Айналайын қазақтарым жауы қырылып жатса да жаны ашып тұратын өте мейірімді халық, әрине бізді ата бабаларымыз осылай тәрбиеледі, таспен ұрғанды аспен ұр деп, Аллахтың қаһары қаншалықты қатты болса, мейірімі соншалықты шексіз, Аллах тан дұға етіп кешіруін сұранамыз, шипасын беруін нәсіп етсін, ілгеріде осылай жаман нәрселер болып жатса, дұшпаныма да тілемеймін деуші еді қариялар.
Телевидение тек қаладағы байлар мен олардың балаларын, жырбыңдаған әншісымақтарды көрсете береді да, осындай ауылдың қарапайым адамдарын, өмірін көрсетпейді, Анзорға үлкен рахмет, ауылдағы таупияз теріп айранға турап, тандыр нанмен ж еген кездер есіме түсті,. Дәмі әлі есімде.
Атам айтушы еді, арзан затты алатын кезде өзіңе бір сұрақ қой да соған жауап ізде деп, айдалада батпан құйрық, бұл неліктен жатқан құйрық? тыңдамадым, енді міне хана болатын болды.