

Джолидің капиталы мен қоғамдағы салмағы оған бірнеше жеке қайырымдылық қор ашуға мүмкіндік берді. Олардың бірі Maddox Jolie-Pitt Foundation "Шекарасыз дәрігерлер" гуманитарлық ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істейді. 

Тағы бірі - Education Partnership for Children of Conflict, ол "қақтығыс орындарында" балаларға білім берумен айналысады. Соғыс жүріп жатқан елге көмектесетін үкіметтер бұл мәселені екіұшты санайды, сондықтан көп қозғай бермейді, ал Джолидің ойы басқа.

"Білім берудің арқасында балалар елінде болып жатқан зорлық-зомбылыққа ілеспейді. Жас ақыл-ой халқы мен отбасы үшін болашақта әлемді жақсарта алады", - дейді актриса. 

Бұл екі ұйымнан басқа, ол Калахари шөлінің табиғатын қорғайтын арнайы қор құрған. Сондай-ақ, Джоли патронатында Камбоджадағы қарапайым тұрғындардың жағдайын жақсартатын жоба жұмыс істейді. 

Ғибадатханаға берілген атау

Джолидің Камбоджада өткізілген гуманитарлық жұмыстары үшін 2004 жылы елдің премьер-министрі актрисаны Камбоджаның Құрметті азаматы атағымен марапаттады. Ал 2005 жылдың тамызында актрисаға Камбоджа королі ресми азаматтық берді. 

Камбоджада Анджелина құрметіне ғибадатхана атауын өзгерткен. Онда "Лара Крофттың" түсірілімдері өткен.

Әлем актрисаның қайырымдылыққа жұмсаған күш-жігерін жақсы бағалады. БҰҰ оның ерікті қызметі үшін құрметті "Оскармен" марапаттаған. Тіпті Ұлыбитания ханшайымы II Елизавета Джолимен жеке әңгіме барысында кавалерлік даманың құрметті атағын берді. Және бұл Анджелина марапаттарының аз ғана бөлігі. 

Анджелина Джолидің балалары

Анджелина Джолидің алты баласы бар: ұлдары - Мэддокс Шиван, Пакс Тьен және Нокс Леон, қыздары - Захара Марли, Шайло Нувель және Вивьен Маршелин. Барлығының тегі Джоли-Питт (Jolie-Pitt), бірақ үшеуі ғана Анджелина мен Брэд Питтің биологиялық балалары. Олар Шайло, Нокс және Вивьен.

Анджелина Мэддоксты бір жасқа толмай 2002 жылы Камбоджада асырап алған. Онда Джоли үшінші әлем елдері туралы "За гранью" фильмінде түскен. Рат Вибол есімді бала босқындарға арналған жетімдер баспанасында болған. Джоли Билли Боб Торнтонмен ажырасқаннан кейін ол балаға жеке қамқорлық алған. 

2005 жылғы Захараны Джоли Эфиопияда БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясында жүргенде Брэдпен бірге асырап алған. Қыздың биологиялық анасы ЖҚТБ-дан қайтыс болған деседі. Бірақ 2007 жылы Захараның өз анасы тірі болып шығып, ол Анджелина мен шенеуніктерге айып тағады. Дау шешіледі, бірақ Захара он жасында туған анасымен танысуға, ықтимал отбасымен бірігуге ниет білдіреді. Захараның екінші аты - Марли, Анджелина оны Боб Марлидің құрметіне қойған. 

Шайло Нувель - Анджелины Джоли мен Брэд Питтің алғашқы биологиялық қызы. Оның есімі Библияда "бейбіт" дегенді білдіреді. Ол Намибияда дүниеге келген. Ең қызығы, алғашында ғашықтар қыздың суретін ешкімге көрсетпеген, тіпті БАҚ өкілдері де оны түсіре алмаған. Нәтижесінде олар қызының суретін "People" және "Hello!" журналдарына рекордтық 10 миллион доллорға сатып, ол әлем жұлдыздарының ең қымбат суреті болды. 2014 жылы қыз өзін Джон есімді трансгендерлік бала деп санайтыны мәлім болды. 

2007 жылы 5 наурызда Анджелина мен Питт Вьетнамның оңтүстігінде үш жасар Пакс Тьенді асырап алды. Оның алғашқы аты - Фам Квань. Латын тілінде "Пакс" есімі "әлем" дегенді білдіреді.

2008 жылдың 12 шілдесінде Анджелина Джоли егіздерді дүниеге әкелді - ұлдың аты Нокс Леон, қыздың Вивьен Маршелин. Олар Францияда, Ниццада туды. Ол босанып жатқан кезде Брэд Питт жанында болған. Жаңа туған нәрестелердің алғашқы суреттерін жариялау құқығы америкалық журналдардың біріне 14 миллион долларға сатылды. Анджелина Джоли мен Брэд Питт "Катрин" дауылынан зардап шеккен Жаңа Орлеанды қалпына келтіріп, жетімдерге көмектесу үшін қорға 8 миллион 400 мың доллар аударды. Сондай-ақ, 2008 жылдың жазында Анджелина мен Брэд Бирма, Зимбабве елдерінде адам құқығын бақылау жөніндегі ұйымға 1 миллион доллар табыс етті.


© instagram.com/angelinajolieofficial

2015 жылдың ақпан айында бірқатар БАҚ-тарда Брэд Питт пен Анджелина Джоли Сириядан Мусса есімді екі жасар баланы асырап алғаны туралы ақпарат пайда болды. Бірақ сәуірде олар ақпаратты жоққа шығарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная