Локдаун кезеңі бәріміздің есімізде. Сол уақытта қала аумағында блокбекеттер орнатылып, қалада жүруге шектеулер қойылды. Бұл кезеңде денсаулық саласында ауыр салмақ түсті. Медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен мемлекеттің жедел қабылданған шаралары арқасында қала қалыпты өміріне біртіндеп орала бастады
Олар мыңдаған адамның жанын арашалап, сансыз сағатын кезекшілікте өткізді, әр пациент үшін күресті. Әр пациенттің науқасы үшін жүректерін ауыртты. Медицина қызметкерлері қазіргі өздері үшін қиын кезеңде үнемі жанымызда болып, қамқорлық көрсетеді
Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлай түсті. Ақ халатты абзал жандарымыз, тіпті 24 сағат жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұның бәрі, әрине халықтың денсаулығын ойлағандықтан.
Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», – деп жазды
«Әркімге туған жері – мысыр шәрі!»– дейді дана халқымыз. Өз басым Елордамыз – Астана қаласында тумасам да, әлемдегі сұлу, келбетті шаһарлардың біріне саналатын басқаламызды, жас қаламызды туған жерімнен кем көрмеймін